Тіркелу Сайтқа кіру

Періштелер даналығы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы
№78 орта білім беретін мектебі

педагог-психологы

Турмагамбетова Багдаулет Куанышбаевна   

 

  Тренинг тақырыбы:  «Періштелер даналығы» тақырыбындағыата-аналар мен балаларға арналған тренинг

 

  1. Топтың жұмыс ережелерін қабылдау

Топтың ережелері:

-     Тұрақтылық

Топтың барлық қатысушылары басынан бастап соңына дейін қатысады және кешікпейді.

Топтық жұмыстардың тәртібі.

-     Құпиялылық

Топта болып жатқан жағдайлар топтың шеңберінен тыс сыртқа шықпауы керек.

-     Белсенділік

-     Топтың барлық мүшелері болып жатқан жағдайларда белсенділік танытуға тырысады және барлық оқиғалар мен процедураларға қатысуға ұмтылады.

2. Сәлемдесу: «Бір  -  бірімізге».

Нұсқау: Дәрiсханада еркiн қозғалып жүреміз, мен «Бір - бірімізге» дегенде -  әр қайсыларыңыз өздеріңізге жұп табуыңыз керек. Жұп тапқаннан кейін сіздерге тапсырма беремін.    

Сонымен, бастаймыз: «Бір – бірімізге!» Енді бір–бірлеріңіздің қолдарыңызды ұстаңыздар, мұрынды  мұрынға, басты басқа, кұлақты құлаққа, аяқты аяққа тигізіңіздер.

Ойынды жұпты ауыстырумен жалғастырамыз.
Талдау:
Көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз.
Сіздің ойыңызша бұл ойын неге бағытталған

 

3. «Сүйікті түсіңіз қандай?» тесті

Басты суретке назар салып, өзіңізге ұнағанын, яғни көзіңізге бірінші түскенін таңдаңыз. Артынша төмендегі сипаттаманы оқыңыз.

Қара

Өзіңіз мойындамасаңыз да, қоршаған ортаның қамқорлығына зәрусіз. Жалғыздық сезімі бойыңызда тарала бастаған кезде ойыңызды басқа арнаға бұруға тырысасыз. Мүмкін жәй ғана ешкім мазаламайтын жерде болғанды ұнататын шығарсыз. Сіздің өзіндік пікіріңіз бар, әрі сол пікіріңіз өзгелерден ерекшеленеді. Бойыңызды ашу кернеген сәтте ұстамдылық танытасыз.

Сұр

Ақылды, асығыс шешім қабылдамайтын жансыз. «Ашу үстінде айтып қалдым» сынды сөздерді мүлдем ауызға алмайсыз. Өйткені табиғатыңызға жайдарылық тән. Ішіңіздегі жан-сырыңызды санаулы адамға ғана айтасыз. Ең жақсы деген қасиеттеріңізді жасырып ұстайсыз.

Қызыл

Өте экспресивті және сезімтал жансыз. Өзгелердің қалай қабылдайтынына қарамастан, сезіміңізге ерік беруге дайынсыз. Ашуланып, ұрсызсаңыз да арам ниетіңіз жоқ. Дәл қазір, осы мезетте өмір сүргіңіз келеді. Сіз қанша жерден шаршадым, жалықтым десеңіз де, қолыңыздан көп нәрсе келеді.

Қоңыр

Сіз нағыз реалистсіз. Оң мен солыңызды анық ажыратып, бос әурешілікке салынбайсыз. Шама-шарқыңызды да жақсы білесіз. Шешімді тек өзіңіз қабылдағанды ұнатасыз.

Сары

Адамдармен тығыз қарым-қатынаста болғанды ұнатасыз. Жүрген ортаңызда барлығымен тең дәрежеде араласып, көзайым болғанды жақсы көресіз. Оптимист болғандықтан, кез келген ситуацияны пайдаға асырасыз. Сізбен тіл табысып, емін-еркін сөйлесу өте оңай.

Көк

Эмоцияңызды сыртқа шығара бермейтін, қарапайым жансыз. Отбасыңызға, жұмысыңызға, жеке өміріңізге қатысты тұрақтылықты жөн көресіз. Үнемі шаршап, демалуға асығасыз. Кемелділікке ұмтылып, жайлы өмірді қалайсыз. Жан-дүниеңіз ерекше бай, әрі бойыңыз дарынға толы.

Жасыл

Өзге біреудің сіздің үстіңізден билік жүргізгенін қаламайсыз. Өмірге деген құштарлығыңыз да зор. Жақындарыңыздың қолдауын сезген кезде тау-тасты қопаратындай алапат күшке ие болып, мақсатыңызға ұмтыла түсесіз. Жаныңызда сүйеу болар адам болса, еш қиындыққа мойымайсыз.

 

 4.   Сергіту ойыны.

Екі қол, он қол, сол қол

Оң қол, сол құлақ

Сол қол, оң құлақ

Оң қол, ауыз  (мұрынды ұстау, жаңылдыру)

Сол қол, бас

Оң қол, бес саусақ

Сол қол , бес саусақ

Екеуін қоссақ (9 саусақ, жаңылдыру)

10 саусақ балалардың жауабы.

5. АЛДЫН-АЛА САЛЫНҒАН СУРЕТТЕР АРҚЫЛЫ ӨЗ БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ САЛҒАН СУРЕТТЕРІН ТАУЫП АЛЫҢЫЗДАР.
ТАЛДАУ:
1. ӨЗ БАЛАҢЫЗДЫҢ СУРЕТІН ҚАЛАЙ ТАПТЫҢЫЗ?
2. БАЛАҢЫЗДЫҢ СУРЕТІН ТАБУ ҚИЫН БОЛДЫ МА?
3.БАЛАҢЫЗДЫҢ СУРЕТІН ТАПҚАННАН КЕЙІН ҚАНДАЙ СЕЗІМДЕ БОЛДЫҢЫЗ?

6. «Суретті бастап, қасыңдағыға бер».жаттығуы.

Нұсқау: Әр қатысушыға бір ақ қағаздан беріледі. Әр қатысушы өздеріне ұнаған қарындаштың (қалам) түсін алады. «Шапалақ ұрғанымда өздеріңіз қалаған суреттеріңізді сала бастайсыздар. Шапалақ ұрғанда алдыңыздағы қағазыңызды және қарындашыңызды оң жаныңыздағы көршіңізге бересіз, сол суретіңізді аяқтайды. Тағы шапалақ ұрғанда сурет салынған парақ пен қарындаш келесі қатысушыға беріледі, сурет пен қарындаш бірінші егесіне келмейінше топты жағалайды».

Талқылау:

  •         Салынған сурет өздеріңізге ұнады ма?
  •         Қандай көңіл-күйдесіздер?
  •          

7. Флеш  тренинг: «Періштелер  даналығы»

Періштелер туралы аңыз
Бірде  қарт періште мен жас періште жер бетін  аралап жүріп, шаршап – шалдығып  түнеп шығу үшін  бір байдың үйіне келеді. Ол бай өте  сараң, қонақжай емес болып шығады. Оларды  сарайына түнетеді. Қаншалықты  шаршап тұрса да , сарай іші салқын. Әрі ыза болғандықтан жас періште ұйықтай алмайды. Таң ата ұйықтап кетсе, бір дыбыстан оянып кетеді. Тұрса қарт періште  сарайды құлап  қалған жерлерін сылап жатыр екен.
Жас періште  өзінің таң қалысын жасыра алмай, қарт періште ден
Сен оған неге көмектесесің?-  ол бізге қандай жақсылық жасады – деген сұрағына:
Көзбен көргеннің бәрі шынайы бола бермейді,  – деп жауап берді.
Келесі күні қонатын жер іздеп жүріп бір жарлының үйіне келеді. Үй иесі құшақ жая қарсы алып, кешкі ас беріп, үйіндегі жалғыз керуетін беріп, өзі әйелімен сарайға кетеді. Ертеңгісін періштелер үй иесі әйелінің жылаған даусынан оянады.
Жарлының отбасын асырап отырған жалғыз сиыр өліп қалған екен. Бұған таң қала қараған жас періште қарт періштеге:
Сен неге жарлыға көмектеспедің?  Өткен түні бізге қонақжалылық көрсетпеген байдың сарайын сылап беріп едің?- енді жарлығы мүмкіндігің бола тұра көмек бермегенің қалай деген сұрағына қарт періште  көзбен көргеннің бәрі шынайы бола бермейді деп жауап беріпті.
Жол бойы жас періште, қарт періштенің осы ісіне келіспейтіндігін айтып, кіналаумен болады. Қарт періште үшінші рет көзбен көргеннің бәрі шынай бола бермейді деп жауап береді.
Өткен түні біз байдың сарайын түнеген күні мен сарайдың жарынан байдың қазба байлығын көрдім де, сол байлыққа қолы жетпестей етіп сылап кеттім. Ал бүгінгі түні ажал жарлының әйеліне келген болатын. Ал, мен  ажалды  жарлының сиырына жібердім деген екен.

- Осы айтылған аңыз  сіздерге ой салып, өмір тәжірибелеріңізде жүзеге асcа нұр үстіне нұр болар!  Зейін қойып  тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру