Тіркелу Сайтқа кіру

Мектепалды даярлық сабақ жоспарлары

Мектепалды даярлық сабақ жоспарлары
Құрманғазы ауданы Бегалиев орта мектебінің
мектепалды дайындық тобының І-санатты тәрбиешісі
Уразалина Сара Жексенбайқызы

1. Пәні: Сауат ашу, жазу
Тақырыбы: «Ә» дыбысы, әрпі.
2. Пәні: Сауат ашу, жазу.
Тақырыбы: «О» дыбысы, әрпі
3. Пәні: Айналаны қоршаған орта және экология
Тақырыбы: «Көктем»
4. Мерекелік ертеңгілік.
Тақырыбы: «Анаға қарап қыз өсер»



Пәні: Сауат ашу, жазу
Тақырыбы: «Ә» дыбысы, әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: «Ә» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап,анық,таза сөйлеуге үйрету; «Ә» дыбысы бар сөз,сөйлем құратып, сөздік қорын дамыту.
Әдемі жазу дағдысына үйрету.
Жабдығы: Кеспе әріптер, түсті суреттер, ойын картасы, түсті бояулар, қағаздар, кітап, дәптер, қалам т.б.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап; ой қозғау; ой толғау; логикалық ойын дамыту, бақылау; мәнерлеп оқу қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Ә ә - дыбысы, әрпіне саяхат жасау сабағы
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын аудару.
2. Мына суреттен не көріп отырмыз?
Атауын білеміз бе?
? (Ия... вагондар)
ІІ. Негізгі бөлім. Кәне еске түсіріп көрейік.
№ 1 вагон тапсырмасы: Мен білетін әріптер. (өтілген әріптерді еске түсіру.)
А,У,Ш,Р,Д,Х,І, Ж,Т,Б т.б.
В 2. Тапсырмасы:Кел танысайық. ( түрлі-түсті суреттер арқылы Ә- дыбысы, әрпін тапқызу.)


Әже дәрі әтеш

«Ә» әрпін әріп кассасынан алып,балаларға көрсетемін. Ә дыбысын айту кезінде жақ кең ашылып,иек төмендейтінін айтып,оны өзім дауыстап айтып көрсетемін,яғни анық таза айту үшін, артикуляциялық жұмыс жүргіземін.

В 3. тапсырмасы.Сенімді серік. (оқулықпен жұмыс)
Ә-же, Ә-ке, Әп-ке, Әл-ди
В 5. Тапсырмасы.”Орнын тап”
« Ә» дыбысын ауада жазып көрсетемін,сонан соң балалардың өздеріне жаздыртамын.Оқушылар дәптердегі үлгі бойынша ә дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Көп нүктенің орнына «ә» әрпін жазып,сөйлем құрайды. ...ліппе, ...н, с...н,
В 6. Тапсырмасы.“Топтастыру”стратегиясы бойынша (Ә -әрпі кездесетін
суретті тауып дөңгелектеу.)


В 8 Нәтиже:
1\ Ә- дыбысы әрпініңдыбысталуын, жазылуын меңгерді
2\Ә ә дыбысы, әрпіне арналған өлең жолдарын құрастырды.
3\Ә ә - дыбысы, әрпінің атқаратын қызметімен танысты.


Мектепалды даярлық сабақ жоспарлары dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру