Тіркелу Сайтқа кіру

Мен және менің досым Орта білімді жаңарту аясында орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен 2-сыныпқа өткізілген ашық сабақ жоспары).

БҚО, Атырау қаласы №17 мектеп-лицейінің бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәні мұғалімдері Габдижалел Арайлым Габдижалеловна және Мұхтарова Жанар Төленқызы

 

2.1.3.1 тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап беру 

2.3.4.1 мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған жауап беру 

2.4.1.1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем жазу.

 

Табыс критерийі

1.Оқушы қарапайым сұрақтарды құрастырады, иллюстрация таңдайды.
2.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
3.Жаңа сөздерді пайдаланып, сөйлем құрайды.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

 

Сабақтың басы

(2-5 минут)

 

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

 

Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

 

(МК,Ұ) Сабақтың басталуына жағымды  ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.

Оқушылар шеңберге тұрып, амандасады:

Аманбысың, Алтын күн,

Аманбысың, көк аспан,

Аманбысың, Жер- ана,

Аманбысың, достарым,

Сендерді көріп, қуанам!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныпты жасыл, қызыл, сары түсті стикермен 3 топқа бөлу.

Сабақтың тақырыбын ашу үшін«Достық» туралы интербелсенді тақтанадан

бейнефильм көрсету.

 

Сұрақтар қою арқылы тақырыпты ашу.

  1.       Не туралы көрдіңдер?
  2.       Али мен Аяна кімдер?
  3.       Олардың тағы қандай достары бар?
  4.       Бүгін не туралы әңгімелейміз?

(МК,Ұ) «Мотор» ойыны арқылы сөздікпен танысу.

дәмхана – столовая
саябақ – парк
қызықты – интересный
салмақты – серьезный

ақылды - умный

 

(МК,Ұ) Мәтінмен жұмыс. Мәтіндегі кездескен жаңа сөздердің астын сыз.

Мен және досым

     Менің атым  - Руслан. Менің досым бар.Оның есімі Алихан.    Ол өте ақылды,салмақты, көңілді бала. Екеуіміз уақытымызды бірге өткіземіз. Таңертең мектепке бірге барамыз. Мектептен соң дәмханадан тамақ ішеміз. Одан соң саябақта ойын ойнаймыз. Сенбі күні киноға бірге барамыз. Мен досыммен уақытты қызықты өткіземін.

 

(Т) Мәтін бойынша тапсырмалар орындау.

1.«Оқиға картасы» стратегиясы бойынша мәтінді мазмұндау. Оқушыларға мәтін бойынша 4 сурет беріледі. А3 қағазына сюжет бойынша суреттерді желімдейді.


2. Сұрақтар құрастыру. Мәтін бойынша Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

 

3. Мәтінді өз сөзімен айтып беру.

ФБ. Стикерлер беру.

 

(ЖЖ) Диалогті оқы, ұқсас диалог құрастыр.

Тақта алдына шығып, айту.

-          Сәлем, Нұржан

-          Сәлем, Исабек.

-          Сенің досың бар ма ?

-          Иә, бар. Оның есімі- Ануар...

ФБ. Оқушылар бірін-бірі бағалайды. «Бас бармақ» стр.

 

(Ө) Тірек сөздерді қолданып «Менің досым» тақырыбына
әңгіме құрастыр.

Тірек сөздер: досым, ақылды, салмақты, көңілді, бірге барамыз, дәмхана, ойын ойнаймыз, сенбі күні.

Менің атым - _____. Менің _____ бар. Оның есімі - _______. Ол    -   _______, _______, _______. 

Біз мектепке _______. _______тамақ ішеміз.Саябақта _______.   _______ киноға барамыз.

Үйге

тапсырма

Өз досы туралы әңгіме айту.

 

Сабақтың соңы

41-45 минут

Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Сабақты қаншалықты меңгергені тексеріледі. Оқушылар сабақ барысында  нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерлерін білдіре алады.

Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

 

2. Жүргізілген жұмыс  түрлері қаншалықты тиімді болды?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:

 

dle
Ұқсас мақалалар:
Саған қандай пән ұнайды? (Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ жоспары)

Саған қандай пән ұнайды? (Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ жоспары)

БҚО, Атырау қаласы №17 мектеп-лицейінің бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәні мұғалімі Мұхтарова Жанар Төленқызы    ...
Туған күн кешінде  (Орта білімді жаңарту аясында орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен 2-сыныпқа өткізілген ашық сабақ жоспары).

Туған күн кешінде (Орта білімді жаңарту аясында орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен 2-сыныпқа өткізілген ашық сабақ жоспары).

БҚО, Атырау қаласы №17 мектеп-лицейінің бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәні мұғалімдері Габдижалел Арайлым Габдижалеловна және Мұхтарова Жанар...
Ө. Тұрманжанов «Жаралы торғай»

Ө. Тұрманжанов «Жаралы торғай»

Бастауыш сыныптарының арасындағы онкүндіктің жабылуы Көрніс: «Хан және уәзірлері» -Уәзірлерім қайда, Шақырып келші - Жақсы ханием,...
Going to “KAZAKHSTAN”

Going to “KAZAKHSTAN”

Going to“KAZAKHSTAN”    Phonetic drill We help our mother When she washes or cooks. Together with father We like to read books....
Сөйлем. Қолғанат

Сөйлем. Қолғанат

Сабақтың тақырабы: Сөйлем. Қолғанат. Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға сөйлем туралы ұғым қалыптстыру....
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру