Тіркелу Сайтқа кіру

Химия пәнінен тереңдетілген сыныпта дарынды балаларды оқытудың тиімділгі

«Химия пәнінен тереңдетілген сыныпта дарынды балаларды оқытудың тиімділгі»

Бижанов Акан Маликулы

«М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ң 2 курс магистранты »

Мендалиева Дина Кенжебекқызы

«М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ң х.ғ.д, профессор »

 

Еліміз ұлттық мамандар даярлау ісінде - үкіметіміздің алдағы қойған мақсаттары жоғары. Сондықтанда білім және ғылым министрлігінің күн тәртібінде тұрған басты мәселе болып отыр.

Қазіргі заманғы педагогика ғылымының алдында тұрған мақсат;  адам тәрбиесі жаңаша, өзін зияткерлік үлгіде, нақты ойлап шешім қабылдау, шығармашыл кез-келген ортада өзін-өзі басқара білетін тұлға.

Дарынды және талантты балаларға қолдау көрсетіп және  барлық жағынан дамыту қазіргі мектептер алдында тұрған өзекті мәселе. Бұл мәселе мемелекеттің жеке өз кезегінде тұрған және сол елдегі шығармашыл, зияткерлігі жоғары азаматтардың жеке құндылығы деп түсінуге болады.

        Көп жерлерде жеткіліксіз оқытудың дәстүрлі түрі стандартталған: бағдарламаны санасына қабылдауына барлығына бір уақыт, барлығына бірдей сабақ, сабақтардың бірдей тақырыпта жүргізілуі, туындаған мәселелерді, оқушыларсыз мұғалімнің өзі шешуі деген сияқты мәселелер дарынды оқушыны дайындауға кері әсер тигізеді.

   Химия ғылымы мемлекетіміздің дамуына, әл-қуатының артуына, өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына тікелей әсер ететін практикалық маңызы бар білім беретін сала.

   Жалпы химия пәні саласының арқасында елімізде кәсібей шебер мамандар: инженер, технолог, конструктор, ауыл шаруашылық мамандар даярланады.

Жоғарда айтылған мамандарымыз жақсы сапалы білім алсақ екен десек. Қазірден бастап, жалпы орта білім беретін мектептерде;  Химия пәнінен тереңдетілген сыныпта дарынды балаларды оқытуды қолға алуымыз қажет. Бұл үшін мектептерде химия пәнінен сағат сандарын көбейтіп, жүйелі түрде облыстық немесе республикалық көлемде,  химик ғалымдар ақылдаса отырып,  жоспарын құру керек деп ойлаймын. Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде стандарт бойынша аптасына екі сағатқа дейін қысқарып отыр. Еліміздегі  химия ғылым саласына өте кері әсер ететін фактор болып табылады. Қазіргі сағат сандарына, қосымша сағаттар бөлініп жатса химия пәнінен оқушыларға кең көлемді ақпарат беруге мүмкіндік болар еді. Дегенмен бұл ақпаратты қабылдай білетін оқушылардың әр-түрлі болуы бір бөлек боласа, тереңдетілген сыныпта дарынды балаларды іріктеп оқыту мәселесіде тұр.

    Оқушыларды химия пәнінен тереңдетілген сыныпқа

 іріктеу;

-         Сынып оқушыларына тест, срез, логикалық тапсырмалар және олимпиада есептерін беру т.б

-         Іріктелген оқушыларды мектеп психологтарының сауалнамасынан өткізу;

-         Мектептің химия пәні мұғалімдерімен ЖОО-ның ғалымдарының алдына әңгімелесуінен өту;

-          Ата-аналармен әнгімелесу;

-          Психологпен жұмыс: тестілеу, анкета жүргізу, әңгімелесу;

Жоғардағы жұмысты жүргізе отырып, тереңдетілген сыныпқа оқушыларды іріктеу жоғарғы жауапкершілікті алады. Бұл процесске мектеп әкімшілігінің барлығы қатысуға тиісті. Ал ата-аналар сырттай бақылап отыру тиісті. Қандай жағдай болмасын жұмыс барысы әділ түрде жүргізілу керек.

   Сынып оқушылары 10 адамнан артық болмауы тиісті. Бұл бағытты ұстанып отырған қазіргі заманауи мектептің бірі ол «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Бұл мектептің жалпы орта білім беретін мектептермен салыстырғанда айырмашылық өте жоғары. Басты айта кететін мәселе оқыту методикасы; Кембридж және Сингапур әдістері сонымен қатар химия пәніне бөлінген сағат санының көптігі оқушынының білімін тереңдете түседі. Сонымен қатар қосымша білім беру формаларын қолданған дұрыс деп ойлаймын.

   Дарынды балалармен жұмыс жасау формалары:

 

·   дарынды балалармен топтық жұмыстар;
·  факультативтер;

.   химиялық- зерттеу институттармен қатынас орнатып, бірігіп жұмыс  жасау ;
·  конкурстар;
·  таңдаулы курстар, элективті курстар;
·  олимпиадаға қастысу;
·  жеке план бойынша жұмыс;
·  бағытталған сыныпта сабақ өткізу;
·  интеллектуалды марафондар және т.б.

         Осындай жұмыстардың барлығы дарынды балаларды жан-жақты ашуға мүмкіндік жасайды. Ең бастысы химия сабағында әртүрлі білім беру методикалын кіріктіріп,  дидактикалық материалды жие қолданып, жоғарғы жылдамдықпен уақыт үнемдеу мақсатында АКТ- ны түрлі форматта қолдануы тиісті. Мүмкіндігінше  45 минут уақыттың 70 пайызын оқушылар  пайдалануы керек. Осы жүйені жүзеге асыру үшін мұғалім оқушыға нақты әрі түсінікті ақпарат беруі керек. Бір айта кететін жағдай оқушымен зертханалық жұмыс жүргізу кезінде мүмкіндігінше оқушы өзі жасап, сол жасаған жұмысты барлық сыныптастарының алдында;  жасау жолын, зерттеу тәсілін,  түсіндіріп берсе дарынды баланың практикалық дағдысы қалыптасар еді.

      Химия пәнінен оқушылардың білімін жетілдіру және кейбір іскерліктері мен дағдыларын дамыту үшін есептердің маңызы зор. Жаттығулар жаңа материалды оқып үйрену мақсатында сабақтарға енгізілуі мүмкін. Химиядан күрделілігі жоғары есептерді шығару арқылы оқушылардың химия пәнінен тақырыптар бойынша білімдерін тереңдетуге көмектеседі. 

        Жалпы айта кететін жағдай дарынды бала,  алған теориялық білімін   практикамен байланыстырып, зерттеу тәсілін қандай мақсатта қолдану керектігін білу.Бұл айтылған жұмыстардың барлығы химия пәнінен  дарынды  балалардың талантын ашуға және ғылымға деген сұйспеншілігін арттыруға жағдай жасайды.

 

 

               е-mail. akanbizhanov@gmail.com

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру