Тіркелу Сайтқа кіру

Щ дыбысы мен әріпі

Маңғыстау  облысы

Қарақия  ауданы

Құланды  орта  мектебінің

Бастауыш  сынып  мұғалімі

Уткилбаева  Гулсим  Утеушкызы

 

 

Сабақтың тақырыбы: Щ  дыбысы мен әріпі

Мақсаты : Таныту, әріптің  сөздегі орны  туралы түсінік беру арқылы  жазылатын  сөздерді дұрыс  оқу  мен жазуға үйрету дыбыстық , буындық талдау жасату.

 

Дамытушылық:     Оқушылардың оқу  әріптерімен шұғылданып  өз беттерімен  жұмыс  жасау  арқылы  теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін және  шығармашылығын  дамыту.

 

Тәрбиелігі: Ауызекі сөйлеу , сәлемдесу, үлкенді сыйлау мәдениеттерін  қалыптастыру. Таза, сауатты жазуға  тәрбиелеу.

 

Әдістер:Сұрақ- жауап , дамыта оқыту, ойын ізденушілік.

 

Көрнекілігі: Суреттер , буындар.

 

 

Сабақтың барысы :

 

I Ұйымдастыру.

1.Амандасу оқушылармен. жақсы оқушылар  бүгінгі  сабағымызға қонақтар келіп отыр, яғни біздің білімдерімізді бағалау үшін.

 

Сонымен үй тапсырмасынан бастайық үйге қандай   тапсырма берілді.

 

Е, Э дыбысын оқу  және жаттау.

-оқушылар үй  тап өз беттерімен айтады.

-өте жақсы енді бізге орман  аңдарыда өз тапсырмаларымен  келіп отыр   екен.

тақтаға назар  аударайық аюдың тапсырмасы.

сұрақ

          а) 1 жылда неше жыл мезгілі  бар ?  (төрт жыл мезгілі ) жаз, күз, қыс, көктем.

 

          ә) Қыс мезгілінің  ерекшелігін ата ?

              жерді қар басады,

              балалар шанамен  ойнайды.

              Сырғанақ тебеді.

 

          б) Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді ?

               2- ге жуан және жіңішке.

 

          в) Дауыссыз дыбыс нешеге  бөлінеді.(3-ке)

 

          г) Қосарлы  дауысты дыбыс.

              оқушылар  жауап береді .

 

        орманнан келген  тиіннің сұрағы

          Тазалықта бірден сіз

           Щеткаңыздан іздеңіз. (Щ) дыб.

           Щ-щ-щ   оқушы қайталайды.

           Жақсы оқушы щ дыб кездесетін  тақпақтар білеміз бе ?

          -Иә. оқушы айтады .

 

            Щеткалар бар түрлі

            әр жерде олар тұрады.

 

            Ащы  тамақ ауыр,

            Тұщы тамақ тәуір.

            -Щ дыбысы орыс  тілінен енген  дыбыс.

             Оқулығыңызды  ашайық, оқулықпен жұмыс.

 

                 

           Мәтіннің мазмұнымен  таныстырамын.

           Балқаш мәтінін.

           Щеткалар өлеңін оқып жаттаймыз. Көлдер- Арал, Алакөл , Марқакөл , Зайсан.

              

           Қоянның тапсырмасы.

           Жақыс оқушылар егер сендер  Щ дыбысын  толық танып болсаңдар. Щ. әріпін дәптерімізге жазамыз.

           оқушылырға  түсіндіріп жаздырымын

           оқушылар  қолымызды жоғары  көтереміз. Щ әріпін  ауада саламыз

          

           Қолға қалам аламыз,

           Көркем етіп  жазамыз.

- Оқушы өздері орындайды.

 

Түлкінің  тапсырмасы.

  «Адасқан буындар» ойыны.

  Оқушы буыннан  сөз құрайды.

 

Сабақ бекіту.

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру