Тіркелу Сайтқа кіру

Инклюзивті оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары

  Бүгiнгi таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектеп жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабiлеттi, елдiң ертеңi болатын жас ұрпақты өсiрiп, дамытатын мектеп болуы тиiс.
Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен.

  Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы  әдеттегi балаларға қарағанда 20 - 30% төмен деңгейде. Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседi. Қазіргі таңда елімізде арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы мектептер мен жалпы мектептердің ішінен арнайы сыныптар ашылуда.

Түзете - дамыта оқыту сыныптарына әр түрлі биологиялық, әлеуметтік себептердің салдарынан (орталық жүйке жүйесінің қызметінің жетілмеуі, соматикалық әлсіздік,, педагогикалық қараусыз) оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар оқиды.

   Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзете - дамыту жұмыстарының принциптері:

 

  •         Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.
  •         Шаршап кетпеуін қадағалау.
  •         Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру
  •         Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
  •         Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару.
  •         Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру.
  •         Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
  •         Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту - тәрбиелеу үдерісіндегі міндеттер:

1. дамуы тежелген балалардың білім, білік, дағды қабілеттерін шешу және дамыту жолдары: дайындығын қамтамасыз ететін психофизиологиялық мүмкіндікті қажетті деңгейге дейін дамыту;

2. Балалардың ой - өрісін дамыту;

3. Оқу қажеттілігін қалыптастыру;

4. Баланың әлеуметтік - адамгершілік мінез - құлқын қалыптастыру;

5. Баланы жан - жақты бақылау;

6. Даму мүмкіндігіне байланысты интеллектуалдық біліктілік қалыптастыру

7. Баланың жалпы даму деңгейін көтеру және дамыту;

8. Жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру;

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру