Тіркелу Сайтқа кіру

Энергия

                    Ең бірінші кедергі «Жұмбақтар әлемі»

Жұмбақ шешуін табу арқылы сөзжұмбақта жасырылған сөзді табу.

1.Топырақты асаймын,

Тау да, сайда жасаймын. (Экскаватор)

2. Қанаты жоқ, ұшады,

 Аяғы жоқ, жетеді.

 Аузы жоқ,ұлиды.  (Боран)

3. Аяқсыз жетіп барады,

 Қолсыз есік қағады. (Жел)

4. Тең, тең, тең киіз,

 Екі ортасы кең киіз. (Аспан, жер)

5.Әрі итерсең – аунайды,

Бері итерсең – аунайды.

Түрі-түсі түгелдей,

Табиғаттан аумайды. (Глобус)

6.Арқасында киіз бар,

Қарағайдай мүйізі бар. (Киік)

7. Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

 

Жасырылған сөзді бірге оқимыз.  (Энергия)

              Энергия (гр. energeіa – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әр түрлі формасының жалпы өлшеуіші.

«Энергия» терминін 1807 жылы ағылшын ғалымы Юнг енгізген, грек тілінен аударғанда «қозғалыс» дегенді білдіреді. Энергия – ішкі, жылу, ядролық, механикалық болып бөлінеді.

 

                          2017 жылы Астана қаласы ЭКСПО көрмесін өткізуге бел буды. Бұл – энергетика болашағы мен болашақ энергиясы мәселелерін талқыға салудың ерекше сәті. Бүкіл әлем үшін қазып алынатын отын түрлерінен жаңартылмалы энергия көздеріне өтетін уақыт келген сияқты. Сөз жоқ, ЭКСПО-2017 жаңа мүмкіндіктер туғызатын баламалы болашаққа ашылған жол.

 

 «Болашақтың энергиясы» жай қарапайым көрме болып қалмайтынына сендіруге рұқсат етіңіздер. Сіздердің алдарыңызға шығармашылық ой-өрістің, инновациялық шешімдердің және жоғары жауапкершіліктің тоғысар жері ұсынылып отыр» деп түйіндеді Қазақстан Президенті.

Қазақстан – 2050 стратегиясында:

Елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады.

 

 Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған  «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады.

Бізге елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек. ЭКСПО-2017 бұл процеске серпін беріп, бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға көмектесуі тиіс.

 

 Біз – жас ұлтпыз және бұл біздің қолымыздан келеді.

 

 Оған қоса, біз ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына әбден-ақ белсене қатыса аламыз. Бұл бізге ғалымдарымыздың күш-жігерін шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша ықпалдастыруға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу.

 

Біздің өмірімізді электр энергиясынсыз, соның ішінде жарық шамдарынсыз елестету мүмкін емес. Кезінде Ыбырай атамыз

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар деп... болашақта адамдардың жарық шамын табатынын, оның өміріміздің айрылмас бөлшегі болатынын айтып кеткен. Қазіргі кезде электр энергиясын өндіру әлемнің басты мәселесіне айналды. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір, мұнай жағылып жатса оның табиғатқа деген зияны бар. Пайдалы қазбалар азайып, ауа мен су ластанып, орман қоры аяусыз кесіліп жатқан заманда, келер ұрпаққа не қалдырамыз деген сұрақ толғантады.

Электр энергиясына деген сұраныстың күн санап өсіп келе жатқанын ескерсек, оны өндірудегі қиындықтар, АЭС, СЭС, ЖЭС - ң күн сайын ауаға шығарып жатқан улы қалдықтары, табиғатқа келтіріп жатқан есепсіз зияны, жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың сарқылуын еске алатын болсақ, бізге қарапайым қыздыру шамдарын энергия үнемдегіш шамдарға ауыстыру арқылы көптеген жетістікке жетуге болады. Біз табиғатты қорғауға аз да болса үлес қоса аламыз...

Электр энергиясын үнемдеудің тиімді тәсілдері:

1. Күнделікті үйде өз есептеу құралы арқылы кей электр құралдары көп

электр энергиясын жұмсайды, соны талдау жасап, ол тауардан бас тарту керек.

2. Егер үйде ескі электр желілері болса, тез арада ауыстыру керек, бұл

электр энергиясын үнемдеуге бірден-бір көмегін тигізеді.

3. Жарықтану деңгейін туралап отыратын құралдармен жабдықтау.

4. Ғимараттан шыққанда жарықты өшіру керек. Біз ойлаймыз 20-30 минут

қосулы болса еш нәрсе болмайды деп, оған жол бермеуіміз керек.

5. Құралдарды тоқ көзіне еш уақытта қалдыруға болмайды.

6. Жаңа техника алған кезде оның қуаты мен энергияны тиімді пайдалану

класына қарау керек, бұл отбасы бюджетіне әсері болуы әбден мүмкін.

 

Суды үнемдеу

Энергияны үнемдеу проблемасы – суды үнемдеумен тығыз байланысты, өйткені суды тұтынуды азайту түпкілікті өнім – таза суды алу және оны тұтынушыға жеткізуге қажетті энергия ресурстарын азайтуға әкеледі. 

Суды үнемдеуді тұрмыста қолданбас бұрын оны тиімді есептеуді жолға қою қажет. Бұған суды пәтерлік есептегіштің көрсеткіштері мен ай сайынғы төлем құжатының деректері көмектеседі. Бұл ақпаратты талдау суды және тиісінше ақша қаражатын үнемдеудің өз бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Суды үнемдеудің ең тиімді тәсілі крандардың ақаусыздығы болып табылады. Өйткені сіреңке талынан сәл қалың су ағыны арқылы тәулігіне 300 литрге дейін су ағуы мүмкін. Душ қабылдау арқылы сіз ванна қабылдаумен салыстырғанда суды тұтынуды екі есеге азайтасыз. Душ қабылдау кезінде судың тұрақты ағыны міндетті емес. Кір жуу машинасын  мүмкіндігінше оны толық жүктеп, суды берудің қажетті деңгейін белгілей отырып пайдаланыңыз.

Ыдыстарды жуу кезінде кранды үнемі ашық қалдырмаңыз. Толықтай ашық краннан сіз ойлағаннан көп су ағатынын есте ұстаңыз, яғни минутына – 15 литр.

Асүйдегі кранға «душ» үлгісіндегі арнайы қақпақ-бөлгіш сатып алып, орнатыңыз. Ыдысты жуу кезінде суды тиімді пайдалануды жоғарлату есебінен оның шығысы төмендейді (жуудың ыңғайлылығы үшін су ағыны аз болуы керек).

Қолмен жуу кезінде раковинаның  (не өзге ыдысты) бірін жуу құралымен араластырылған сумен  толтырыңыз. Одан соң келесі раковинада жуу құралы сіңген ыдысты жылы судың болмашы ағынымен шайыңыз. Бұл тәсіл ыдыс жууға кететін суды  тұтынуды 3-5 есеге төмендетеді. 

Ыдыс жуу машиналарын пайдалану – қымбат болғанымен үнемлдеудің тиімді тәсілі. Жуу циклі кезінде судың жұмсалуы ыдысты қолмен жуумен салыстырғанда бірнеше есеге төмен. Жуу циклі ішінде энергия тұтыну кранмен ыдысты жуу кезіндегі суды жылыту шығынан аз. 

Көкөністер мен жемістерді кран сөндірулі күйінде раковинаны сумен толтыру арқылы жуу керек. Бір адамға үнем: күніне 10 литр су.

Краннан ағатын ағын су астында өнімнің мұзын ерітпеңіз. Дұрысы өнімді мұздатқыштан тоңазытқышқа алдын ала қойған жөн. 

Әр күні суды үнемдеудің ең болмаса бір тәсілін пайдаланып көрсеңіз Сіз үнемді сезінетін болсасыз.

Көрініс Экономикалық есеп:

Бірде Қайраттың анасы үйге ренжіп келіп, «Біз электр энергиясын көп

жұмсаймыз. Сондықтан, шығынымыз өсіп жатыр. Не істейміз?»,- деді. Әкем:

«үнемдейміз. Бөлмеден шығарда жарықты сөндіріп жүруден бастаймыз. Ал саған

Қайрат арнайы өтініш: теледидарды қызықты және пайдалы бағдарламалар болған

кезде ғана көр. Оны көрші бөлмеде ұйықтап жатқанда қосып қоюдың қажеті

жоқ!»,- деді. Бір айдан соң, кезекті төлем жасалғанда, Қайраттың анасы электр

энергиясының көрсеткіші азайғанын хабарлады. Егер үнемдегенге дейін

көрсеткіш 3 мың теңгені құраса, жарыққа осы ақшаның

45 %-ы, теледидарға 30 %-ы кетсе, Қайраттың отбасы электр энергиясына

қанша төлегенін есепте. үнемдеудің арқасында отбасы жарыққа шығынын 20%-ға

азайтты, ал теледидарға бұрынғы шығынның жартысы кетті. Отбасы қанша ақша

үнемдеді?

                                 

Есіңізде болсын!

Түртіп алып отырыңыз
Кез келген затты сатып алғанда, жазып отыратын кітапша арнаңыз. Тіпті, жолыңызға кеткен 50 тиынды да түртіп алыңыз. Аптаның не айдың соңында кітапшаңызды ашып қараңыз. Бұл өз-өзіңізге есеп беруді үйретеді. Кейін босқа кеткен ақшаңызға ішіңіз күйіп, ақшаны үнемдеуге дағдылана бастайсыз.

2. Су мен қуат көзін үнемдеңіз
Жуынуға кем дегенде 3 минут кетеді. Осы уақыт ішінде крандағы қанша су бостан-босқа ағып кететініне назар салыңыз. Тіс шайғанда, кранды тыйып қойыңыз. Керек кезде ғана, кранды ағытып тұруға үйреніңіз. Краныңыз бұзыла бастаса, дереу жөндетуге асығыңыз. Себебі, кран бұзылғанда, көп су текке ағып кетеді.  Түнде жатарда бөлмелерді аралап, жарықтың сөнгенін қадағалаңыз. Жарықты жағып қойып, ұйықтап кететін кездер әлбетте, аз емес. Міне, дәл осы сәттер қалтаңызды жаймен жұқарта береді. Сондай-ақ, қуат көзін керек ететін заттарды пайдалағанда да, мұқият болыңыз. Мысалы, үтіктеп отырғанда, телефон шырылдаса, үтікті суырып барып, телефонға жүгіріңіз.

3. Тамақ сатып алғанда...
Зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі адамдардың басым көпшілігі тамақты тоңазытқышқа сақтап қойып, кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыра салады екен. Пайдасыз болып қалған соң, лақтырмағанда қайтсін?! Яғни, көп тамақ сатып алған соң, азық таусылғанша сақталып тұрған тамақтар жеуге жарамсыз болып қалады. Мысалы, қарапайым картопты көп етіп алсаңыз, мөшектің астында қалып қойған картоптар күн өткен сайын шіри береді. Кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыруға тура келеді. Сондықтан, тамақ сатып алғанда өте ұқыпты болыңыз.

4. Өз-өзіңізге шектеу қоя біліңіз
Қарныңыз аш болса, басқа әңгіме, ал қарныңыз тоқ болса, тәтті алмаға қызығып, оны сатып алмаңыз. Кез келген затты сатып алмас бұрын, бағаларын салыстырыңыз. Бұл сіздің сараңдығыңыз емес, сауаттылығыңыз.

              

 

Топпен жұмыс

«Мен қалай үнемдеймін?» эссе жазу

«Мен қалай үнемдеймін?» сурет салу

 

                

 

 

             

 

                               

                                         

 

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру