Тіркелу Сайтқа кіру

Циклдік алгоритм

Күні:24.11.15

Пәні

информатика

Джалмаганбетова Р

6 «а, ә, б, в, г» сыныптар

             Оқу-ісінің меңгерушісі

             ____________Сарғожаева А

Тақырыбы

Циклдік алгоритм

Жалпы мақсаттар

Циклдік алгоритм тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі қайталанып келетін әрбір оқиғаның цикл болатынын айта келіп циклдік алгоритімді құра білуге үйрету.

Түйінді идеялар

Циклдік процесті қамтамасыз ететін алгоритм бөлігін қайталау командасы таниды

Қайталау командасын алгоритмдік тілде жазу  сөдерін үйренеді

Әдіс-тәсілдер

Топпен,  АКТ, кері байланыс.

Күтілетін нәтиже

Циклдік процесті қамтамасыз ететін алгоритм бөлігін қайталау командасы құрайды.

Циклдік алгоритмдерді пайдалану,  оларды кейіннен программаларда цикл командалары түрінде қысқартып жазу мүмкіндігін ажыратады.

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі

Аралас

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, оқулық, слайд, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың жоспары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Топқа бөлу

Бойымен тұрғызып топқа бөлу

Топ ережесін құру

Бойы бойынша топқа бөлініп отырады

Үй тапсырмасын тексеру

Информатикалық диктант

1. Белгілі бір нәтижеге жету үшін жүргізілетін ... тізбегі ... деп аталады.

А) іс – тәжірибе, алгоритм  В) іс – әрекет,  алгоритм   С) қимылдар, алгоритм.

2. Алгоритмнің түрлері: ..., ..., ...

А) қарапайым, шартты, циклдік   В) сызықтық, тармақталған, қайталану 

С) сызықтық, тармақталған, циклдік

3. Егер, онда, әйтпесе командалары ... алгоримге тиісті

А) циклдік         В) тармақталған         С) сызықтық

4. Сызықтық алгоритмнің блок схемасын ..., ..., ... геометриялық фигуралары құрайды.

А) эллипс, параллелограмм, тіктөртбұрыш    В) эллипс, ромб, тіктөртбұрыш         С) эллипс, параллелограмм, ромб.

5. ...  бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын алгоритм  – ...  ... деп аталады.

А) шарттары, тармақталған алгоритм     В) командалары, сызықтық алгоритм           С) бұйрықтар, қарапайым алгоритм

топ болып өздерінің ойларын айтады.

Жаңа сабақ

 

 

 

Әр топқа оқып меңгеруге арналған материалдар үлестіріледі. Тақырыпты оқып, түсініп, топ ішінде пікір алмасу.

Әркім жекелей тақырыпты меңгеріп, бірлесіп шешім қабылдайды. Топ ішінде пікір алмасып постерге түсіру

Сергіту сәті.

 

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  •                       Алақанды уқалау.
  •                       Қолды қысу
  •                       Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  •                       Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
  •                       Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен  қарай       

            3-4 рет айналым жаса

Жаттығуды

орындарында отырып орындау.

Сабақты бекіту

Деңгейлік тапсырмалар, үлестірме карталармен жұмыс

Топтық жұмыс, орындалған тапсырмалар тақтада бейнеленеді

Бағалау кезеңі

Оқушылардың пікірімен санаса отырып бағалайды

Бір-бірін бағалайды.

Үйге тапсырма

Мұғалім үй тапсырмасын жариялайды.

Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады.

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру