Тіркелу Сайтқа кіру

«Қазақтың дастарханы»

Жүргізуші :
-Мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі қазақтардың негізгі тағамы – ет пен сүттен жасалған . Биенің сүтінен қымыз ,түйе сүтінен шұбат дайындаған. Сиыр , қой мен ешкі сүтінен қаймақ, май, ірімшік, айран, қатық ,сүзбе , құрт т.б. тағамдар жасаған. Қастерлі тамақтарының бірі – тары. Қуырып ақтаған тарының
жармасына сары май мен шекерді араластырып жент дайындаған. Тарыны түйіп , тары көже пісірген. Жылқының жал , жая , қазы , қарта , шұжығы кәделі ас саналады. Құрт езілген сорпа ішкен. Бауырсақ , шелпек , кеспе , көже және
күріштен сүт ботқа мен күріш, көже, палау дайындаған.

Жыл басының алғашқы асы – Наурыз көже.
Жыл басының алғашқы сүті – Уыз.
Жыл басының алғашқы тілегі –

Ибраһим: Ұлыс бақты болсын ,
Төрт түлік ақты болсын ,
Ұлыс береке берсін.
Бәле – жәле жерге енсін.

Наурыз көже - жеті түрлі дәннен бидай ,тары , күріш ,жүгері , арпа ,сұлы және тұз бен етті қосып , қазан толы көже пісіріледі.

Қазақтың ұлттық тағамдары ,
Жасымнан жақын маған бәрі.
Теңгермес ем оларға мен,
Ешбір асты ғаламдағы.

Әсет: Наурыз тойы – елдің тойы ,
Көктем тойы – төлдің тойы ,
Ән айтатын күні бойы ,
Жақсы көрем Наурыз тойын

Мирас: Күн мен түн теңелді ,
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді ,
Наурыз тойы салтымыз ,
« Көгерсін » деп халқымыз ,
Көшеге тал егеді.

Рамазан: Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін!

Ақнұр: Ірімшік
Дастарқанды жайнатқан,
Ірімшікті қайнатқан.

Нұргелді: Шелпек
Ата, бала жер тегін.
Әжеміздің асықпай
Майға піскен шелпегін.

Гаухар: Шұбат
Ішіп көргем шұбатты,
Дәмін бірден ұнатты.
Денсаулыққа пайдалы
«Зәм-зәм» суы сияқты.

Мейіржан: Қуырдақ
Өкпе, бауырдан жасар,
Дәм бар ма одан асар.

Т.Жансая: Қазақтың ұлттық тағамдары
Жасымнан жақын маған бәрі.
Теңгермес ем оларға мен,
Ешбір асты ғаламдағы.

Бекмұрат: Асың, асың, асыңа,
Бақыт қонсын басыңа,
Денсаулығың зор болсын!
Дастарқаның мол болсын!
Қайда барсаң алдыңда,
Жарқыраған жол болсын, әумин!

(Слайд көрсетілімі: «Қазақтың дастарқанындағы ұлттық тағамдары)
Замира:
Қазы-жылқы етінен сүрленіп (13-27 сағат ыстайды) дайындалынатын қазақтың ұлттық тағамдарының бірі. Қазыны ішекке тығады. 8-10 сағ іліп, жел қақтырады.Қазыны 2-2,5 сағ жайлап пісіреді.

Төлеген:
Қарта- жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Қартаны пісіру үшін сүрлейді, салқын суға жуып, қазандағы жылы суға салып, отты баяулатып әбден піскенше 1,5-2 сағат қайнатады

Әлімжан:
Құрт- малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Құрт капта бір тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып, құрғайды.

С. Жансая:
Бауырсақ – жоғары сортты бидай ұнынан пісіреді. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді. Төртбұрыштап кесіп, әбден қыздырылған майға үздіксіз араластырып тұрып, пісіреді.

Аружан:
Май шелпек - ұнды сары май қосып илеп, онша жұқалап жаймай пісіреді. Май шелпектің арасына қойдың, жылқының шыжығын салуға болады.

Жолдас:
Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы сусын. Жылқы терісінен тігілген ағаш күбіде ашытылады. Жылқының сүр қазысын салып жіберсе, қымыз майлы әрі жұмсақ болады.

Ақберен:

Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.

Айтбибі:

Балқаймақ - шұңғылдау ыдысқа шикі қаймақ (кілегей) құйылады. Ол баяу жанып жатқан отқа құйылып, бетіне майы шыққанша араластыра отырып пісіріледі. Әбден қайнаған кезде үстіне құмшекер себіледі, бал салынып, ұн қосылады. Содан соң араластырып, тағы да (8-10 минут) қайнатылады. Дайын болған қоспаны ыдысқа аударып, дасттарқанға әкеле беруге болады. Ол көбінесе дастарқанға шаймен бірге беріледі. 1 стакан қаймаққа 2 шай қасық бал немесе 1 ас қасық құмшекер 1шай қасық бидай ұны керек.
«Дастархан» әнін балалар хормен орындайды.

Салт-дәстүрге байланысты ата-аналарға арналған сұрақтар:

1. «Сүйінші» деген не? (Қуанышты хабар жеткізу.)
2. «Шашу» дегеніміз не? (Қуаныш айғағы ретінде жасалатын дәстүр. Үйлену тойында, құда келгенде, қоныс тойында, т. б.)
3. «Қонақасы» дегенді қалай түсінесің? (Үйге келген қонаққа арнайы мал сойып, сый - сияпат көрсету)
4. «Енші» деген не? (Ер жеткен балаларын дүние - мүлкін беріп ата - анасының бөлек шығаруы)
5. «Байғазы» дегенді қалай түсінесің? (Жаңа зат немесе жаңа киім үшін берілетін ақшалай немесе заттай сыйлық)
6. «Ерулік» деген қандай дәстүр? (Жаңадан көшіп келген көршілерге бұрыннан тұратын көршілердің үйіне қонаққа шақырып ас беруі)
7. «Сыбаға» деген сөзді қалай түсінесің? (Құрметті қонаққа немесе жақын - жуыққа арнайы сақтаған кәделі ет, жілік мүшелері)
8. «Айдар» деген не? (Ер баланы тіл - көзден сақтау үшін қойылатын шаш)
9. «Бесік жырынан» үзінді айт?


Қыдыр ата бата береді : Ұлыс күні қазан толса ,
Ол жылы ақ мол болар !
Қыдыр атадан бата алса ,
Сонда ол жол болар !
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Қорытынды.

Сонымен, бүгінгі “Қазақтың дастарханы” атты тақырыбымыз, алда келе жатқан наурыз мерекесіне арналған іс- шарамыз, яғни ашық тәрбие сағаты аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет !
















1. «Сүйінші» деген не?


2. «Шашу» дегеніміз не?


2. «Қонақасы» дегенді қалай түсінесің?


3. «Енші» деген не?


4. «Байғазы» дегенді қалай түсінесің?


5. «Ерулік» деген қандай дәстүр?


6. «Сыбаға» деген сөзді қалай түсінесің?


7. «Айдар» деген не?


8. «Бесік жырынан» үзінді айт?




«Қазақтың дастарханы» тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағатында ата-аналар және балалармен түскен қызықты сәттері: dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру