Тіркелу Сайтқа кіру

«Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты қалаптастыру» тренинг

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 орта білім беретін мектебі
Мектеп психологы
ЕШНИЯЗОВА ЖЕҢІСКҮЛ ЖЕТКЕРБАЙҚЫЗЫ

Тренинг тақырыбы: «Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты қалаптастыру» тренинг

«Күн сәулесіндегі менің суретім». (5 минут)
«Мені неге қадірлейді» деген сұраққа жауап беруге тырысыңыз. Мұны оңай білу үшін сіз күннің сәуле шашып тұрған суретін салыңыз. Ортасына атыңызды жазыңыз. Сонан соң әрбір сәулеге өзіңіз білетін өзіңіздің жақсы қасиеттеріңіз бен жетістіктеріңізді жазыңыз.
Темперамент типтерін анықтау (3 минут)
1. а) мазасыз, күйгелексіз; б) көңілді, ақжарқансыз; в) сабырлы, байсалдысыз;
г)ұялшақ,қысылып-қымтырыласыз.
2. а) ұстамсыз, қызбасыз; б) белсенді, істе ширақсыз; в) ретті, нақтысыз;
г) жаңа ортада ыңғайсызданасыз.
3. а) шыдамсыз; б) бастаған істі аяқсыз қалдырасыз; в) сақ, парасаттысыз;
г) жаңа адамдармен тіл табысу сізді қиналдырады.
4. а) қарым-қатынаста бірбеткей, тік мінездісіз; б) өзіңізді асыра бағалайсыз;
в) шыдамсызсыз; г) өз күшіңізге сенбейсіз.
5. а) батыл, белсендісіз; б) жаңашыл нәрсені тез қабылдайсыз; в) үндемейсіз, көп сөйлегенді жек көресіз г) жалғыздықты ұнатасыз.
6. а) бірбеткейсіз; б) ықылас, бейімділігіңіз тұрақсыз; в) аспай-саспай бірқалыпты сөйлейсіз; г) сәтсіз жағдайларда ұнжырғаңыз түсіп, сасасыз.
7. а) дауөдамайда тапқырсыз; б) сәтсіздік, көңілсіздікті тез жеңесіз; в) ұстамды, шыдамдысыз; г) өз ойыңызбен отырғанды қалайсыз.
8. а) тәуекелге бейімсіз; б) әр түрлі жағдайларға тез бейімделесіз; в) бастаған істі аяғына дейін бітіресіз; г) тез шаршап қаласыз.
9. а) іске анда-санда ғана араласасыз; б) кез-келген жаңа іске қызығушылықпен кірісесіз; в) күшіңізді бекерге жұмсасмайсыз; г) тым әлсіз сөйлейсіз, тіпті кейде естімей қаласыз.
10. а) қайтымды, жылдам, секемшілсіз; б) тартымсыз болса, көңіліңіз тез қалады;
в) қойылған күн тәртібін ұстанасыз; г) еріксіз әңгімелеушінің мінез-құлқымен үйренесіз.
11. а) шапшаң, әсерлі, бірақ жиі тоқтап сөйлейсіз; б) жаңа іске тез кірісесіз, басқа іске де араласып кетесіз; в) шапшаңдығыңызды басып отырасыз;
г) іске шапшаңдық танытпайсыз.

Сангвиник- (жеңілқанды). Қуатты, ширақ, қабілетті, беріліп істейді. Басқа адамдармен тез тіл табысады. Қимылы көп, ақжарқын, ашық мінезді болып келеді. Белсенділікті, тапқырлықты, зеректікті қажет ететін жұмыстарға қабілетті.
Холерик- (ыстыққанды). Қимыл қозғалысы өте тез, шапщаң. Олар күйгелек ұстамсыз болады. Белсенді, батыл, бастаған істі аяқтап шығады. Басшылық етуге құмар, өзін жоғары санайды, біреу қарсы сөйлесе ашуланып қалады. Ашық әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Қозу процесі күшті, тежелуі әлсіз, ұстамсыз тип.
Флегматик- (суыққанды). Көбіне салмақты, ұстамды сабырлы келеді. Қимыл қозғалысы баяу асықпайды, сезімі тұрақты. Бір сарынмен сөйлейді, сөйлеседі. Адамдармен жақындасып сөйлесуі жие емес. Жұмысты тияқнақты, байсалды орындайды. Флегматикті барлық уақытта құлшындырып отыру керек.
Меланхолик- (ауырқанды). Аса сезімтал, тұйық, олақ, оқшау болып келеді. Әр нірседен ауыр әсер алып,сол сезімнен көпке дейін арыла алмайды. Көңіл күйі жабырқау, кейде тіпті қайғылы да болады. Адаммен көп араласпайды, іс әрекетке бірден кіріспейді. Ол тыныш және қауіпсіз орында жұмысты нәтижелі орындайды.
«Жасырын хат, ойлан тап!» (10 минут)
Қажетті құралдар: ақ парақ түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш
Барысы: Қатысушылар 2 топқа бірігіп отырады.
Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:
«Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топ
«Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» - 2-ші топ
Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ақ параққа сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.
«Қасиетті әріп» (5 минут)
Барысы: Ұстаздар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолына допты алып, ортаға шығады. Кез келген қатысушының біреуіне допты лақтырып қалып, бір әріпті айтады. Допты қағып алған ойыншы сол әріптен басталатын бір қасиетті айтады.
«Джунглидегі жаңбыр» (10 минут)
Мақсаты: Иық. мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.
Уақыты: 10 минут
Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға батырынқырайтын кимылдар жасалады) Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар) .Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді ( көршіңнің арқасын саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың) . Бұршақ аралас жауын жауа бастады ( барлық саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады.
Енді 180 градусқа бұрылып,жаттығуды қайталаймыз.
Талдау:
Мұндай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?
Жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?
Өз сезімдеріңізбен көңіл –күйлеріңізбен бөлісіңіз.

Сетуациялық сұрақтар (20 минут)
1.Сіз мектеп директорының орынбасарысың, қарауыңдағы 3 мұғалім қоңырау соғылғаннан кейін сабаққа кешігіп келді.Сіздің іс-әрекетіңіз?
2.Сіз бірлестік жетекшісісіз, бірлестігіңіздегі мұғалімдер берілген тапсырманы дер кезінде орындамады, сізге директор шұғыл түрде тапсырманы орындауға бұйрық берді, не істер едіңіз?
3.Сіз мектеп директорысыз, қабылдауыңызда бір мұғалім отыр, үстіңізден есік қақпастан екінші мұғалім кіріп келді.Осы іс-әрекетке қандай сипат берер едіңіз?
4.Сіз сабақ өткізіп жатырсыз.Сабақ үстінде бір мұғалім рұқсатсыз кіріп, кешірім сұрамастан хабарландыру айтып, оқушыларға зілді сөйлеп кетті.Сіздің көзқарасыңыз?
5.Жас маман мектепке келді.Сіз оған тәлімгер болып тағайындалдыңыз.Оның құжат толтырмақ түгілі, сабақ беруден тәжірибесі аз.Ең алғашқы көмегіңіз?
6.Ұжымда жас ерекшеліктері әр түрлі мұғалімдер бар.Ұжымда сыйластық пен достық қарым-қатынас орнату үшін қандай іс-шараларды көбірек өткізген дұрыс деп ойлайсыз?
7.Сіз өз ұжымыңыздағы бір педагогтің педагогтік іс-әрекетке жатпайтын олқы қылығының куәгері болдыңыз.Не істер едіңіз? (Дұрыс кеңес бересіз бе, немқұрайлы қарайсыз ба?)
8.Әріптесіңіз отбасы жағдайына немесе денсаулығына байланысты 1-2 күн жұмысты алмастыра тұруын өтінді. Келісесіз бе? Келіспеген жағдайда неліктен?
9.Адамда бәрі де әдемі болуы керек:«Ақылы да, ойы да, келбеті де, әдебі де, мінез-құлқы да, киген киімі де, жүріс-тұрысы да». Осы туралы не айтар едіңіз?
10.Сіз 1-ші сабаққа ұйықтап қалдыңыз, әрине жұмысқа кешіктіңіз, оқушылардың алдына қалай кіресіз?
11.Сіз журнал толтырар алдында журнал толтырар алдында журнал толтыру ережесімен толық танысасыз ба?Сіз қалай толтырасыз? Бұл жөнінде бірінші кімнен көмек сұрайсыз?
12.Сіз тәжірибеңіз мол мұғалімсіз, сізден әріптесіңіз әдістемелік көмек сұрады.Көмектесе аласыз ба?
13.Сіздің тәжірибеңіз мол болғанымен , өз тәжірибеңізде кездеспеген қиын сауал кездесті. Кімнен, қайдан көмек аласыз?
14.Сіздің ойыңызша мектепте «қиын» мұғалім бар ма?
15.Біздің ұжым ұйымшыл да тату ұжым қатарына жата ма? «Иә» деген жағдайда дәлелдеңіз, «жоқ» деген жағдайда қандай кеңес берер едіңіз?
16. «ҰБТ»-ге дайындыққа өз ұсынысыңыз, бөлісетін тәжірибеңіз бар ма?

Жаттығу: Ха-дем шығару (3 минут)
Мақсаты: Дем шығаруды жақсартады.
Денеңізді бос ұстап тұрыңыз, екі аяғыңыз екі иығыңыздың деңгейіне сәйкес келу керек ,қолыңыз денеңізде бойлап төмен тұрады. Деміңізді жайлап ішке қарай тарта бастайсыз.Деміңізді тартқан сайын екі қолыңызды екі жаққа қарай көтере беріңіз. Төбеңізге қолыңыз жеткен кезде деміңізді бір сәтке ұстайсыз да алға қарай денеңіз бен еңкейеп о екі қолыңызды салбырата отырып ха-ха деп дем шығарасыз (3рет)

«Мектеп директоры» жаттығуы. (15 минут)
Мақсаты: Мектеп директорымен қарым-қатынас жасаудың эффективті амалдарын дамыту.
Бұл жерде мұғалімнің мектеп директорымен қарым-қатынас жасаудағы жағдайларын қарастырамыз. Мұғалім мектеп директорынан жыл ортасында денсаулығына байланысты демалыс беруін өтінуі немесе қатысушылар практикасында кездескен басқа да жағдайларды ойнауға болады.


«Менің белгім» (5 минут)
1.Менің отбасым
2.Менің жақсы мінезім, жағымсыз мінезім
3.Менің белгім
4.Мұғалім ол -…

«Тату алақан» жаттығуы. (3 минут)
Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.
«Қол соғу» жаттығуы (2минут)
Психолог бір мұғалімнің тұрып қолынан алып қол соғады, келесі адам солай жалғастырады. dle
Ұқсас мақалалар:
Аутодеструктивті мінез-құлықты оқушыларды анықтау және «тәуекел» топқа жататын жасөспірімдерді ортаға бейімдеу жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері

Аутодеструктивті мінез-құлықты оқушыларды анықтау және «тәуекел» топқа жататын жасөспірімдерді ортаға бейімдеу жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы №24 орта білім беретін мектебі Мектеп психологы ЕШНИЯЗОВА ЖЕҢІСКҮЛ ЖЕТКЕРБАЙҚЫЗЫ...
Мұғалім – қасиетті есім

Мұғалім – қасиетті есім

Мақсаты:Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология...
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас

Тренингтің тақырыбы: «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы» Тренингтің мақсаты: Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту Тренингтің жүрісі:...
Бағалаудың тиімді әдістері

Бағалаудың тиімді әдістері

Коучинг тақырыбы: Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық (104-бет) үлестірме материалдар. Мақсаты: Мұғалімдердің...
Дені  сау  адам -  табиғаттың  ең қымбат  жемісі

Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі

Тақырыбы : Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі /мұғалімдер арасында тренинг /...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру