Тіркелу Сайтқа кіру

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру – заман талабы.

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру – заман талабы.

Жаңаөзен қаласы

Жаңаөзен қызмет көрсету және қызмет көрсету жаңа технологиялар колледжінің

                         тарих пәнінің оқытушысы - В.Ж.Жолмухамбетова

             Соңғы жылдары  елімізде  экономиканың  өсіп  өркендеуіне  орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың,  тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде   тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

          ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өңірінің барлық саласы компьютерлендіріле бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.

                Мұғалім(оқытушы) компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен (студентпен) тығыз байланыста болғандықтан, оқытуға тиянақты түрде көңіл бөлініп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Мұндағы басты жаңалық компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана емес оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді шеше алады:

        –    оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру;

        –    сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін таңдау;

            –      сабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау.

Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

      Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады.Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды.

Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.

Интерактивті әдістерге мыналар жатады:

1.      проблемалық шығарма әдістері

2.      презентациялар

3.      пікірталастар

  1.       топпен жұмыс

5.      миға шабуыл әдісі

6.      сын тұрғысынан ойлау әдісі

7.      викториналар

  1.       мини зерттеулер

9.      іскерлік ойындар

  1.     рөлдік ойындар

11.   инсерт әдісі т.,

     Ендеше, оқу-тәрбие үрдісінде интерактивті технологияны тиімді қолдану жолдарын айта кетсек: соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың,  тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

   «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдама өту қажеттілігін туындатуда.
Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.

Ол өзгерістер төмендегідей сипатталады.

  • білім, білік, дағдыдан – ойлаудағы құндылықтарға, шығармашылыққа, тұлғаның құзырлылықтарын қалыптастыруға ауысу;

 • пәндік мақсаттардан кешенділік мақсаттарға ойысу;

• білім беру мен тәрбиелеуден – білімденуге, оны қолдана алуға көмектесу;
• әкімшілдіктен – ынтымақтастыққа көшу.

            Педагогикалық технологиялардың теориялық негізіне байланыты               В. П. Беспальконың ұстанымының орны бөлек. Ол технологияларда негізгі психологиялық тұжырымдамалар мен ақпараттық тәсіл, оқытудың негізгі элементтері (мақсаттары, мазмұны, әдістері) тиімді ұштастырылады деген ой айтады. Ғалым педагогикалық технологияны – оқыту үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы, практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе ретінде қарастырады. Ол педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір – бірімен өзара байланыстағы әдіс – тәсілдер жиынтығы деп қарастыра отырып, жалпы білім беретін оқу орындардың  оқу – тәрбие үрдісіне оқыту технологияларын енгізу:
    1. педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромптарды жояды;
   2. оқушының танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнының анықтайтын оқу – тәрбие үрдісін жобалауға негіз болады;
   3. оқу үрдісінің мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды жүзеге асырады;
   4. практикада оқу - тәрбие үрдісінің бірлігін қамтамасыз етеді.

Елбасымыздың Қазақстан  халқына жолдауына  ХХI      ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді. Мұндай мақсатқа жету үшін, алдымен, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен оқу құралдарын заман талабына сай жетілдіру қызметін жүзеге асыруды қажет етеді. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруді маңызды мәселелердің бірі.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық, инновациялық технологияларды меңгеру.
Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барысында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді. «Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» - деп  ұлы ойшыл А.Дистерверг айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты.

Оқудың дәстүрлі үрдісіне инновациялық технологияны ендіру, оқытушылар мен студенттерге дәстүрлі формаларды жаңа әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңаларды да, атап айтқанда: тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар және т.б. Мұғалімдердің біліктілігі олардың педагогикалық қарым-қатынаста жағдаят жасауда көрінеді, онда оқытушылар да , оқушыларда  таңдау және бақылау мүмкіншілігіне ие болады. Инновация дегеніміз тек қана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дәстүрлі оқу-тәрбие үрдісіне қолдана білу.
Заман ағымына сай күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауымен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.

       Мұғалімдердің өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға, флешкаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады. Әсіресе олардың тиімділігі:

  1.Қашықтықтан білім алу мүмкіндігі туындайды;

  2.Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі болады;

  3.Экономикалық тиімділігі зор;

  4.Білім сапасына тигізер әсері зор. Әсіресе тіл сабақтарын игеруде.

  5.Іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде тиімді;

  6.Мұғалімнің, оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытудың компьютерлік технологиясын енгізу оқу-тәрбие қызметін басқаруды интенсивтендіру мен оптималандырудың жаңа принципті мүмкіндіктерін ашады.

Мұғалімде, оқу орнымен  білім беру саласының алдында тұрған басты мақсаттарды ой елегінен өткізіп отыруға үнемі соған бағыттап жұмыстарын ұйымдастырып отыруы керек;

Мұғалімнің өзіндік озық іс- тәжірибесін үнемі жүйелеп және қорытындылап отыруды, сондай-ақ іс тәжірибені қажет ететіндерге түсінікті түрде жеткізе  білу технологиясын үйрету.

Мұғалімнің әрбір оқушының психологиясын терең білуіне және соған қарай әрекет жасауына қол жеткізу.

Мұғалімдердің негізгі мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылық ізденіске баулу.Ұлы  Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден  балаға» деген сөзі еске түседі.

Ұстаз тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, шығармашылығы мол, парасатты азамат болуы керек. Бүгінгі таңда жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздың шығармашылық ойлауын, инновациялық кәсіби білім мен шеберлігін жетілдіре түседі.

Білім туралы заңға сәйкес мұғалім оқушының мемлекеттік өлшем деңгейінен төмен түсірмей білім беруі тиіс. Ол үшін оқытудың белгілі технологиясын игеріп, оны жүзеге асыра білуі керек. Мәселен Ж. А. Қараев,  А.В Занков және басқа тәжірибесін игеру әрбір баланың қайталанбас тұлға екенін зерттейтін ғылым. Білім берудің әлемдік кеңістіктегі оқушының үлгерімін, ата-ана  мен педагогтар қадағалап, тест арқылы қабілеттерін өлшеп, баланың ерекшелігін ескеру арқылы жүзеге асады.

«Білім мен тәрбие- егіз» – дейміз. Олай болса, сауатты білім алу үшін бірінші бала тәрбиесін қалыптастыру керек.

Тәртіп болған жерде ғана оқушының алған білімі, тәрбиесі көрінеді. Оқушыларды еркін ұстап, өз ойын ашық айтқызып, ұялшақ болмай, ширақ болуға үйрете отырып, тәртіпті қалыптастыруға болады. Сабаққа дайын болмаған оқушыға қатты зекіп, сөгіс жариялап, ата-анасына жамандап, баланың беделін түсіріп алу деген өз жұмысыңды артқа тартуға әкеп соғады. Ш. А Амонашвилидің тәрбие туралы әдісінде балаға сенімді көзбен қарап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді көріп, соны үнемі арқау етіп,  сенен жақсы оқушы шығады, сен оны түсіндің, ертең жаттап келіп, жақсы баға аласың деген жылы сөздерді пайдаланып отырсақ, оқушы бойында жауапкершілік қасиет қалыптасып, өзінің оқығанына мұғалім, жан-жағындағы достарының қуанатынына оқушының көзі жетіп, өмірге деген қызығушылығы арта түседі.

Қорыта айтқанда, инновациялық технологияларды сабақта қолдану-бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден-бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым-қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады, сондай-ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  •          Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы, 2010ж., 7 желтоқсан, №1118 Жарлық

  •          Қазақ  Республикасының   «Білім  туралы»  заңы.  //Егемен Қазақстан, 2007 ж. 15 тамыз
  •          Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
  •          Амонашвили Ш.А. Основы гуманной педагогики. Кн.1, 2. – М.: Амрита-Русь, 2012 
  •          Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері./23-лекция/ - Алматы.1991.

 

 



dle
Ұқсас мақалалар:
АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ  ИНФОРМАТИКА  САБАҒЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ӨЗІНДІК  ТАНЫМДЫҚ  ІС - ӘРЕКЕТІН   ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА  ТИГІЗЕТІН  ӘСЕРІ

АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ТАНЫМДЫҚ ІС - ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ

АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ  ИНФОРМАТИКА  САБАҒЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ӨЗІНДІК  ТАНЫМДЫҚ  ІС -...
«ОҚЫТУДЫҢ  ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ»  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ  ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ

«ОҚЫТУДЫҢ ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы №98 орта білім беретін мектебі физика пәні мұғалімі Рашова Роза Темирбековна  ...
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы»

«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы»

Тақырыбы:  «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» Өткізген: Абишбаева Айтолкын Сынып сағаты 1 «Ж» сынып...
Жаңашылдыққа қарышты қадам

Жаңашылдыққа қарышты қадам

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы "№19 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі Информатика пәні мұғалімі Турниязова Базаргуль...
Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Күршім ауылы №3 Күршім гимназиясы ...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру