Тіркелу Сайтқа кіру

Емтиханға дайындық кезіндегі қобалжудың алдын алу

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы
№78 орта білім беретін мектебі

педагог-психологы

Турмагамбетова Багдаулет Куанышбаевна   

 

Тренинг тақырыбы: Емтиханға дайындық кезіндегі қобалжудың алдын алу

Мақсаты: оқушыларды ҰБТ тапсырудағы жетістікке жетуге арналған жағдайлармен таныстыру, оқушылардың емтихан алдындағы қобалжудың алдын алуға арналған жаттығулар сериясын меңгеруі.

Жаттығу: «Менің атым және қасиетім»

Қатысушылар шеңбер болып отырады, бір-біріне допты немесе ойыншық бере отырып, өздерінің атын айтады және өздерінде бар қасиеттерді есімінде, тегінде және әкесінің атының бастапқы әріптерінен басталатын қасиеттерді айтады. Бұл жаттығуды «Қарлы жентек» әдісімен орындауға болады: әрбір келесі қатысушы бұған дейін айтылғандарды қайталайды және өзінің аты мен қасиетін қосады.

Жүргізуші жаттығуды қорытындылай отырып, қатысушының қасиеттерінің бір-біріне ұқсамайтындығын айтып, дегенмен барлығы бірге жұмыс істейтіндігін атап көрсетеді.

Сауалнама: ҰБТ тапсыруға баланың психологиялық дайындығы.

 

Мақсаты: ҰБТ-ге дайындалудағы оқушылардың психологиялық мәселелерін анықтау.

  1.      Сен тестпен қалай жұмыс істеу керектігін білесің бе?

А) иә          1

Ә) жоқ       0

2.  Қалай ойлайсың сенде жұмыс істеу дағдылары қалыптасқан ба?

А) иә          1

Ә) жоқ       0

     3. ҰБТ тапсыру жайлы ойлағанда сен қаншалықты дәрежеде қобалжисың?

         А) қобалжымаймын              2

         Ә) шамалы                                      1

         Б) өте қатты қобалжимын     0

    4. Сені бірінші кезекте не қобалжытады?

А) пәндер бойынша төмен білім    0

Ә) өз-өзіме сенімсіздік                   1

Б) таныс емес жағдай (ситуация)   2

В) басқа (көрсету)                         

5. ҰБТ тапсырудағы қиындықтарды айтып, сені қобалжытатын, алаңдататын кімдер?

А) мұғалімдер    0

Ә) ата-аналар     1

Б) өзім                 2

В) алаңдаймын   3

6. Сенің үйіңде сабақ оқуға ыңғайлы жер бар ма?

 А) иә                  1

Ә) жоқ                 0

7. Тапсырмаларды орындап жатқан кезіңде, үйдешілер сенің көңіліңді басқа жаққа аударады ма?

А) иә          1

Ә) жоқ       0

8. Ата-анам көбінесе:

А) мені мазақ қылады 0

Ә) мені қолдайды        2

Б) оларға бәрі-бір                 1

9. Бір іс-шараға дайындалып жатқанда, мен ойша:

А) жеңіске, табысқа жеткендей боламын.                  2

Ә) жағымсыз әсер етеді                                              0

Б) ештеңе туралы ойламауға тырысамын                 1

10. Сенде қол сағат бар ма?

А) иә          1

 Ә) жоқ                0

11.  Сен мамандық таңдадың ба?

А) иә          1

Ә) жоқ       0

12. Қандай оқу орнына түсетін болып шештің?

А) иә          1

Ә) жоқ       0

Қорытынды:

0-7 ұпай – төмен деңгей

8-13 ұпай – орташа деңгей

14-19 ұпай – жоғары деңгей.

Жаттығу: «Ашулы шарлар»

Шарты: барлық оқушыны ортаға шығарып, шарларды үрлеп, оларды байлауын сұраймын.

-         Шарлар адамның денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа – сезімін білдіреді. Енді осы шарларды аяқтарыңызбен жарыңыздар.  Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар?

-          Ашудың осылай шыққаны дұрыс жол ма?

-         Ондай ашудан кейін қандай сезімде болдыңыздар?

-         Бұлай қатты жарылған шар ол агрессияны білдіреді, ол – қатерлі жол.

Енді қатысушыларға жаңа шар беріп, үрлеуін өтінемін.

-         Қолдарыңыздағы шарды байламай, ұстап тұрыңыздар. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді шарды жайлап ашып, аузынан ауасын жіберіңіздер.

-         Шар кішірейді, бірақ жарылмады.  Бұл нені білдіреді?

-         Егер ашуды бақылап шығарса, ол ешкімге зақым келтірмейді.

-         Енді шардағы ауаны толығымен шығарыңыздар. Бұл нені білдіреді?

-         Яғни, ашудың қауіпсіз жолын табу – әр адамның өз қолында.

          Ойға анықтама беріңіз:

-         Ережесіз қимылдау – бұл дүниедегі ең қиын және шаршататын нәрсе (А.Мандзони).

-         Яғни, адам уақытын босқа өткізбей, білім-ғылымға ден қойып, алдамызға биік мақсат қойып, соған жету үшін күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Ал егер де ешқандай мақсат қоймай өмір сүрсек, онда өміріміз мәнсіз, әрі қызықсыз болады. Адам мақсатқа жету арқылы бақытқа кенеледі. Ал енді мен сіздерге аңыз әңгіме айтып беремін:

 Тесік шелек

       Бір байдың үйіне қызметшісі күнде екі шелекпен су таситын. Алайда, оның біреуінің түбі тесік болатын. Бүтін шелекпен суды қожайынның үйіне төкпей-шашпай жеткізсе, тесік шелекке құйылған су жол бойы тамып, жартысы ғана кәдеге жарайтын. Осылайша арада екі жыл сырғып өте шығыпты.
        Бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға қысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын»,– депті. Таңқалған су тасушы: «Неге?» деп сұрайды. Шелек: «Өйткені, түбім тесік болғандықтан, судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де тиесілі еңбекақыңызды толықтай ала алмай келесіз» дегенде қызметші: «Оған түк те қайғырма. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдеріне бір қарашы», – депті жай ғана.
        Шынында да қожайынның үйіне жеткенше жолдың өз жағы жапырағы жайқалған, иісі аңқыған гүлдермен көмкеріліпті. Әдеміліке тамсанған шелек бір сәт аңтарылып тұрып қалғанда, су тасушы:
– Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім. Күн сайын су алып қайтқанда сен оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері қожайынды осылайша қуантып келдім. Егер сен тесік болмағаныңда, гүлдер болар ма еді?!», – деген екен.
        Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің де өзіне тән кемшіліктері болары сөзсіз. Алайда, одан қуыстанып, қорқа беру де жөн емес. Дегенмен, кемшілігін түзеп, үлгі ала білсе, жақсылыққа қарай ұмтылса, сіздің де біреуге пайдаңыз тиері сөзсіз. 

-         Сурет салу: «Қазіргі мен» және «Болашақтағы мен»

Мақсаты: қазіргі бет бейнесі мен болашақтағы бейнесіне деген көзқарастарын қалыптастыру.

Жаттығу: «Аяқталмаған сөйлем»

Бүгін 7 маусым, мен таңертең сағат 5.30-да тұрамын... Ары қарай оқушылар бір-бір сөйлемнен айтып, жаттығудыжақсы жетістікпен аяқтайды(Кешкі сағат 17.00! Алақай, мен 125 ұпай алдым! Барлығы аяқтарын көтеріп, тізелерін бүгіп, бірдей секіреді ).

Тренинг соңында оқушыларға «Мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ тапсыру жөнінде бірқатар ақыл-кеңес» таратылып беріледі.

 

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру