Тіркелу Сайтқа кіру

«Алаштану негіздері» күнделік жоспары

Мерізімі:

 Тақырып 1 Кіріспе.

Алғы сөз

Құрметті оқушылар!

Ұсынылып отырған «Алаштану негіздері»  таңдау курсы бағдарламасы негізінде жасалған оқу құралы Алаш қозғалысы туралы білімдеріңді толықтырып,азаматтық ұстанымдарыңды айқындауға көмектеседі.Бұл оқулық ұлт тұлғаларының өмір сүрген ортасын тереңірек түсінуге,олардың тарихи тағылымын есте сақтауға мумкіндік береді.

«Бұл қазақ жоқшы,  жоғын іздеген қуғыншы »,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай,қазақтың ұлттық тарихында «ақтаңдақтар» мен парақталмаған қатпар-қатпар беттері қаншама?    [ 1 ]

Кеңестік кезеңде Алашорда тарихы сталиндік репрессия зардабынан ұзақ, 60жылдай уақыт «жабық тақырып» болып, шындық айтылмады. Осының салдарынан1930-1980 жылдардың соңына дейін Алаш қозғалысын жаппай қаралайтын,оның жетекшілерін «буржуазияшыл ұлтшылдар» , «халық жаулары»деп жамандайтын пікірлер жазылып,шындыққа сай келмейтін жалған сөздер айтылып келді.Алаш қозғалысы туралы шындықты айтқан М.Шоқай,Х.Оралтай еңбектері шетелдік басылымдарда жарық көргенмен,Қазақстанға жетпей жатты.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінің біразы «Алаш» партиясы мен Алашордаға тікелей байланысты. «Алаш»партиясы мен Алашорда тарихын арнаулы әдебиетте Алаш немесе Алашорда қозғалысы тарихы деп атайды. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізді алғалы тарихи «ақтаңдақтар» бойынша іздену, еңбек ету үшін мүмкіндіктер туды.

1988 жылы 30-40 жылдары жазықсыз сотталған халқымыздың даңқты өкілдерінің есімі халқына қайтарылды. Әсіресе Ш. Құдайбердіұлының,

А. Байтұрсыновтың,М. Жұмабаевтың,Ж. Аймауытовтың,М. Дулатовтың шығармашылық мұраларының ақталуы жұртшылық арасында зор қолдауға ие болды.

Алаш қозғалысы туралы тақырыпқа алғаш қалам тартқандар: А.Байтұрсыновтың  «Революция және  қазақтар» мақаласында ол «1917 жылы  қазақтар қауымы большевизмді қабылдаған жоқ» [2] деген тұжырым жасаған.С. Сейфуллиннің «Қазақ интеллигенциясы» мақаласында ол Алашорда  үкіметінің және Алаш партиясының нақтылы іс-әрекетіне коммунистік идеология мен таптық тұрғыдан баға берген «Алаш қозғалысына қатысушылар оңшылдана және реакциялана берді» [3] деп тұжырымдайды.Республикалық мемлекеттік баспасының директоры А.Бочагов(«Алаш-Орда.Қызыл-Орда,1927ж) кітапшасында Алашорданы жамандаудан аспады. «Алашты» ұсақ ұлттық-буржуазиялық партия деді.Арнайы тапсырмамен 1929 жылы екінші баспаға дайындаған ВКП(б) қазақ өлкелік комитетінің насихат бөлімінің меңгерушісі Н. Мартыненко да Алаш қозғалысына теріс баға берген.Бұл Кеңестік кезеңде тарихты белгілі бірмақсатқа,қоғамдық-саяси партияның мүддесіне сай бейімдей баяндау тән еді.1989 жылы шілдеде Қазақстан КП ОК жанындағы партия тарихы институты «Алашорда»: пайда болуының,қызметі мен күйреуінің тарихы» деген тақырыпта пікір алысу ұйымдастырды.М.Қозыбаев жарты ғасырдан астам уақыт бойы «Алашты» ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екенін баса көрсетті.

Соңғы жылдары Алаштың ұлт зиялыларына жаңа көзқарас қалыптастыруда батылда дәлелді пікірлер айтушылар М.Қойгелдиев пен Т.Омарбеков. Олардың пікірінше «Алаш қозғалысының көшбастаушылары негізгі екі мақсатты- қазақ елін отарлық езгіден азат ету мен қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына шығу міндеттерін көздеді.Сондықтан алаштық интеллигенцияны   ұлттық -демократиялық интеллигенция деп, ал «Алаш» партиясын ұлттық- демократиялық партия деп анықтау шындыққа сай келеді» [4]

2008 жылы «Алаш қозғалысының 90 жылдығы» және Ш. Құдайбердіұлы-ның-150 жылдығы республикалық деңгейде атап өтілді.

Орта мектептің Қазақстан тарихы пән оқулықтарында Алаш қозғалысы туралы мәліметтер тапшы.Сондықтан қосымша қолданбалы курстар бағдарламалары негізінде оқыту тиімді.

ХХ ғасыр бірінші жартысындағы күрделі тарихи кезеңді оқытқанда сол кезеңнің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің саяси қызметі мен шығармашылық мұрасына сүйену – оқыту тәсілдерінің бірі.

Алаш мұрасын танытатын жинақталған ғылыми әдебиеттердің молдығына қарамастан оны оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесі жасалынбады. Алаш тарихына қатысты тарихи білім мазмұны жалпы тақырыптарда қосалқы дерек ретінде оқытылып келеді.

Қазіргі кезде Алаш қозғалысы арнайы курс ретінде жеке пән етіп оқытылмағанмен оған қатысты білім мазмұнын таратудың тәсілдері жеткілікті. Оқу бағдарламаларында арнайы тақырыпқа уақыт бөлінбегендіктен «Қазіргі заман Қазақстан тарихы» курсының жеке тақырыптарына қосып қарастыруға болады.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің өнегелі өмірі мен қызметін,мәдени мол мұрасын пайдаланып,оқушыларды отансүйгіштікке,елжандылыққа тәрбиелеуде ұстаздар еңбегі зор үлес қосады,шәкірттердің бойына көрнекті тұлғалардың ізгі қасиеттерін бойына сіңіреді.                                                                                                  Бағдарлама жасағанда  «ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді  дамыту тұжырымдамасы», ҚР-ның мемлекеттік білім стандарты мен «ҚР-ның азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» құжаттары және «Білім туралы » Заңы талаптары есепке алынды.

Мен сенемін жастарға,

Алаш атын аспанға.

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін,-деп ақын Мағжан жырлағандай,еркін елдің білімді жастары   Алаш көшбасшыларының аманатын тарихи-ізденімпаздық салада жалғастырар деп сенеміз.

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру