Тіркелу Сайтқа кіру

«Таныс болайық»

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы
№78 орта білім беретін мектебі

педагог-психологы

Турмагамбетова Багдаулет Куанышбаевна   

 

Тренинг тақырыбы: «Таныс болайық»

Мақсаты: оқушылармен жалпы танысу, мақсаттарын, өмірге деген көзқарастарын тура жолға салу, дұрыс бағдар беру.

-         Енді, балалар, бір-бірімізбен жақынырақ танысып алайық. Танысуды мен бастайын.

-         Менің аты-жөнім – Турмагамбетова Багдаулет Куанышбаевна. Мен – мектеп психологымын, өз жанұямның қамқоршысымын. Қане, енді өздеріңізді таныстырыңыздар.

-         Өте жақсы, сіздер сияқты ақылды, әдемі, сыпайы оқушылармен танысып отырғаныма қуаныштымын. Сіздермен толықтай танысып алдық. Енді таныстығымызды әрі қарай жалғастыру үшін сіздермен «Менің өмірлік мақсатым және арманым» деген ойды жалғастыруымыз керек. Ойымызды мына кішкентай доп арқылы бір-бірімізге беру арқылы жалғастырамыз. Түсінікті болса, тренингті бастайық.

-         

Жақсы бір-біріміздің мақсат-міндеттерімізді білдік. Қазір мен сіздердің стреске бейімдігіңізді анықтау үшін сіздер «Стресс тестіне» жауап беріңіздер.

Ешқашан - 1балл     Кейде – 2 балл

Жиі – 3 балл    Әрқашан – 4 балл

  1.      Мені болар-болмас мәселелер кейде ашулындырады
  2.      Біреуді күтуіме тура келсе, менің жүйкем жұқарады
  3.      Ыңғайсыз жағдайға тап болсам, мен қызарамын.
  4.      Мен өкпелесем, онда біреуді ренжітуім мүмкін.
  5.      Сынды көтере алмаймын, көтеріліп кетемін
  6.      Егер мені көлікте итерсе, мен де дәл солай қайтарамын немесе дөрекі сөйлеймін.
  7.      Барлық бос уақытымда бір нәрсемен шұғылданамын.
  8.      Кездесуге әрқашанда алдын-ала келемін немесе кешігемін.
  9.      Тыңдай білмеймін, килігіп кетемін.
  10.                        Тәбетімнің жоқтығынан қиналамын.
  11.                        Еш себепсіз жиі қамығамын.
  12.                        Таңертең өзімді нашар сезінемін.
  13.                        Өзімді шаршаңқы сезінемін, нашар ұйықтаймын, ойымды басқаға аудара алмаймын.
  14.                        Ұзақ ұйқыдан кейін де өзімді қалыпты сезінбеймін.
  15.                        Меніңше жүрегімде бір кінәрат бар
  16.                        Менің арқам және мойыным ауырады.
  17.                        Үстел үстінде отырғанда үстелді саусақтарыммен ұрып, аяғымды қимылдатамын.
  18.                        Өзгелер мені мойындағанын және мақтағанын қалаймын.
  19.                        Мен көпшілігінен жақсымын деп ойлаймын.
  20.                        Мен диета сақтаймын.

Талдау:

-         Тест сұрағына жауап беру сізге қиын болды ма?

-         Жауап бергіңіз келмеген сұрақ болды ма?

«Сиқырлы орындық» тренингі

-         Ортаға бір оқушы шығып, мына орындыққа отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын, жақсы қасиеттерін айтады.

-         Бұл тренинг сізге ұнады ма?

-         Сізге мақтау айтқанда не сезіндіңіз?

«Алақан» тренингі

Мына қағаздарға алақаныңызды бастырыңыз. Ақ қағаздың жоғарғы жағына аты-жөніңізді жазыңыз. Енді осы қағазды бір-бірімізге береміз және осы аты жазылған бала туралы не ойлайтыныңызды, ол баланың атын естігенде ойыңызға бірінші не келеді? – сол туралы жазыңыз.

     Барлық бала пікірін жазып болған соң, әр бала өзіне жазылған мінездемені оқып береді. Мысалы: Айдана – өте ақылды, мейірімді, оның көзі ұнайды.

-         Сізге жазылған мінездемемен келісесіз бе?

-         Осы мінездемені оқығанда қандай күйде болдыңыз?

-         Бұл тренинг сіздерге ұнады ма?

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру