Тіркелу Сайтқа кіру

Айналамен таныстыру

Айналамен таныстыру
Айналамен таныстыру
Сабақтың тақырыбы: Көктем келбеті

Сабақтың мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Көктем мезгілі туралы балаларға білім беру. Табиғаттағы құбылыстар өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс – әрекеттері туралы әңгімелеу. Табиғатты сүюге, одан ләззат алуға еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Көктем туралы суреттер және үлестірмелі суреттер.
Әдіс – тәсілдер: салыстыра сөйлету, әңгімелесу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту. Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, апайлар!
Қайырлы күн, балалар!
– Балалар, жылдың неше мезгілі бар?
– Мен сендерге мынадай жұмбақ – өлең жолдарын оқимын, сендер мұқият тыңдап
отырыңдар.
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай – салаға толады.
Ағаш басы бүршік шашып,
Гүл, бәйшешек толады.
Бөбектерім айтыңдаршы.
Бұл қай кезде болады? – деп ойлайсыңдар.

– Неге көктем деп ойлайсыңдар?
– Көктемде жерде қар ериді.
– Көктемде неше ай бар?
– Көктемде үш ай бар: наурыз, сәуір, мамыр.
– Көктем қай айдан басталады?
– Көктем мезгілінің қыс мезгілінен қандай ерекшелігі бар?
– Ағаштар бүршік жарады, құрт – құмырсқа тіріледі.

ІІ. Тақтаға көктем туралы сурет іліп, сол туралы әңгіме құрату.
ІІІ. Дидактикалық ойын: «Жоғалған сөздер».
Көктем....
... жылынды.
Жер....
Құстар.......

Сөздерді буынға бөлу: көктем, жылы, құстар, наурыз.

ІУ. Сергіту сәті.
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Жерге ырғалып жайқалған.

У. «Жақсы – жаман» ойыны.
Мақсаты: жаман әдеттен аулақ болуға, көргенін ажыратып, әңгімелей білуге
үйрету.
Ойын барысы:
1. Ағаштың бұтағын сындыру – жаман.
2. Ағаштағы құстың ұясын бұзу – жаман.
3. Құстарға ұя жасау – жақсы.
4. Гүлдерге су құю – жақсы.
5. Ағаш бұтағындағы құсты рогаткамен ату – жаман.
6. Далада өсіп тұрған гүлдерді жұлып, бүлдіру – жаман.
7. Жайлауда қошақанға емізікпен сүт беру – жақсы.

УІ. Дидактикалық ойын. «Орныңды тап».
«Сөзді есіңде сақта» ойыны.
Көктем – жаңбыр
Жаз – күн шықты
Аспан – бұлт
Жер – шөп
Ағаш – жапырақ.

У. Сабақты қорытындылау.
Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау.
«Қуанышты хабарлама жіберу».
dle
Ұқсас мақалалар:
Табиғатқа қамқорлық

Табиғатқа қамқорлық

Табиғатқа қамқорлық Мақсаты: Балалардың “табиғат”, “қамқорлық” құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: - Табиғат пен адам үйлесімділігі,...
Көктемгі мерекелер

Көктемгі мерекелер

Сабақтың мақсаты: оқушылар көктемгі мерекелер туралы әңгімелеп, білімдерін толықтырады. Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік: тақырып төңірегінде...
Музыкадағы көктем мерекесі

Музыкадағы көктем мерекесі

БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы А.Оразбаева ОЖББМ-ң музыка пәнінің мұғалімі Молдағалиева Камшат Ізғалиқызы...
Театр костюмдерін дайындау өнері

Театр костюмдерін дайындау өнері

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Мамбетқұлова Жанат Талғатқызы...
Ертегілер еліне саяхат

Ертегілер еліне саяхат

Атырау облысы Индербор ауданы Жарсуат селосы Махамбет атындағы орта мектеп Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Хайролла Надежда ...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру