Тіркелу Сайтқа кіру

Компьютер алдына отырғанда ескеретін бір ереже

Компьютер алдына отырғанда ескеретін бір ереже
Компьютер алдына отырғанда ескеретін бір ереже

Компьютер алдына отырғанда ескеретін ережелер бар. Егер күн сайын дұрыс отырмай жүрген болсаңыз, мойын, арқа мен қолыңыздың білезігі сізді мазалауы мүмкін. Ол үшін не істеу керек?

Егер үстелде ұзақ уақыт бойы бүкірейіп, бір қалыппен отыратын болсаңыз арқа бұлшықеттеріне салмақ түседі. Қан айналымы баяулайды. Кейде дене ісінуі де мүмкін. Арқа бұлшықетіңіз зардап шегуі мүмкін. Неліктен бұлай десеңіз: өйткені бүкірейіп отырғанда бұлшықеттер жұлыннан омыртқаға өтетін жүйке жүйесін қысады, ауыртып, сезімталдылықты жояды. Егер мойын омыртқадағы жүйкені қысатын болса онда мойын, қол, иық ауырып, ұйып қалады. Бел омыртқадағы жүйке қысылатын болса бел мен аяқта ауырсыну пайда болады. Енді бұдан шығатын қандай жол бар? Ол үшін...

Орындық жайлы болуы тиіс. Үстелдің биіктігі 75-85 сантиметр аралығында болған дұрыс. Сондай-ақ, айналмалы, шынтақ қоятын және белге арнайы тіреуіштері бар орындық таңдаған абзал. Пернетақтаны ыңғайлы орналастырыңыз. Ал тышқанның (маус) салмағы жеңіл, ал айналатын дөңгелек батырмасы ауырлау қозғалғаны дұрыс.

Мойын, арқа мен қолыңыздың білезігі ауырмау үшін, компьтер алдында отыру қалпын жиі өзгертіп тұрыңыз. Жиі-жиі бой жазып, жаттығу жасаңыз. Арқа бұлшықеттерін қимыл-қозғалыста ұстаңыз.

http://massaget.kz

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру