Тіркелу Сайтқа кіру

Қазақстан аумағын физикалық - географиялық аудандастыру тарауын қайталау

Қазақстан аумағын физикалық - географиялық аудандастыру  тарауын қайталау
Абуова Гулсим
Кызылорда облысы
жалагаш ауданы
аксу ауылы
№116 орта мектептин география пани мугалими

Ашық сабақ: Қазақстан аумағын физикалық - географиялық аудандастыру
тарауын қайталау


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағын физикалық - географиялық аудандастыру
тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан аумағын физикалық географиялық аудандастыру тарауы
бойынша алған білімдерін бекіту, қорытындылау, тиянақтау.
Дамытушылық: География тілінде сөйлеуге үйрету, қосымша тапсырмалар орындау,
ойлау қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды экологиялық, отаншылдық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу әдісі: Ішінара іздену
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, Қазақстанның физикалық картасы, плакаттар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылар мен олардың оқу құралдарын түгендеу.
2. Топқа бөліп орналастыру. (алдын – ала белгіленген).

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Екі топқа үйге берілген тапсырма бойынша өз аймақтарын қорғау. (слайд шоу)

І - топ «Сарыарқа» тобы
ІІ – топ «Тянь – Шань» тобы

1 – тапсырма
Екі топ плакатқа сызылған Қазақстан картасына 9 физикалық – географиялық аймақтарды белгілеу. (шекараларымен)

2 – тапсырма
І – топқа
№ Аймақтар Осы аймаққа кіретін жер бедерлері Өзендері
1 Шығыс Еуропа жазығы Жалпы сырт қыраты, Каспий маңы ойпаты, Жем үстірті Жайық, Ойыл, Жем,
2 Солтүстік қазақ жазығы Есілдің жазық орманды даласы, Тобыл – Обаған жазық даласы, Есіл – Ертіс даласы, Ертіс – Құлынды жазығы Ертіс, Тобыл, Обаған, Сілеті, Шідірті, Өлеңті, Шағалалы.
3 Тянь - Шань Іле Алатауы, Кетпен жотасы, Күнгей Алатауы, Қырғыз жотасы, Талас Алатауы Үлкен және кіші Алматы, Талғар, Есік, Шілік, Шарын, Шу, Арыс, Бөген, Боралдай.



ІІ – топқа
№ Аймақтар Осы аймаққа кіретін жер бедерлері Өзендері
1 Сарыарқа Қызыларай, Шығыстау, Ұлытау Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідірті, Тоқырауын
2 Алтай Оңтүстік Алтай, Кенді – Алтай, Қолба жотасы Ертіс, Бұқтырма, Күршім, Ақ Берел, Көкпекті, Қызылсу, Қайыңды, Бөпен
3 Тұран жазығы Маңғыстау, Үстірт үстірті, Торғай үстірті, Арал маңы құмдары, Қызылқұм, Мойынқұм, Батпақдала, Балқаш – Алакөл алабы Сырдария, Ніл, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Тентен, Шу, ТОрғай, Ырғыз

3 – тапсырма
Берілген биіктікке сәйкес таулар мен олардың шыңдарын белгілеу

Тянь – Шань Хан – Тәңірі

Жоңғар Бесбақан
Алтай Мұзтау
Сауыр Мұзтау
Тарғабатай Тастау
Сарыарқа Ақсораң

Мұғалжар Үлкен Бақтыбай
Маңғыстау Бесбақан

4 – тапсырма
Бұл қай аймақ?
І - топқа
1. Бергі дәуірдің өзінде теңіз табаны болған. Климаттың құрғақтығы өсімдіктердің дамуына кері әсерін тигізуде. Онда құмтөбелер бар. Сібір мен арктикалық ауа енген кезде -40°С – қа дейін төмендейді. Бекіре, қызыл балық сияқты бағалы балық түрлеріне бай. (Каспий маңы ойпаты)

2. Ендік бойынша созылған, ұзындығы -350км, ені 30 – 40км. Биік жері – Талғар шыңы. Мұнда өркешті шыңдар мен тегістеу жазық жерлер кездеседі. (Іле Алатауы)

3. Ең биік нүктесі Мыңжылқы тауы. Аласарып мүжіле бастаған. Пайдалы қазбалардың мол қоры табылған. Неоген, полеоген дәуірлеріндегі тау көтерілу тұсында жетілген. Шымкет қорғасын, мырыш және Тараздың фосфор зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етіп келген. (Қаратау жотасы).

4. Ел аузындағы елеулі аңызға қарағанда ерте кезде көлдің орнында кең жазық дала болыпты. Бұл жерде алуан түрлі әсем жасыл шөптер өскен екен. Оны жайлаған бір байдың жүйрік аты байланған қазық орнынан су атқылап шығады. Атқылаған су шөптерді, ағаштарды басып, жоғары көтеріліріп, тау баурайына дейін жетеді. Ауыл көшіп үлгере алмай байдың бір көген «марқа» қозылары су астында қалыпты. Осы оқиғадан кейін көл пайда болыпты. Пайда болған көлдің атын атаңыз. (Марқа көл).
ІІ – топқа
1. Ең биік жері – Желтау (974м). Ол құмтас, саз және құм араласқан теңіз бен континенттің полеоген шөгінділерінен тұрады. Сарысу мен Балқаш көлінің аралығында жер бедеріне қарай оңтүстік батыс және солтүстік шығыс болып екіге бөлінеді. (Бетпақ дала).

2. Құмтас пен әктастан түзілген. Екі тау жотасынан тұрады. Оңтүстікке қарай қыратты жартылай шөлді дала басталады. Ол түгелдей ұлутасты – әктастардан тұрады. Олардан төмен теңіз деңгейінен аласа бірнеше тұйық қазан шұңқырлар ұшырасады. (Маңғыстау).

3. Кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған үлкен аңғар бар. Жергілікті халық оны қорым дейді. Жібек жолы өткен, Жоңғар, Шыңғыс хан жаулаушылары жүрген кей жерлерде батпақты, қамысты, кей жерде құрғақ дала болып келеді. (Жоңғар қақпасы).

4. Алтай тауының шалғай түкпіріне жол тартқан жаралы бұғыны аңшы қуа береді. Алыстап кеткен бұғының соңынан қуып жеткен аңшы, оның буы бұрқырағын батпақты бұлаққа шомылғанын көргенде қатты таң қалады. Кейін бұл бұлақ осы аңшы атымен аталған. Бұл қай бұлақ? (Рахманов бұлағы, температурасы +31°, +42°).

5 – тапсырма
Сандарды сөйлету

І - топқа
9 – Қазақстанның физикалық – географиялық аймақтары.
60 мың км – Каспий маңы ойпатындағы құмды аймақ мөлшері
-40°С – Каспий маңы ойпатында арктикалық ауа массасы соққандағы температура
712 – Жем өзенінің ұзындығы
974м – Батпақдаланың биік нүктесі Желтау биіктігі
-132м – Қарақия ойысы
20-50м – Тұран жазығында жер асты сулары орналасқан тереңдік
80-10мм – Тұран жазығындағы жауын-шашын мөлшері
1934 – Наурызым қорығы ұйымдастырылған жыл.
5510 – Зайсан көлінің ауданы

ІІ – топқа
Оңтүстік 200м, солтүстік 100м – Солтүстік қазақ жазығының еңістігі
60% - Солтүстік Қазақ жазығында жауын-шашынның жаз айларында жауады
1700км – Ертіс пен Есілдің Қазақстан жеріндегі ұзындығы.
1134м – Сарыарқадағы Ұлытаудың биіктігі
900км – Сарыарқаның батыстағы ені.
350км – Сарыарқаның шығысындағы ені.
4306 – Алтайдағы Мұзтау шыңының биіктігі
1000 – 1500мм – Алтай тауындағы жауын-шашын мөлшері
2300 – Кенді Алтайдағы Үлбі жотасының биіктігі
1558 – Қолба жотасындағы Сарышоқының биіктігі

6 – тапсырма
Екі топтан екі – екі оқушыдан шығып осы тарауға байланысты класс лидерін анықтау.

ІІІ. Қорытынды.
ІУ. Бағалау. dle
Ұқсас мақалалар:
§ 27 Қазақстанның өзендері

§ 27 Қазақстанның өзендері

Жезқазған қаласы, №1 орта мектебі Абильдаева Жанаргул Магадановна география пәнінің мұғалімі 8 сынып § 27 Қазақстанның өзендері...
Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар

Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар

Сабақтың тақырыбы: Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар. Сабақтың мақсаты: Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған...
Құстарды мүсіндейміз

Құстарды мүсіндейміз

Сабақтың тақырыбы: Құстарды мүсіндейміз (презентациясымен) Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің...
Сәулет өнеріне саяхат

Сәулет өнеріне саяхат

Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнеріне саяхат Сабақтың мақсаты: орта ғасырлардағы және қазіргі заман сәулет өнері, стильдері, архитектуралық құрылыс...
Ғылыми жоба: “Ерлік ешқашан ұмытылмайды”

Ғылыми жоба: “Ерлік ешқашан ұмытылмайды”

Қызылорда қаласындағы Нағи Ильясов атындағы № 9 мектеп-гимназыясының оқушысы Дайрабай Абылайхан Бексұлтанұлы Сынып: 8 “А” Ғылыми жетекшісі:...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру