Тіркелу Сайтқа кіру

География 8 сынып ҚМЖ Қысқа мерзімдік жоспар

1-сабақ                               8 сынып

1 апта 2 күн   3 сабақ
Сабақтың тақырыбы Географиялық білім көздері
Сілтеме Жоспар оқулық, интернет мәліметтері
Жалпы мақсаты Географиялық білім  көздерін білу, карта, атлас, оқулықпен қалай жұмыс істеу керек екенін түсіну және барлық білім көздерін өз қажетіне қолдану.
Күтілетін нәтиже Географиялық білім  көздерін біледі, карта, атлас, оқулық, әдебиеттермен қалай жұмыс істеу керек екенін түсінеді және барлық білім көздерін өз қажетіне қолданады.
Негізгі  идеялар Географиялық білім көздері болып табылатын оқулық, географиялық атластармен екі томдық «Қазақ КСР атласы»,                     3 томдық ұлттық атластар мен тақырыптық карталар географиялық карталардың білім алуда маңызы зор екенін білу.
Оқыту құралдары Географиялық карталар, суреттер, электронды оқулық, видеоролик.
Тапсырмалары Сыни тұрғыдан ойлауға «Түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау» сұрақтары

 

Топтық жұмыс  «Жигсо»

Сұрақ-жауап

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

 

Ұйымдастыру:

1.Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу. (Көбелек)

2.Топқа бөлу: санамақ арқылы топқа бөлінеді

І. Сыни тұрғыдан ойлауға «Түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау» сұрақтары

1.Географиялық білім не үшін қажет?

2.Неліктен?

3.Географиялық білімдерді алған жағдайда қандай мамандықтарға қол жеткізуге болады?

Мадақтау арқылы бағалау

ІІ. Жаңа сабақ: Топтық жұмыс «Жигсо»

4 топқа бөлу арқылы «Географиялық білім көздеріне» нелер жататының анықтап, қорғау Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы-ларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді. Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Әр топтың баяндамашысы өз тапсырмаларын ортаға шығып тұсаукесер жасайды

Оқушылар қандай жағдайда түсінгендігін білдіріп бағдаршам арқылы бағалап, көрсетеді.

Топ пікірлері тыңдалады.

ІІІ.Сабақты бекіту:

1.Географиялық білім көздеріне нелер жатады?

2.Жергілікті жерді танып білу үшін қандай құралдарды қолданамыз?

3.Жергілікті жердің табиғатын білу қаншалықты маңызды деп ойлайсың?

Қаншалықты  түсінгенін, түсінбеген жерін, жіберген қателіктерін күнделікке толтыру. (5мин)

Не үйрендім? Не қиын болды? Түсінбеген жерім
     

Бақылаушының  бағалау парағы    (3 минут)

Бағалау өлшемдері Көшбасшы Хатшы Баяндамашы Уақыт

 

сақшысы

Бақылаушы

 

 

 

1 Өз міндетін атқаруы          
2 Мәтінді талдауы

 

Қатемен жұмыс

жасауы

         
3 Өз үлесін қосуы          

Мұғалімнің бағалауы

Кейінгі оқу Қазақстан Республикасының физикалық-географиялық орны

 

2-сабақ                               8 сынып

1 апта 5 күн   1-5 сабақ
Сабақтың тақырыбы Қазақстан Республикасының физикалық-географиялық орны
Сілтеме Жоспар, оқулық, интернет мәліметтері
Жалпы мақсаты Қазақстан Республикасы туралы білу, еліміздің ерекшеліктерін түсіну және білімін толықтыру үшін қосымша мәліметтерді қолдану.
Күтілетін нәтиже Қазақстан Республикасы туралы біледі,еліміздің ерекшеліктерін түсінеді және білімін толықтыру үшін қосымша мәліметтерді қолданады.
Негізгі  идеялар Қазақстанның географиялық орны,аумағы,алып жатқан орны, орналасқан ендіктері мен көршілес елдері, шекарасы, оның ұзындықтары және орынның қолайлы, қолайсыз жақтары туралы оқып біледі.
Оқыту құралдары Дүние жүзінің, Қазақстанның физикалық карталары.

 

Глобус, табиғат суреттері

Тапсырмалары Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтары

 

Топтық жұмыс  «Жигсо»

Пікірталас

Жұмыс дәптері

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

 

Ұйымдастыру:

1.Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу. (электронды оқулық)

2.Топқа бөлу: санамақ арқылы топқа бөлінеді

І. Сыни тұрғыдан ойлауға «Түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау» сұрақтары

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2.Тәуелсіздік алуына не себепші болды?

3.Қандай жағдайда дамыған елдермен теңеседі?

Мадақтау арқылы бағалау

ІІ. Жаңа сабақ:Топтық жұмыс «Жигсо»

4 топқа бөлу арқылы «Қазақстанның географиялық орны және шекарасын» анықтап, қорғау. Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы-ларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Әр топтың баяндамашысы өз тапсырмаларын ортаға шығып тұсаукесер жасайды

Оқушылар қандай жағдайда түсінгендігін білдіріп басбармақ арқылы бағалап, көрсетеді.

Топ пікірлері тыңдалады.

ІІІ.Сабақты бекіту:

1.Еліміздің құрлықтың дәл ортасында орналасуының қолайлы, қолайсыз жақтарына сипаттама беру

ІІ.Жұмыс дәптері

Бақылаушының  бағалау парағы   

Бағалау өлшемдері Көшбасшы Хатшы Баяндамашы Уақыт

 

сақшысы

Бақылаушы

 

 

 

1 Өз міндетін атқаруы          
2 Мәтінді талдауы

 

Қатемен жұмыс

жасауы

         
3 Өз үлесін қосуы          
Кейінгі тапсырма

 

Кейінгі оқу

Кескін картаға Қазақстанның шекарасын түсіру

 

Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық белдеулер

 

 

3-сабақ                               8 сынып

2 апта 3 күн   1- сабақ
Сабақтың тақырыбы Ғаламшардағы уақыт өлшемі, даталардың ауысу сызығы

 

Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы

Сілтеме Жоспар, оқулық, интернет мәліметтері
Жалпы мақсаты Уақыт өлшемі туралы білу, даталардың ауысу сызығын түсіну, еліміздің сағаттық белдеуін анықтауға сағаттық белдеулер картасын қолдану
Күтілетін нәтиже Уақыт өлшемі туралы білу, даталардың ауысу сызығын түсінеді, еліміздің сағаттық белдеуін анықтауға сағаттық белдеулер картасын қолданады
Негізгі  идеялар Белдеулік уақыт, декреттік уақыт, жергілікті уақыт дегеніміз не екенін және жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасы мен еліміздің сағаттық белдеуін анықтауды оқып үйрену.
Оқыту құралдары Қазақстанның, ТМД-ның физикалық картасы, Дүние жүзінің, ТМД елдерінің сағаттық белдеулер картасы, Глобус, сызбалар.
Тапсырмалары Сыни тұрғыдан ойлауға «Ой қозғау» сұрақтары

 

Топтық жұмыс  «Жигсо»

Сұрақ-жауап

Жұмыс дәптері

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

 

Ұйымдастыру:1.Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу.  (5 минут)

2.Топқа бөлу: қағаз парақшалары арқылы топқа бөлінеді  (2 минут)

І. Сыни тұрғыдан ойлауға «Түрткі, сынақтан өткізу,қайта бағыттау» сұрақтары (5 минут)

1.Жер шарында неше сағаттық белдеу бар

2.Бастапқы сағаттық белдеу қай жерден басталады?

3.Еліміз нешінші сағаттық белдеуде орналасқан?

ІІ. Жаңа сабақ:Топтық жұмыс «Жигсо» (25 минут)

4 топқа бөлу арқылы Белдеулік уақыт,декіреттік уақыт,жергілікті уақыттарға түсінік беріп және Жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасын  анықтап,қорғау.                                                Жер шары 24 сағаттық белдеуге бөлінген. Әр сағаттық белдеу 15°-тан тұрады. Белдеу ішінде уақытты барлық нүктеден ортаңғы меридиан бойынша есептеуге келісілген. Сондықтан бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақытты белдеулік уақыт деп атайды. 24 сағаттық белдеудің өз нөмірлері (сандары) бар: 0-ден 23-ке дейін.                                                                                                               Жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасы.Еуразияның батысында күн баткан кезде, оның шығысында келесі күннің таңы ата бастайды. Сондықтан кандай сағаттық белдеуді жаңа тәуліктің басы деп есептеу керек деген маңызды мәселе туады. Жылдың тәуліктерін шатастырмау үшін халықаралық келісім бойынша даталардың ауысу сызығытағайындалды. Ол географиялық карталарда он екінші сағаттық белдеуде, шамамен 180° меридиан бойымен солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі аралықта жүргізілген.                  Декреттік уақыт.Ол 1930 жылы 16 маусымда КСРО үкіметінің декретімен (қаулысымен 1 сағат ілгері қою) енгізілген. Мұны декреттік уақыт деп атайды. Негізгі мақсаты — жұмыс күні ішінде жарықты толығырақ пайдалану және электр қуатын үнемдеу.                        Жергілікті уақыт.Жер шары өз білігінен батыстан шығысқа қарай бір тәулікте толық айналып шығады.Әр меридианның өз уақыты бар, ол солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі аралықта бірдей болады. Бұл уақыт жергілікті уақыт деп аталады.

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді. Оқушылар қандай жағдайда түсінгендігін білдіріп басбармақ арқылы бағалап,көрсетеді.

Топ пікірлері тыңдалады.

ІІІ.Сабақты бекіту:

  1. Жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасы
  2. Декреттік уақыт
  3. Жергілікті уақыт

IY.Жұмыс дәптері

Мұғалімнің бағалауы

Қаншалықты  түсінгенін,түсінбеген жерін,жіберген қателіктерін күнделікке толтыру. (5мин)

Не үйрендім? Не қиын болды? Түсінбеген жерім
Кейінгі тапсырма

 

Кейінгі оқу

Кескін картаға сағаттық белдеулерді  түсіру

 

Сағаттық белдеулерді анықтауды үйрену

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру