Тіркелу Сайтқа кіру

«Туған жерін» ән еткен Е Хасанғалиев

Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев (1940 жылы Орал облысында туған) - әнші (лирикалық баритон), композитор,1984жылы Қазақстан Республикасының халық артисі. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды-хорлық факультетін Е. Виноградов пен Н. Шарипованың класы бойынша курсты, Әль-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірді. 1970 жылдан бастап, Қазақ радиосы мен теледидарының солисі. Е. Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгеймен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. Құрмет» орденімен марапатталған (2000).

Шығармашылығы

Хасанғалиевтің "Әдемі", "Асыл арман", "Өмірімнің жазы", "Атамекен" әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды. Е. Хасанғалиев шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы, материалды берудің көп салалығы тән. Ол музыканы қазақ, орыс, ұйғыр, татар, неміс ақындарының сөзіне жазды.қазіргі қазақ композиторларының ән-романстарын нақышына келтіре, шебер орындайды. Xасанғалиев - танымал композитор. Оның бірнеше ән жинағы жарық көрді. Xасанғалиев әндерінің тақырыбы сан алуан. Ол қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының туған ел, еңбек, жастық шақ, махаббат тақырыбындағы өлеңдеріне көптеген ән жазды. Хасанғалиев гастрольдік сапармен Моңғолия (1975), Болгария (1982), Югославия (1968), Алжир (1969), Сирия мен Ливан (1973), Швеция және Финляндия (1970), т.б. елдерде болды. Қазақстан Комсомол сыйл. иегері(1970)

 

Атамекен

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазагымның алақаны деп білем

 

Қайырмасы

Қайда жүрсем атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі қимай оны

Ұясына батады екен

 

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем

 

Қайырмасы

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Асқар тауын аспаныммен астасқан

Қазағымның мәртебесі деп білем

 

Қайырмасы

 

 

Музыка тыңдау

 

Үйге тапсырма

 

Бағалау

 

Қорытынды

dle
Ұқсас мақалалар:
Отан – ана аясында

Отан – ана аясында

«Атамекен» әннің сөздерін жаттау. 2. Авторлар туралы мағлұмат. Түрлі-түсті қағаздан немесе картоннан дөңгелекшелер жасап әкелу. Сабақтың тақырыбы:...
Халық музыкасының концерті

Халық музыкасының концерті

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Абай орта мектебі КММ музыка пәнінің мұғалімі: Нұрсұлтанова Әлемгүл Төлеуқызы Сабақтың тақырыбы: «Халық...
Дарынды да, дана композитор Нұрғиса Тілендиев

Дарынды да, дана композитор Нұрғиса Тілендиев

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Абай орта мектебі КММ музыка пәнінің мұғалімі: Нұрсұлтанова Әлемгүл Төлеуқызы Сабақтың тақырыбы: «Дарынды да,...
Атамекен - алтын бесік

Атамекен - алтын бесік

Пәні: Өзін - өзі тану Сабақтың тақырыбы: Атамекен – алтын бесік Мақсаты: Оқушыларға Атамекеннің адамның өсіп – дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы...

"Ән жұмбақ" музыкалық сайысы

Сабақтың тақырыбы: Ән жұмбақ (музыкалық сайыс) Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру