Тіркелу Сайтқа кіру

Ағылшын тілін оқытуда пайдаланылатын әдістер мен тәсілдер.

Басшиева Жадыра. Жанкелдин орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі. Сарға селосы, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы
Ағылшын тілін оқытуда пайдаланылатын әдістер мен тәсілдер.
Бүгінгі күні ағылшын тілі Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстарын нығайтуға мүмкіндік беретін мәдениетаралық қарым-қатынастардың негізгі құралы болып табылады.Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынастары мен әдіс алмасу технологиялары жүзеге асып отырған мезгілде барлық адамдар ағылшын тілін еркін меңгеруі тиіс. Осы мақсатта 2011 жылдан бастап 1-сыныпта ағылшын тілі оқытыла бастады.Ағылшын тілін бүлдіршін жастан оқытудың мақсаты балалардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу мүмкіндігін қалыптастыру болып табылады.Мектеп табалдырғын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары нені үйретсең соны санасына тез сіңіретін нағыз қабылдауы жақсы жжасында болғандықтан,қандай тіл болмасын тез үйреніп кете алады.
Еліміз дамудың демокатриялық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге үйрету-заңды құбылыс.Бұл күнделікті аудиториядағы жұмыстарға да қатысты:бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай білім алушылардың білімділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдісті-интерактивті әдіс деп атайды. Интерактивті әдіс кезінде
-сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды.
-ондай қарым-қатынас білім алушылар әлде бір мәселені талқылап,соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады.
-онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.
Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол білім алушыларды өз бетінше ой қорытып,жауап табуға үйрету.Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды.Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады.Бұл әдісте білім алушы мынадай қарым-қатынасқа түседі:
-мұғаліммен (сұраққа жауап беру)
-өзге балармен (қосақталып жұмыс істеген кезде)
-шағын топтармен (топпен жұмыс істеген кезде)
-белгілі бір топпен,аудиториямен (сауалнама алғанда)
-кейбір техника түрімен (компьютермен т.б)
Интерактивті әдістің ерекшелігі- бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі,көбірек оқып тәжірибе жинай білуі керек.Интерактивті әдістемеде барлық білім алушылардың мынадай мақсатттарға жетуіне мүмкіншілік береді:
-олар мол мағұлмат алып,өздері айтқан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;
-терең ойланыпбөз пікірлерін ашық айта алатын болады;
-мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған,тәжірибеде жинақтаған білім қорларын пайдалана алады.
-бір-бірінен жаңа мағұлматтар алып,білімін толықтыра алады;
-Интерактивті әдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады:
-фактілерді еске алу,
-ойлану,
-алған білімін жаңа жағдайда пайдалану,
-талдап,синтездеп үйрену
-баға беру (сапасын анықтау)
Бұл ретте ең алдымен оқытудың формалары мен түрлерін,әдістерін түрлендіріп,жаңартып отыру,білім беру ісін технологияландыру керек.Ең бастысы оқу әрекетінің субектісі ретіндебілім алушылардың дамуын қамтамасыз ету керек.Оқу әрекеттерін ынталандыруда олардың барлығының көзқарастарына көңіл бөлу,пікірлеріне қызығушылық танытып келісу керек,оларға белгілі бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу керек,пікірлерін сынауға,кемсітуге жол бермеу керек.
Интерактивті әдіс адамды білім алудың баолық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды,білім алу үрдісін мәнді етеді. Қорыта айтқанда осындай» технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру,инновациялық үрдісте тиімді қолдану-қазіргі заман талабы. dle
Ұқсас мақалалар:
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Қарағанды облысы Шет ауданы Мұхтар негізгі орта...
Ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімді жолдары

Ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімді жолдары

Ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімді жолдары. Нұрбекова Оразкүл Жаңақорған ауданындағы №55мектептің ағылшын тілі пәні...
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ

ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ

ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ БАЗЫЛБАЕВА ЭЛЬМИРА ЕГИНБАЕВНА, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Павлодар облысы, Май ауданы, ...
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін қолдану.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін қолдану.

№ 3 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін қолдану. Мектепке...
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНДА МАМАННЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНДА МАМАННЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНДА МАМАННЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ Сүлейменова Гүлсезім Абайқызы. БҚО, Қаратөбе ауданы «Қаратөбе...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру