Тіркелу Сайтқа кіру

Циклдік алгоритм

Сабақтың тақырыбы: «Циклдік алгоритм».

Сабақтың мақсаты:
- Алгоритм, циклдік алгорим, алгоритмнің түрлерін, анық түсіндіру;
- Ресурстар орындау барысында ойлау қабілетін дамыту;
- Ресурсты ұқыпты, тиянақты, шапорындауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Қайталау, пысықтау, қорытындылау;
Сабақтың әдісі: сөз жұмбақ, сұрақ жауап, компьютермен және интерактивті
тақтамен жұмыс, жеке жұмыс, топпен жұмыс;

Күтілетін нәтиже: Циклдік алгоритм ұғымын түсіну; Алгоритмнің
түрлерін бір – бірімен салыстыра отырып
тапсырмаларды орындай алуы;

Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, дәптер, жұмыс дәптері, қима
қағаздар, карточка, өзін – өзі бағалау парақшасы, слайд;

Пәнаралық байланыс: Математика, ана тілі, бейнелеу, қоғаммен;

Сабақтың жүру барысы:

І Ұйымдастыру
а) Амандасу; ә) психологиялық дайындық;
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн балалар,
Қайырлы күн қонақтар!
б) Топқа бөліну /Сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритмдер тобы/
в) Түгендеу /Жоқ оқушыны белгілеу/
г) Алтын ережемен таныстырып өту
ғ) Өзін – өзі бағалау парақшасын түсіндіріп өту
ІІ Үй тапсырмасы
1. Жұмыс дәптердегі 37 беттің №3 тапсырмасы

Өткен сабақты қорыту:
Деңгейлік тапсырмалар:
«А» сұрақтары:
1. Монитор мен баспа құрылғысы қандай құрылғыларға жатады? Монитор мен баспа құрылғысының түрлерін ата?
2. Жад пен процессор қандай құрылғы. Олар қайда орналасқан?
3. Енгізу құрылғыларын ата? Дискнің түрлерін ата?
«Б» сұрақтары:
1. Ақпаратты тасымалдаушыларды ата?
2. Ертеде ақпаратты сақтау мен тасымалдау жолдары?
3. Ақпаратты қайдан, қалай аламыз?
«С» сұрақтары:
1. ТҚЕ неше бөлікке бөлінеді? Атап шық.
2. Жиын дегеніміз не?/Мысал келтір/
3. Нысан дегеніміз не? /Мысал келтір/
«Д» сұрақтары:
1. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
2. Тармақталу алгоритм дегеніміз не?
3. Циклдік алгоритм дегеніміз не?

«А, Б, С, Д» Сұрақтың деңгейлеріне қарай ұпай сандары да әр түрлі болады. «А» тапсырмасының сұрағы күрделі, алатын ұпайы 10 ұпай; «Б» тапсырмасының сұрағы «А»-ға қарағанда жеңілдеу, 8 ұпай алады дұрыс жауапқа; «С» тапсырмасының сұрағы «Б»-ға қарағанда жеңілдеу, 6 ұпай алатыны дұрыс жауапқа; «Д» тапсырмасы оп-оңай, жеңіл тапсырма, 4 ұпай дұрыс жауап бере алса.
Жарайсыңдар балалар, өте тамаша, сұрақтарға барымызша жауап беріп жатырсыңдар, барлықтарыңыздыкіде құнды пікір бола алады. Жалпы жыл бойына өткен сабақтарымызға шолу жасап алдық. Олай болса біздегі бүгінгі өтетін жаңа сабақ «циклдік алгоритм» қайталау сабағы.

ІІІ Жаңа сабақ: «20 сабақ, Циклдік алгоритм»
Электрондық оқулық арқылы тыңдату. /9 сыныптың информатика пәніннің электронды оқулығы/

Миға шабуыл: Блок схеманы толтыру /топтық жұмыс/. Дайын схеманың ішін толтырады.

Үш топқа үш блок схема беріп ішін толтыртып, түсінігін аламын. Бұл жерде алгоритмнің түрлерінің блок схемаларын сызып, ережелерін айтып, пәндермен байланыстырып өтеді.

Сергіту сәті:
- Балалар бұл суреттегі қай қаланың суреті?
- Астана
- Астана қандай қала?
- Бас қала. Еліміздің астанасы.
- Ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Жақсы балалар олай болса Ерболат Құдайбергеновтың «Мен қазақпын» өлеңіне билеп, серігіп алайық.

Қызығушылығын ояту: Жақсы балалар отырамыз орындарымызға. Бой жазып сергіп демалып алсақ даптермен жұмыс жасаймыз. Жұмыс дәптердің 38-39 беттегі №1 тапсырманы Сызықтық алгоритм тобының бір оқушысы /тақтада орындайды/; №2 тапсырманы Тармақталу алгоритм тобы /қағазға, яғни постерге түсіріп қорғайды/; №3 тапсырманы Циклдік алгоритм тобы /компьютерде орындайды/.
Тармақталу алгоритм тобына: Сызықтық алгоритм тобына:

Циклдік алгоритм тобына:

Балалар бірін бірі тыңдап, дұрыс немесе дұрыс емес жерлерін анықтап көрсетеді. Бірін бірі мадақтайды.
Жақсы балалар сіздердің барлықтарыңыздың айтқан пікірлеріңіз орынды. Олай болса ойын ойнап алайық.

Ойын: «Мені тап» топтық жұмыс. Бірлесе отырып жұмыс жасайды. Әріптерді тізбектеу арқылы алгоритмге байланысты сөздерді табу керек.

Шығатын сөздер: алгоритм, сызықтық, тармақталу, цикл, қосу, азайту, көбейту, бөлу, тең, кем, артық, шарт, сөздік, соңы, нәтиже.
Жауабы бар қағаз оқушыларға таратып бермін, өздерінікімен тексеріп қарап шығып, қанша жауабы жұрыс екенін анықтайды. Сол бойынша тапсырманың ұпайларын алады.
Балалар сіздерге жаңа берген жауабы бар қағазды алып қолымызбен жымырамыз. Неге ұқсады, не пайда болды, дұрыс қар.
Қол жаттығуы: Қар жасау ақ қағаздың көмегімен. Қыс мезгілі туралы түсінік.

Шығармашылық тапсырма: Циклдік алгоритмнің блок схемасын құрастыру.
Сызықтық алгоритм мен тармақталу алгоритм тобы компьютерге отырамыз. Циклдік алгоритм тобы блок схеманы интерактивті тақтада құрастырамыз.
Балаларды тыңдау. Әрбір айтылған пікірлері мен жауаптыры дұры, құнды екенін айтып кету.

IV. Жаңа сабақты қорыту:
Электронды оқулық арқылы қорыту.

V. Кері байланыс /рефлексия/:

Бүгінгі сабақтан қандай мағлұмат алдыңыздар Саған қай тапсрманы орындау қиын болды Бұл тапсырмаларды орындаған кезде қандай қиындықтар кездесті Әлі де не біліп үйренуіңіз керек

VІ. Бағалау: Критерий бойынша бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма:
Ереже: Алгоритм. Алгоритмнің түрлерін қайталау.
Жазба жұмыс дәптерлеріңе: Алгоритмнің түрлеріне мысал келтіру dle
Ұқсас мақалалар:
Информатикадан сабақ жоспарлары

Информатикадан сабақ жоспарлары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ, ҚҰЛАН АУЫЛЫ Т. РЫСҚҰЛОВ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ, ИНФОРМАТИКА ПӘН МҰҒАЛІМІ АБЕЗОВА АЛИЯ ӨМІРБЕКҚЫЗЫ Адам ақпаратты...
Информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар

Информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар

Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы,Ұзынкөл селосы, "№2 Ұзынкөл орта мектебі" КММ информатика пәнінің мұғалімі Нургалиева Гульмира Талғатқызы 1)...
Циклдық алгоритмдер

Циклдық алгоритмдер

Сабақтың тақырыбы: Циклдық алгоритмдер Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылар циклдық алгоритмдерді блок – схема түрінде өрнектеуді және программа...
Модель және модельдеу

Модель және модельдеу

Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат...
Алгоритм түсінігі, орындалуы. Алгоритм қасиеттері

Алгоритм түсінігі, орындалуы. Алгоритм қасиеттері

Пәні: Информатика және есептеуіш техника негіздері Тақырып: «Алгоритм түсінігі, орындалуы. Алгоритм қасиеттері.» Бақытта. Бақытқа қалай қол...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру