Тіркелу Сайтқа кіру

Қазақстан тарихы 11-сынып. Күнделік сабақ жоспарлары

11-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы

азаттық күресі

Сабақтың мақсаты:

  • Жоңғар мемлекетінің құрылуынан бастап олардың жүргізген басқыншылық саясаты, қазақ жеріне басып кірудегі мақсаты, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама», «Ақырақай шайқасының» тарихын толығымен баяндау.
  • Алған білімдерін тереңдетіп, белсенділігін арттыру.
  • Отансүйгіш, елін, жерін сүйетін білімді азамат тәрбиелеу.»

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • «Жоңғар», «Қалмақ» сөздері айтылғанда ойымызға не оралады?
  • Олар туралы не білеміз?
  • «Елім-ай» әнінің тарихын білеміз бе?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жоңғарлардың шапқыншылыққа дайындығы
  2. Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты
  3. Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы.
  4. Қарақұмдағы құрылтай
  5. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама».
  6. Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысы, оған бүкіл халықтың бірігуі
  7. 1727 жылғы Бұланты бойындағы шайқас
  8. Аңырақай шайқасы

Сабақты бекіту:

  1. 7-8 және 10 сыныптарда жоңғар шапқыншылығы туралы оқығандарыңды естеріңе түсіріңдер.
  2. Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне не себеп болды?
  3. Орбұлақ шайқасындағы қазақтар жеңісінің маңызы туралы әңгімеле
  4. Қарақұмда өткен құрылтайда қандай мәселе шешілді?
  5. Ордабасындағы жиынның тарихи маңызы неде?
  6. Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудағы Абылайдың рөлі қандай?

Бағалау: Өзін-өзі

Үйге тапсырма: §1

 

 

 

11-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §2. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестің көшбастаушылары

Сабақтың мақсаты: Жоңғар шапқыншылыққа қарсы күрестің көшбастаушылары: хандар, билер, батырлар, олардың өмірі мен  ерлігі туралы айта отырып, патриотизмге, шыдамдылыққа аралас тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне не себеп болды?
  • Орбұлақ шайқасындағы қазақтар жеңісінің маңызы туралы әңгімеле
  • Ордабасындағы жиынның тарихи маңызы неде?
  • Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудағы Абылайдың рөлі қандай?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Хандар
  • Тәуке хан (1680-1715/18 жж.).
  • Әбілқайыр хан (1693-1748 жж.)
  • Абылай хан (1711-1781 жж.)
    1. Батырлар
  • Қанжығалы Бөгембай Ақшаұлы (1680-1778 жж.)
  • Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы (1691-1769 жж.)
  • Наурызбай Құтпанбетұлы (1706-1781 жж.)
  1. Билер
  • Төле би Әлібекұлы (1663-1756 жж.)
  • Қазыбек би Келдібекұлы (1665-1765 жж.)
  • Әйтеке би Бәйбекұлы (1682-1766 жж.)

Сабақты бекіту:

  1. Тәукенің хан ретінде қандай ерекше қызметін, ал адам ретінде қандай жақсы қасиеттерін танып білдіңдер?
  2. Әбілхайыр хан қазақ тарихында қандай қызметімен белгілі? Оның Кіші жүзді Ресей империясына өз еркімен қос жөніндегі әрекетін ексе түсіріп, баға беріңдер.
  3. Абылай ханның жастық шағындағы және азамат болғаннан кейінгі жеке басының қандай қасиеттері ұнады?
  4. Абылай батыр, қолбасшы, мемлекет, қоғам қайраткері, мәмілегер екенін нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
  5. Тарихта Қабанбай мен Бөгенбайдың батырлығы ерекше аталады, осыны дәлелдейтін нақты мысалдар келтіріңдер.
  6. Билер қазақ қоғамында қандай қызмет атқарған? Олардың шешендігіне, мәмілегерлігіне мысалдар келтіріңдер.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §2.

11-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §3. Қазақтардың Ресей империясының үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық

қозғалысы (ХҮІІІ-ХХ ғғ.)

Сабақтың мақсаты:

  • Ұлт-азаттық қозғалыстың ерекшеліктері мен кезеңдеріне тоқтала отырып, отансүйгіш, білгір азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: Баяндау, Венн диаграммасы

Көрнекілік: суреттер

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Әбілхайыр хан қазақ тарихында қандай қызметімен белгілі? Оның Кіші жүзді Ресей империясына өз еркімен қос жөніндегі әрекетін ексе түсіріп, баға беріңдер.
  2. Абылай ханның жастық шағындағы және азамат болғаннан кейінгі жеке басының қандай қасиеттері ұнады?
  3. Абылай батыр, қолбасшы, мемлекет, қоғам қайраткері, мәмілегер екенін нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
  4. Билер қазақ қоғамында қандай қызмет атқарған? Олардың шешендігіне, мәмілегерлігіне мысалдар келтіріңдер.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі ерекшеліктері
  2. Ұлт азаттық қозғалыстың кезеңдері
    1. кезең. Ешім, Абылай, Дәулеткерей.
    2. кезең. Қазақ елінің оңтүстігі-Жетісу, сыр бойы жоңғарларға, Қоқан, Хиуа хандықтарына тәуелді болды.
    3. кезең. Әбілхайыр ханның Кіші жүздің бір бөлігімен Ресей қоластына өтуінен басталады.
    4. кезең. Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы.
    5. кезең. Кенесары хан
    6. кезең. 1916-17 көтерілістер
    7. кезең. Ақпан төңкерісі, ұжымдастыру саясаты

Сабақты бекіту:

  • ХҮІІІ-ХХ ғасырларда Қазақстанда отаршылдыққа қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстарды атап, қамтыған аймағын картадан көрсетіңдер
  • ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстарды бір-бірімен салыстыпы, олардың ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын көрсетіңдер.
  • Академик М.Қозыбев ұлт-азаттық қозғалыстарды қандай кезеңдерге бөледі? Ол кезеңдердің бір-бірінен өзгешеліктері бар ма, болса атап көрсетіңдер.
  • Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістердің патша өкіметі тұсында да, Кеңес өкіметі кезінде де бола беруі неліктен?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §3. Осы тақырыпта «эссе» жазу

 

dle
Ұқсас мақалалар:
Қазақстан тарихы 8 сынып ОМЖ орта мерзім жоспары Оқулық авторы: Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. Барлық сағат саны: 68 сағат аптасына 2 сағат

Қазақстан тарихы 8 сынып ОМЖ орта мерзім жоспары Оқулық авторы: Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. Барлық сағат саны: 68 сағат аптасына 2 сағат

№ Мерзімі Тақырыбы, мақсаты Жаңа технологиялар Қолданылатын әдіс-тәсілдер Оқу, үйренудің нәтижесі Бағалау Негізгі дерек көздер, пайдаланған...
Қазақстан тарихы 11-сынып ҚМЖ қысқа мерзімдік жоспары

Қазақстан тарихы 11-сынып ҚМЖ қысқа мерзімдік жоспары

Қазақстан тарихы 11-сынып   ...
Қазақстан тарихы 9 сынып күнделікті сабақ жоспарлары

Қазақстан тарихы 9 сынып күнделікті сабақ жоспарлары

9-сынып.  Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §1-2 Сабақтың мақсаты: Оқушылардың 1916  жылғы  ұлт – азаттық ...
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс

1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс

Сабақтың тақырыбы:1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс   Сабақтың мақсаттары: А)білімдік: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің...
Абылай хан

Абылай хан

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Абылай хан тұсындағы қазақ мемлекетінің жағдайын оның ірі мемлекеттік...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру