Тіркелу Сайтқа кіру

Керқұла атты Кендебай

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Б.Бегалиев атындағы орта мектеп

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі.

Гүлсім Тоғаева Жетпісқызы

 

Сабақтың тақырыбы:         Керқұла атты Кендебай                                             

Сабақтың мақсаты: а) білімдік – ертегі мазмұнын түсіндіру, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуді үйрету, Кендебай бойындағы адами қасиеттерді нақтылап ашу ; дамытушылық –оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жоспар құру дағдыларын , өзіндік пікір айту , ауызекі сөйлеу тілі мәдениетін дамыту; тәрбиелік – Кендебай мінезін ашу арқылы адамгершілікке , қамқор да мейірімді , адал да қарапайым болуға , айналасындағы адамдарға қол ұшын бере білуге тәрбиелеу.

Түрі: дамыта оқыту.

Әдісі: түсіндіру , сұрақ –жауап , «болжау стратегиясы» , «топтастыру стратегиясы» топтық жұмыс , жеке жұмыс , ойқозғау , Венн диаграммасы, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Күтілетін нәтиже: балалар ертегіден үлгі алады.

Ақпарат құралдары: интерактивті тақта , слайд.

Қосымша көрнекілік: тірек – сызбалар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: Сыныпты түгелдеу.Оқушыларды   3топқа бөлу (үш түрлі қағаз бойынша : қызыл , көк ,ақ).Топ жетекшілері жауап беріп отырған оқушыны белгілеп отырады.

Мақсат қою.     -   Балалар , үйге «Керқұла атты Кендебай» ертегісін оқу тапсырылған болатын. Бүгінгі біздің мақсатымыз – ертегі  мазмұнын толық меңгеру , талдау , Кендебай бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі алу және шығармашылық қабілеттерімізді барынша көрсете білу.

       Тақырыбымыздың негізгі кейіпкері  - Кендебайдың мінез – құлұына сәйкес сабағымыздың эпиграфы етіп «Адамда жақсы қасиет болмаса , оған бақ та , бақыт та қонбайды» деген нақыл сөзді алғанды жөн көрдім.

       -Балалар , ерлік , батырлық ұғымдарын қалай түсінесіңдер?

        Ертегідегі Кендебай сынды батырдың адал серігі  - Керқұла деген ат. Осы батырлардың серігі ат туралы  қандай туындыларды білесіңдер?

        Кер мен құла сөздеріне анықтама беріледі.       Кер – құла мен торының , құла -  сыр мен жиреннің аралас келуі.

           Кітап – досың, ақылшың. – Қазір «Керқұа атты Кендебай» ертесінің мазмұны

бойынша жұмыс жүргізейік.

          Мазмұндау жоспары:

  1. Кендебайдың дүниеге келуі.
  2. Керқұланың тағдыры.
  3. Кендебай мен жетім бала.
  4. Кендебайдың аралға баруы.
  5. Кендебайдың биені күзетуі.
  6. Хан бұйрығы.
  7. Кендебайдың бұйрықты орындауы.
  8. Кендебай мен ханның бір – біріне қойған шарттары.
  9. Баланың ата – анасымен қауышуы.
  10. Керқұла атты Кендебай батырдың елі.

          Әр бала әр тарауды мазмұндайды.

          Сөздікпен жұмыс:(  ұжымдық жұмыс)

  •         Алты айдың ішінде алты кез ат болды.(  Кез – 71 см – ге тең ұзындық өлшемі).
  •         Ерінім жалақ , басым таз болды. (Жалақ – ерінді жалай беруден жел қақты боп кебірсіген жара).
  •         Құндыз жүнді арғымақ құлын туады. (Құндыз  - өзен – көлде тіршілік ететін терісі бағалы аң)
  •         Зынданның ауызы құлыптаулы. (Зындан  - тұтқынға түскен адамдарды жазалау үшін жер астынан қазылған терең  ор , апан).
  •         Батпан – салмақ өлшемі. Бір батпанда  200 – 300 грамм ауырлық бар.

       1 – топ тапсырмасы: «Кейіпкерді таны» .Топ сызба дайындайды , сол сызба бойынша әр кейіпкерге мінездеме береді. Жауаптарын ертегінің жолдарымен дәлелдеп отырады.

                             Ертігінің образдар жүйесіне талдау (флипчартқа түсіру)

 

                      Кендебай                           Керқұла                          Қазанғап

                                       Мергенбай                                                        Хан

                                                                                                                                                 

2 –топ тапсырмасы: Вен диаграммасы

«Керқұла атты Кендебай»        Ұқсастығы                    «Аяз би» ертегісі

3  -Топ тапсырмасы: Кендебайдың орнында болсаңдар қойшы балаға қандайжақсылық жасар едіңдер?(Флипчартқа өз ойларын түсіндіріп дәлелдейді)

Өнерлі өрге жүзер(Дарынды оқушыларға тапсырма  жұмыс)

     Кендебайдың Керқұланы өсіргендегі үмітін , сүйінішін өз басыңнан  кешкендей ойша сезініп көр (ойтолғау).

Кейіпкер келбеті(Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс):                                                                                                    

А) Ертегідегі қарама –қарсы кейіпкерлерді табайық.

 

   Кендебай                                                        Бай балалары

  •         Еңбекқор                                                - еріншек
  •         мейірбан                                                 -жалқау
  •         батыр                                                      - өтірікші
  •         жігерлі                                                    - шыдамсыз      

б) Топтастыру сртатегиясы.Кендебай бойындағы жақсы қасиеттер

Оқулықпен жұмыс:  Қайырымдылығы: жылағанды жұбатыпты, қысылғанға жәрдем беріпті. Қамқорлығы : Қарасудыңбойындағыжыртықүйлікедейлердіаңаулапасырауы. Жанашырлығы :жетімбаланыжұбатып, әке-шешесінтауыпберугеуәдеберуі. Кішіпейіл :ханқызыныңақылынтыңдап, «Айырылғылдыңсуыайырыл!» деуі. Адалдығы : қолындағыжұлыныпқалғанқұлынныңалтынқұйрығынханғатабысетуі. Шыдамдылығы : шаршасадатүнібойыкөзілмейқұлындыкүзеткендігі. Ақылдылығы: ханғакелгеншаруасын, өзініңқарапайымадамекендігінайтуы, баланыңәке – шешесінбосатуғарұқсатсұрағандығы.

Білімдіденақылшығар( әртопқадеңгейліктапсырма)

1 – топқа: Кендебайғаұқсағыңкелеме?

                 Қайқасиетіұнады?

                 Қазіргіжастарбойындаосындайқасиеттеркездеседіме?

 

2 – топқа:Сеносыертегініңқайжерінеөзгерісенгізередің?

                 

3 – топқа :Суреттерсөйлейді. Тестсұрақтарынберу.

           Өзімізоқығанертегілердіңөайсысынаұқсайды?

   

             ЕрТөстік                                                            Кендебай

 

                                   -жылқымалымендосболуы

                                  - сөйлеуі       

                                                                          

Сабақтыбекіту:   1 . «КерқұлааттыКендебай»  ертегісіннегеқиял – ғажайыпертегігежатқызамыз?         

                 2.Халық арманын қай жерден көруге болады?

  1. Кейіпкер дегеніміз не?(Шығармадағы адамдардың көркем бейнесін кейіпкер дейміз)

Топпен жұмысты бағалау

 

Оқушылардың аты - жөні

Топ жетекшісі

Өзіндік баға

Мұғалімнің бағасы

 

 

 

 

 

 

Үйгетапсырма:«Меніңдосымныңбасынанкешкендері»  тақырыбынаертегіөрбітіпжазу

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру