Тіркелу Сайтқа кіру

Төрт түліктің пайдасы

І сайыс. «Темір қақпа». Интерактивті тақтада – «Темір қақпа». Бұл қақпаны ашу үшін бірнеше тапсырма орындаймыз. Кім білгіш? бәсекесі. Интерактивті тақтада жұмыс.
Мал баққан халық әр жануардың өзінің пірі бар деп санаған. Сол пірілерге сиынған халық мал күтуді ең зор қасиетті іс-әрекет деп таныған. Сол төрт түлік мал пірлері туралы не білеміз?
Түйенің пірі - ... Ойсыл қара
Сиырдың пірі - ... Зеңгі баба
Жылқының пірі - ... Қамбар ата
Қойдың пірі - ... Шопан ата
Ешкінің пірі - ... Шекшек ата
Балалар, біз сөйлейміз, күлеміз, айқайлаймыз, ренжиміз, осы күйімізді біз белгілі бір дыбыспен, қимылмен білдіреміз ғой, ал енді малдың қалай дыбыстайтынын есімізге түсірейік.
Қой маңырайды
Жылқы кісінейді
Сиыр мөңірейді
Түйе боздайды
Енді, осы төрт түлікті шақырып көрейік.
Биені - ... Құрау-құрау
Түйені - ... Көс-көс
Сиырды - ... Аухау-аухай
Ешкіні - ... Шөре-шөре

ІІ сайыс. «Күміс қақпа».
Бұл қақпаны ашу үшін әр оқушы өз білімін көрсетеді.
«Кім білімпаз?» бәсекесі.
1. Интерактивті тақтада жұмыс
2. Сөзжұмбақты шеш.
Көлденеңінен (по горизонтали):
1. Кобылье молоко
2. Баран
3. Верблюжонок (двухгодичный)
Тігінен (по вертикали):
1. Лошадь
2. Ягненок
3. Верблюд
4. Козленок
Сергіту сәті.

Коза – ешкі,
Старый - ...;

Верблюд – түйе,
Пуговица – ... ;

Корова – сиыр,
В этом году – ... ;

Овца – қой,
Рост - ... ;

Жеребенок – құлын,
Давно - ... ;

Козленок – лақ,
Стул - ... ;

Лес – орман,
Мечта - ... .

ІІІ сайыс. «Алтын қақпа». Сөз маржаны – мақал. Мақал сайыс.
Отан – оттан да ыстық;
Халықтың ортақ үйі – Отан;
Елін сүйген ер болар;
Отансыз адам –
Ормансыз бұлбұл;
Елінен безген ер оңбас,
Көлінен безген қаз оңбас;
Еңбек етсең емерсің;
Күшіңе сенбе,
Ісіңе сен;
Мал – баққандікі,
Жер жыртқандікі.

Міне, балалар, «Алтын қақпамыз» да ашылды. «Алтын сандыққа» да жеттік.
Ал, сандығымыз ашылу үшін жасырған жұмбақтарды шешіп көріңдер.

1. Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ,
Мінсең қанат,
Сүті – дәрі,
Еті – тамақ.
Бұл не? (жылқы)
2. Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Ол не? (түйе)

3. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
4. Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Иегінде сақалы бар. (ешкі)
5. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар. (сиыр)
6. Арқасындағы ерімен туған,
Аптасында бір ішеді судан. (түйе)
Міне, сандығымыз ашылды. «Білім қазынасына» да жеттік.
Топтастыру. Төрт түліктің қандай пайдасы бар?
Халық өзінің ең асылын малға бағалаған. Баласын жақсы көргенде «ботам», «қозым», «құлыным» деп аймалаған. Көзі мөлдіреген қызды «бота көз» деп сипаттаған. Бұл сұлулықтың ерекше белгісіне жатады.
Адамға барлық жануар керек екен, оған көзіміз жетті. Оларды бағып, асырап, көбейту арқылы шетелден ауыл шаруашылығы тағамдарын алмасуымыз керек немесе аз мөлшерде алып, өз-өзімізді қамтамасыздандыруымыз керек. Бұл – біздің өркендеуіміздің, байлығымыздың негізі.
Үйге тапсырма: Төрт түлікке байланысты шығарма жазып келу.
Бағалау dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру