Тіркелу Сайтқа кіру

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7-сынып. Күнделік сабақ жоспарлары

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1. Түрік қағанаты

 

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет- түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып, мәдениетінің негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын көрсету;
  • Оқушыларды түрік тердің тәуелсіздік жолындағы күресімен таныстыра отырып,өздегінен талдап, қорытынды жасауға дағдыландыру;
  • Түркілер дәуірі кезеңінен тарихи мәлімет бере отырып,оқушылардың отан сүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

 

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

ІІ. Өткенді қайталау /Үй тапсырмасын сұрау/

  • Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінді?
  • Ерте орта ғасырлық мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады?
  • Түріктер туралы мәлімет беретін қандай ескерткіштерді білесің?
  • Ұлы Жібек жолының ерте ортағасырлық мемлекеттер тарихындағы рөлі қандай?
  • Неліктен ерте ортағасырлық мемлекеттер ұзақ өмір сүре алмады?
  • Бүгінгі күнге дейін өмір сүрген қандай түрік тілдес халықтарды білесің?

 

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Түркі қағанатының құрылуы жіне жер аумағы.
  2. Халқының этникалывқ құрамы.
  3. Шаруашылығы мен мәдениеті.

4.Түрік қағанатының ыдырау себептері.

 

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  1. Түріктер туралы алғашқы мәлімет қай мемлекеттердің құжаттарында кездеседі?
  2. Түрік халықтарының азаттық күресіне не себептер болды?
  3. Түрік қағанаты қашан құрылды?
  4. Түрік қағанаты құрылғаннан кейін Бумен қаған ұрапқтарының басты мақсаты не болды?
  5. Түрік халықы мен қазақ халқының шаруашылық және мәдени өмірінде қандай ұқсастықтар бар?
  6. Түрік халқының этникалық құрамын кімдер құрады?
  7. Түрік қағанатының ыдырауы басты сеюептері неде?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:

1-параграфты оқу, №1 кестені толтыру,картамен жұмыс жасау.

 

Осы сабақтан бастап оқушыларға материалды терең меңгерту мақсатымен оқушылардың ерте ортағасырлық мемлекеттердің негзгі оқиғаларды есте сақтауына көместесетін «қазақ жеріндегі ерте ортағасырлық мемлекеттер» атты №1 кестені толтыруды ұсынамын

 

Мемлекет атауы Өмір сүрген уақыты Орналасқан аумағы Әлеуметтік этникалық құрылым Қоғамдық басқару жүйесі Саяси жағдайы Шаруашылығы
           

 

 

 

 

 

                                      

 

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §2. Батыс Түрік қағанаты /603-704ж./

Сабақтың мақсаты:

  • Батыс Tүpiк қағанатының жер аумағын, қоғамдық саяси тарихын түсiндiре отырып шаруашылық түрлерi мен сауданың дамуындағы Жiбек жолының  рөлiн көр­сету;
  • Оқушыларға Қазақетан жерiнде өмip сүрген ортаға­сырлық. мемлекет туралы, оның саяси-экономикалық құры­лымы туралы тарихи бiлiм беру;
  • Батыс Tүpiк қағанатының саяси жағдайы мен қорам­дық құрылысындағы ерекшелiктер туралы айта отырып, оқушыларды талдау жасауға, өз көзқарастарын бiлдiруге дағдыландыру;
  • Оқушыларды отаншылдык., адамгершiлiк қасиеттер­ге тәрбиелеу, қазақ даласын мекендеген халықтардың та­рихымен таныстыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта , сызба

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Түріктер туралы алғашқы мәлімет қай мемлекеттердің құжаттарында кездеседі?
  • Түрік халықтарының азаттық күресіне не себептер болды?
  • Түрік қағанаты қашан құрылды?
  • Түрік қағанаты құрылғаннан кейін Бумен қаған ұрапқтарының басты мақсаты не болды?
  • Түрік халықы мен қазақ халқының шаруашылық және мәдени өмірінде қандай ұқсастықтар бар?
  • Түрік халқының этникалық құрамын кімдер құрады?
  • Түрік қағанатының ыдырауы басты сеюептері неде?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Батыс Tүpiк қағанаты. Жер аумағы мен халқының этникалық құрамы.
  2. Қaғaнaттың мемлекеттiк құрылымы.
  3. Батыс Tүpiк қағанатының саяси жағдайы және қағанаттың әлсiреуi.
  4. Батыс Tүpiк қағанатының шаруашылығы.

 

  • Сондай бір таласта 634 жылы нушиби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс билікті өз қолына алдады. Ол елді басқаруды қайта құрып, «он тайпа»-«он-оқ бұдун» жүйесін енгізеді. Қағанның он-оқ, он түменнен (әр түменде 10 мың қол) тұратын әскери жасағы болды. «Бұдун» сөзі ел, халық деген ұғымды білдіреді.
  • Қағанаттық әлеуметтік құрылымы
  • Қаған
  • Қаған сайлаған ұлықтар
  • Ябғу, шад, елтебер, бұрық, тархан
  • Бектер
  • Қара бұдындар

ІҮ. Сабақтың бекіту:

1.Батыс түрік қағанатының құрылуының алғышарттары қандай болды?

  1. Батыс жәие Шығыс Tүpiк қағанаттары қай жерде орналасты?
  2. Батыс түрік қағанаты халқының негізін кімдер қалады?
  3. Бүгінгі күнге дейін өз атауларын сақтап қалған қандай тайпаларды білесің?
  4. Қағанаттың мемлекеттiк құрылымыньщ ерекшілігі қандай?
  5. Батыс Tүpiк қағанатының саяси өрлеуiне не себеп болды?
  6. Он-оқ бұдун» жүйесi дегенiмiз не?

 

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:

  2- параграфты оқу, карта мен жұмыс, №1 кестені  толтыру.

Қосымша тарихи деректердi пайдаланып, қағанаттың шаруашылығы мен сауданың дамуына қатысты шағын әңгiме жазып келу (Н.Мыңжан. «Қазақтың қысқаша тари­хы», 113-б.).

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §3. Түркеш қағанаты

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды VIII ғасырда қазақ жерiн мекендеген Түргеш қағанатының тарихымен, қағанаттағы экономика­лық және мәдени дамудың бағытымен таныстыра отырып, соғдылар туралы тyciнiк беру;
  • Түргеш қағаны Сұлудың жүргiзген саясатымен таныса отырып, iшкi және сыртқы саяси бағыттарына талдау жа­сап, өз ойларын жүйелi жеткiзе бiлуге дағдыландыру;
  • Түргештерден қалған мәдени мұралар тарихънaн мәлiмет бере отырып, тарихи ескерткiштердi қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта, сурет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Батыс түрік қағанатының құрылуының алғышарттары қандай болды?
  • Батыс жәие Шығыс Tүpiк қағанаттары қай жерде орналасты?
  • Батыс түрік қағанаты халқының негізін кімдер қалады?
  • Бүгінгі күнге дейін өз атауларын сақтап қалған қандай тайпаларды білесің?
  • Қағанаттың мемлекеттiк құрылымыньщ ерекшілігі қандай?
  • Батыс Tүpiк қағанатының саяси өрлеуiне не себеп болды?
  • Он-оқ бұдун» жүйесi дегенiмiз не?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Түргеш қағанатының жер аумағы мен халқы.
  2. Қаранаттың iшкi және сыртқы саясаты. Сұлу қаған.
  3. Шаруашылығы.
  4. Жетiсудағы соғдылар.

Е с к е р т у: Оқушы сабақ барысында жауап бepiп үлгермесе.үйге таncырылады.

Қағанат тұсындағы тeңгeнiң пайда болуы, оның адам өмipiндeгi рөлi мен маңызын ашуда интерактивтi әдiсті  пай­далана отырып оқушыларға тапсырма беремін.

Білемін Білгім келеді Үйрендім
Ақша – адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін, бір нәрсе сатып алу үшін қажет. Ақша қалай пайда болды?Ақшаның түрі және көлемі қандай болған? «Түргеш қағанының теңгесі», «түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазуымен жазылған теңгелер тарихы туралы.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • Түргеш қaғaнaтының негiзiн қалаған кім?
  • Түргеш қaғraнaты қазiргi қазақстандағы қай облыс аума­ғында орналасты?
  • Түргеш қaғaнaтының әлеуметтiк құрылымы қандай болды?
  • Сұлу қaғaнның саяси жеңістерiнiң  себебi неде?
  • Қaғaнaттың iшкi жағдайларының шиеленiеуiне не әсер eттi?
  • Түргеш қағандығындағы билiк кiмдердiң  қолына көштi?
  • Түргеш қағандығында шаруашылықтың қандай турлерi болды?
  • Түргеш теңгелерi туралы не бiлесiң?
  • Жетiсуға қоныстаған соғдылардың ел өмipiнe ықпалы неден көрiндi?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§3 Үйге тапсырма: 3-параграфты оқу № 1  Kecтeнi толты­ру, картамен жұмыс.

Теңгелер тарихына қатысты реферат жазып келу.

 

 

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §4. Қарлұқ қағанаты

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды қазақ жерiнде өмip сүрген қарлұқ қaғaнaтыI тарихымен және халқының әлеуметтiк-экономи­калық мәдени дамуымен таныстыру;
  • Оқушылардың оқулықпен өздiгiнен жұмыс iстey қабiлетiн жетiлдiре отырып, Tүркі дүниесiнiң даму ерек­шелiктерi, маңызын ашып көрсете алуға, талдап қорытынды жасай бiлуге дағдыландыру;
  • Қарлұқ\ қaғанатының Tүpiк өркениетiне қосқан үлесiн көрсете отырып, мәдени құндылықтарды құрметтеуге тәр­биелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта, сызба

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Түргіштер туралы мәліметтерді қандай тарихи деректерден аламыз?
  • Түргеш қағанаты Қазақстанның қай аймағында орналасқан?
  • Түргеш қағанаты қай қағанның кезінде күшейе бастады?
  • Түргеш қағанаты әлсіреуінің себебі неде?
  • Қағанаттың шаруашылығының мәдениетке қатысын қалай түсінесің?
  • Соғдылардың Жетісуға келуіне не себеп болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қарлұқтар туралы тарихи жазба деректер.

2.Қарлұқ қағанатының құрылуы.Этникалық құрамы және жер аумағы.

3.Қағанаттың саяси жағдайы.

4.Шаруашылығы.

5.Мәдениеті.

Жазба деректер материалдары бойынша қарлұқтардың түбі бір түркі екендігіне оқушылардың назарын аудара отырып.VIII-X ғасырларда қазақ жерінде өмір сүрген қарлұқ қағанатының құрылуы, халқының этникалық құрамыкөрші елдермен саяси күрес нәтижелері мен ыдырауының себептеріне жүйелі шолу жасаймын.

 

Қарлұқтардың ұйғыр қағанатымен күресі Қарлұқтардың саманилермен күресі Қарлұқтардың арабтармен күресі
   

 

 

 

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • Сабақты бекіту кезінде біз бүгіңнгі сабағымызда қарлұқтар туралы не білдік, қандай енгізгі мәселелерді қарастырдық, қарлұқтар тарихын бізге жеткізудегі археологиялық жазба деректердің маңызы қандай болды, қарлұқтардың қазақтардың этникалық құрылымындағы үлесі қандай деген сұрақтар негізінде қорытынды жасаймын

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§4

 

dle
Ұқсас мақалалар:
Қазақстан тарихы 7 сынып. ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары

Қазақстан тарихы 7 сынып. ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары

Қысқа мерзімді жоспар№1 Пәні: Қазақстан тарихы Сынып: 7 Мерзімі: Тақырыбы: Кіріспе. Түрік қағанаты Мақсаты: Қазақ жеріндегі алғашқы ерте...
Түрік қағанаты (552-603жж)

Түрік қағанаты (552-603жж)

Н. МАТАЕВА Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық...
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер

Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер

Ұйымдастыру бөлімі. Топтастыру."Кім жылдам, кім алғыр" ойыны, "Мен саған , сен маған " ойыны.Сәйкестендіру. Кесте толтыру.Жұмбақ жылдар. Венн...
Батыс түрік қағанаты  (603-704жж)

Батыс түрік қағанаты (603-704жж)

Н. МАТАЕВА Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық...
Түрік қағанаты (552-603жж)

Түрік қағанаты (552-603жж)

Н. МАТАЕВА Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру