Тіркелу Сайтқа кіру

Аутодеструктивті мінез-құлықты оқушыларды анықтау және «тәуекел» топқа жататын жасөспірімдерді ортаға бейімдеу жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 орта білім беретін мектебі
Мектеп психологы
ЕШНИЯЗОВА ЖЕҢІСКҮЛ ЖЕТКЕРБАЙҚЫЗЫ

Семинар-тренингтің тақырыбы: Аутодеструктивті мінез-құлықты оқушыларды анықтау және «тәуекел» топқа жататын жасөспірімдерді ортаға бейімдеу жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері

Семинар-тренингтің мақсаты:

Жасөспірімдердің өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, өз мүмкіндіктерін анықтап, қоғаммен және өзара қарым – қатынасындағы жарасымды мінез ерекшеліктері мен сенімді мінез – құлықтарын қалыптастыру.

Қажетті құралдар:

Нақыл сөздер, тренинг ережесі, ақ парақ

Тренинг барысы:

Психологиялық бағыт беру (жайлы әуен ойнап тұрады)

Саламатсыздар ма, қадірлі қонақтар! Бүгінгі семинар тренингімізге қош келдіңіздер! Мен сіздердің алдарыңызға болашақ жас ұрпақтарымызды тәрбиелеуде қарлығаштың қанатымен сепкен суындай тамшы пікірімді, тренинг ойындарды ұйымдастырып ұсынып отырмын. Ендеше сіздерге тәңірім жаңа бақыт, жайдары мінез, қанағат пен ынсап бергей деген ізгі ниетімді білдіремін.


І Моноторинг жасау. «Жасөспірімдер арасында суицидалды мінез-құлықты анықтауға байланысты жүргізілген жұмыстар» (10 минут)
ІІ Оқушылармен жұмыс
Сәлемдесу (2минут)
1. Италияда –құшақтасады
2. Бразилияда-бір-бірінің иығын қағады
3. Македонияда-шынтақпен
4. Австралияда-шапалақ, секіру
5. Қазақтар-қол алысады

Тренинг ережесі (2 минут)
1. Әр уақытта күлімсіреп жүрейік
2. Достарымыздың сөзін бөлмейік
3. Бір-бірімізге кедергі жасамайық
4. Өзгенің пікірін сыйлайық
5. Намысқа тимейтін ой пікір айтайық
6. Бірігіп жұмыс істейік
«Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын» жаттығуы. (3 минут) жаттығулар арқылы екі топқа бөлу
Психолог: Қазір мынандай тапсырманы орындайсындар, жанында тұрған адамға мына сөзді айтып қолды созасың « Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын», « Ал сіз ше?» деп қолын созған адам әрі қарай осы сөзді айтып, келесі адамға қолын созады. Осылай тізілу арқылы бір-бірін қолын ұстап шеңбер құрады.
«Таныстық шеңбері» тренингі (10 минут)
Мақсаты: Өзінің жеке тұлғалық қасиетін сөзбен емес, іс-қимылмен мәнерлі жеткізу, шығармашылық қабілетті дамыту, өзін көрсетуге мүмкіндік беру. «Мен және менің мінез-құлықым»
Психолог. 1. Кімнің таныстыруы сіздің есіңізде қалды ?
2. Таныстыруы сізге несімен ұнады.
Тақырыбы: «Аутодеструктивті жасөспірім оқушылардың мінез-құлықтарының алдын алу жұмыстары.
Мақсаты: Жасөспірімдердің өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, өз мүмкіндіктерін анықтап, қоғаммен және өзара қарым – қатынасындағы жарасымды мінез ерекшеліктері мен сенімді мінез – құлықтарын қалыптастыру.
«Аутодеструктивті мінез-құлық» (5 минут)
«Аутодеструктивті» сөзі латыннан аударғанда-қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы деп атайды. Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық.
Қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралуда. Сондықтан оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды роль атқарады. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады – эмоцияналдық тұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды), өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Сондықтан аутодеструктивті мінез-құлықтың психологиялық алдын-алу шараларының жасөспірімдер маңызы зор. Психологиялық түзетуде және алдын-алу шараларында екі базалық бағытты бөліп көрсетуге болады – проблемалық-бағыттылық және дербес-бағыттылық. Бірінші күрделі жағдайды немесе мәселені шешуге бағытталса, екіншісінде – адамның тұлғалық көріністеріне, өзіне және өзінің мінез-құлқына деген көзқарастарына көңіл бөлінеді.
Мейірімділік пен достық видеоролик (3минут)
Постер қорғау
«Сергіту сәті» (5 минут)
Оқушылар шеңбер құрады. Сөйтіп музыка қосылып бір-бірінің артына суреттерін салып астына тілектерін жазады. Сосын барып іліп қояды.

Сіз мейірімді оқушысысыз ба? (психологиялық тест) (10минут)

Әркім-ақ өзін кеңпейілді, мейірімді адаммын деп есептейді немесе сондай жандардың қатарында болғысы келеді. Кімнің болсын өзі туралы жақсы ойлауға қақысы бар емес пе? Бірақ шын өмірде қандайсыз, міне мәселе осында. Қазір сіздің қаншалықты мейірімді екеніңізді байқап көрелік. Мына сұрақтарға "иә" немесе "жоқ" деп жауап беріңіз:
1. Сіз әжептәуір ақша таптыңыз.Осы ақшаға түгел дос-жаран мен жақын-туысқа сыйлықтар алып беруіңіз мүмкін бе?
2. Бір дос-жаран адам келіп Сізге мұңын шақты. Оның қайғысы жаныңызға батқан жоқ, осыны сіз ымдап байқатар ма едіңіз?
3.Сіз картаны немесе биллиардты керемет ойнайсыз. Ал танысыңыз нашар ойнайды. Ол қуанып қалсын деп Сіз анда-санда ұтыласыз ба?
4. Адамдар қуанып қалсын деп, оларға үнемі әзіл-қалжың, жақсы сөз айтып отырасыз ба?
5.Мысқылдап, кекеткенді жақсы көресіз бе?
6. Сіз кекшілсіз бе?
7. Өзіңіз ұнатпайтын нәрсені асқан сабырмен тыңдап тұра аласыз ба?
8. Өзіңіздің қолыңыздан келетін дүниені ешкімге жалынбай істеп кете бересіз бе?
9. Жеңіліп бара жатқыныңызды сезсеңіз қандай да бір сылтаумен ойынды тоқтатасыз ба?
10. Егер өзіңіздің ісіңіздің ақ екеніне сенсеңіз, оппонентіңіздің сөзін тыңдаудан бас тартасыз ба?
11. Біреулердің өтініштерін бұлжытпай орындайсыз ба?
12. Жиналғандарды көңілдендіру үшін бір адамдың жынына тейіп келемеждейсіз бе?

Қортынды:
1,3,4,7,11 - сұрақтарға "иә" деп жауап берсеңіз, ал 2,5,6,8,9,10, 12- сұрақтарға "жоқ" деп жауап берсеңіз, әр жауапқа 1 ұпайдан жазыңыз.
8-ден жоғары ұпай жинасаңыз,онда сіз мейірімді жансыз, маңайыңызға ұнайсыз, адамдармен тіл табысып, сөйлесіп кету сізге оңай. Біздің ойымызша, сіздің досыңыз көп. Бір нәрседен ғана сақтаңыз: ешқашан жұрттың бәріне ұнаймын деп жалбақтай бермеңіз.Адамның бәріне жағу мүмкін емес.
4-8 арасында болсаңыз, онда сіздің көңіліңіз істің сәтіне, жағдайдың ретіне қарай кеңейіп, тарылып отырады. Сізді елдің бәріне бірдей жайылып жастық, көсіліп көрпе болады деу қиын. Кейбір жанмен арқа-жарқа араласа кетесіз. Кейбіреумен 2 минут сөйлесудің өзі мұң болады. "Бірде көл, бірде шөл"деген осы. Бірақ бұл сонша қайғыратын іс емес. Тек, адамдарды алаламау үшін бәріне бірдей қарауға тырысыңыз.

Сіз 4 ұпайдан төмен жинасаңыз, кешірерсіз, сізбен араласу ең жақын туыстардың өзіне де қиын соғады. Мейірімді болыңыз. "Кең болсаң, кем болмайсың" дейді. Дос сонда ғана көбейеді. Өйткені достыққа ең қажетті дүние - мейірім.
Жаттығу «Кеспе» (2 минут)
Мақсаты: Сізді жақсы қыздыртады және жылытады
Көз алдыңызда табақша жатыр деп елестетіңіз. Табақшаның ішінде кеспе жатыр, сіз кеспенің шетінен жайлап аласыз да қолыңызбен айналдыра бастайсыз. Көзіңіздің қарашығы да осы кеспенің бойымен бірге айналады. Кеспе қолыңыздың басынан жайлап жылжып шынтағыңызға қарай өрмелеп бара жатыр деп елестетіңіз. Кеспе жайлап енді басымыздан бастап бойымызды ал а жылжып бара жатыр мен кеспемін деп шыр көбелек айналыңыз (3 рет)
«Алақан» тілек айту (5 минут)
1. Мен бұл сабақтан үйренгенім
2. Маған ұнағаны
3. Маған ұнамағаны
4. Менің естігім, білгім,жасағым келгені
5. Тілек айту
«Майшам(шырақ)» жаттығуы (5 минут)
Нұсқау: Тілек айтар алдында жағымды сөздерден бастайсыздар.
Психолог: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып майшамды беріп отырамыз.
Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек.
«Тренингтен алған әсерің» (5 минут)
Оқушыларға күн, бұлт, жасыл шөптердің суреттері бар карточка таратылады dle
Ұқсас мақалалар:
«Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты қалаптастыру» тренинг

«Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты қалаптастыру» тренинг

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы №24 орта білім беретін мектебі Мектеп психологы ЕШНИЯЗОВА ЖЕҢІСКҮЛ ЖЕТКЕРБАЙҚЫЗЫ Тренинг...
Психологиялық тренинг-танымдық белсенділікті дамыту құралы ретінде

Психологиялық тренинг-танымдық белсенділікті дамыту құралы ретінде

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы №24 орта білім беретін мектебі Мектеп психологы ЕШНИЯЗОВА ЖЕҢІСКҮЛ ЖЕТКЕРБАЙҚЫЗЫ Баяндама...
Мұғалім – қасиетті есім

Мұғалім – қасиетті есім

Мақсаты:Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология...
ОЖСБ-ға арналған тренинг-сабақ

ОЖСБ-ға арналған тренинг-сабақ

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Төртүй ауылы Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп Психолог:Сағынбаева Гүлмира Жақсылыққызы Тақырыбы: ...
Дені  сау  адам -  табиғаттың  ең қымбат  жемісі

Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі

Тақырыбы : Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі /мұғалімдер арасында тренинг /...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру