Тіркелу Сайтқа кіру

Абылай хан

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан
Cабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Абылай хан тұсындағы қазақ мемлекетінің жағдайын оның ірі мемлекеттік билеуші ретінде қалыптасуына ықпал еткен факторларын анықтау
Дамытушылық: Абылай ханның үш жүздің біріктіру жолында атқарған қызметіне баға бере отырып, оқушылардың жүйелік ойлауын қамтамасыз ету
Тәрбиелік: Абылай ханның өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілігін көрсету, оқушыларды өмірде қажет бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Пәнаралық байланыс: география, бейнелеу, математика
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Жаңа сабақты бекіту
5. Бағалау
Үй тапсырмасын тексеру
(Тақтада күннің тек шеңберлі бейнесі ғана беріледі. Ал оның шуағын оқушылар өздері құрастыруы қажет. Әрбір шуақтың артында сұрақтар берілген. Сол сұрақтардағы тапсырмаларды орындай отырып, жарқыраған күн бейнесін шығаруы қажет)
1. 1680-1748 жылдары өмір сүрген Кіші жүздің ханы?
2. 1731 жылы 19 ақпанда Кіші жүзді Ресей империясының қол
астына алу туралы Жарлық граммотаға қол қойған Ресей патшасы?
3. Қазақтар не себепті Ресейдің қол астына кіруге мәжбүр болды?
4. Бұланты өзенінің бойындағы шайқас қай жылы болды?
5. Қазақ хандығы қашан құрылды?
6. Қазақ хандығының тұңғыш ханы?
7. Керейден кейін хан болып кім сайланды?
8. Қасым ханның заң жинағы қалай аталады?
9. Есім ханның заң жинағы қалай аталады?
10. Қазақ хандығының ең жоғарғы мемлекет билеушісі қалай аталды?
11. Ержүрек, қаһарман жауынгерге берілетін атақ?
12. Қазақ хандығының айналысқан негізгі шаруашлығы?
13. Үш кемеңгер биді ата?
14. «Жеті жарғы» заң жинағы кімдікі?
15. Тәуке ханды халық қалай атаған?
16. Тәуке ханның өмір сүрген жылдарын ата?
17. «Жеті жарғы» ережелері бойынша қандай жаза түрлері болды?

Жаңа сабақ «Абылай хан»

“Абылай қазақ елін бүкіл Еуразияға
қуатты мемлекет дәрежесіне көтерді”.

Академик М.Қозыбаев

Интерактивті тақта арқылы жаңа сабақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
(Слайдта көрсетілген материалдарды ұғындыру)

Сабақ бекіту:

(Сабақты бекітуге берілетін І – тапсырма: тақтаға плакат ілінеді, ал оқушылардың алдарына бір – бір парақшадан беріледі, парақшаларда жаңа тақырыпты қалай қабылдағанын тексеру үшін сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі қажет. Ал сұрақ парақшасының артында Абылай ханның ата – бабаларының есімдері жазылған. Сол сұраққа жауап бере отырып, рет – ретімен Абылай ханның ата – тегі құралуы қажет.)

1. Абылай ханның шын есімі?
2. Абылай хан кімнің ұрпағы?
3. Абылайдың лақап аты?
4. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қай жылдары болды?
5. «Аңырақай шайқасы» болған жыл?
6. Абылай ханның ақылшысы кім болды?
7. Абылай қай жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болды?
8. Абылайды қай жылы ақ киізге көтеріп үш жүздің ханы етіп сайлады?
9. Абылайдың жорықтағы сенімді серіктерін ата?
10. Абылай ханның өмір сүрген жылдарын ата?
11. Үш жүздің басын біріктірген хан?
12. Абылай ханның атасын ата?
13. Абылай жоңғарлармен жекпе – жекте кімді өлтіреді?
14. Абылайдың атасы қай қаланы билеген?
15. Абылай неше жастан бастап қару асынып елін қорғауға аттанды?
16. Аягөз шайқасы болған жыл?
17. Абылай хан қайда жерленді?
18. Абылай хан билік құрған жылдарды ата?
(Сабақты бекітуге берілетін ІІ – тапсырма: тақтаға Абылай ханның суреті ілінеді, оқушылар топтастыру әдісінде тапсырманы орындайды)
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру. dle
Ұқсас мақалалар:
Тәуке хан тұсындағы Қазақ Хандығы

Тәуке хан тұсындағы Қазақ Хандығы

И.Тайманов атындағы орта мектеп Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Дайындаған:Турсинова Г.У Сыныбы:7а Атырау қаласы Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан...
қазақ хандығы

қазақ хандығы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау: Қазақ хандығының 16-17ғ дамуы «Қазақ хандығына саяхат»...
Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ  халқының ұлт-азаттық көтерілісінің шешуші кезеңі.

Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің шешуші кезеңі.

Пән:Қазақстан тарихы Сыныбы:8 Күні:13.12.2013жыл Сабақтың тақырыбы: Кенесары...
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Сабақтың мақсаты: - Оқушылар Тәуке ханның тұсындағы Қазақ хандығының ішкі – сыртқы саяси жағдайымен танысады;...
XYII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

XYII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

XYII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың тақырыбы: XYII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру