Тіркелу Сайтқа кіру

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

  1. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Кіріспе сөз:

Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің  ұйымдастыруымен өткізілгелі  отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын  6 жасар бала болса,  бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.  Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап»Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары , «Әдепті бала» ,әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

   Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі  балалық шақтан басталады.  Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр.Ендеше қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,

ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

 Айдос: Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

 

Шұғыла: Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Бауыржан: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

 

Айым:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Азамат: Дұрыс айтасың Айым ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Шұғыла : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

Дильназ :

Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

Анара: Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Әділ :Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Азамат: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Айым: Олай болса Азамат алтын ұя мектебімізге арнап

 «Мектебім» әнін шырқайық!

Ән: Мектебім.

Слайд: «Мектептегі мерекелер

.Дильназ: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Айдос: Енді міне  сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Айым: Иә, міне сағымдай өте шыққан  4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Азамат: Ендеше бастауыш сынып ұстаздарымыз  туралы неге айтпасқа !

Анара:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

 

Ұстаздарға тілек

 

1 Қашан көрсең көңілді  жүретін

Бізді көрсе жымия бір күлетін

Гульмия Токтамысовнаға ризамыз,

Мектебі үшін жұмыс істей білетін!

  1.      Наталья Юрьевнадай ардақты,

Өзі сұлу, бойы ұзын салмақты.

Сыныбымызға кірген кезде ол кісі

Ғажайып көңіл күй орнапты.

  1.      Тәрбие жұмысын меңгерген,

Сценарий жазуды жөн көрген

Ганикамал Арькадиевнаға мың алғыс,

Арқамызға тәлім  өңгерген

  1.      Еңбек етуді үйреткен,

Жаман істен жиреткен

Мария апайға мың рахмет

Бізді алға сүйреген

  1.      Жаттығу жасатып кез – келген,

Деніміздің саулығын көздеген

Қамбар ағаға ризамыз

Балаша ойнаған бізбенен

  1.      Домбыра тартып, ән салып

Асыға бізді қарсы алып

Қайырбек ағаны көргенде

Қуанып кетеміз тамсанып

  1.      Орыс тілін дамытқан

Сырымызды біздің сан ұққан

Қарлығаш апайға мың алғыс

Ереже жаттатып танытқан

 

  1.      Шаттық шеңберін құрады

Біздерге мойын бұрады

Ержан ағай қашанда

Көңілді болып тұрады

 Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

          Мың алғыс мына отты жүректерден!

Ән: Ә. Еспаевтың  «Ұстазым»

Бауыржан : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Дильназ Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік  кеп.

Әділ:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

Шұғыла:

Иә, бастауыш сыныпта не бір қызықтар болды ғой. Білесіңбе, Айдос, алғаш біз бірінші сыныпта вальс билеген кезде бір – біріміздің аяғымызды басып, бір – бірімізден шошығандай әрең билеп едік.

Айдос

Иә,иә Шұғыла сен де әлі ұмытпаған екенсің ғой. Қазір билесек қалай болар екен.

Би: вальс

Дильназ:

Азамат, Шұғыла мен Айдос бірінші сыныппен төртінші сыныптың айырмасын енді түсінген сияқты. Ол кезде тіпті билемек түгілі сабаққа жылап әрең келуші едік

Азамат:

Иә, төрт жыл ішінде біраз шамаға есейіп кеттік емеспе  Есейдік деп көп сөйлеп кеттік қой одан да мектеп жайында көрніс көрсек қайтеді.

Дильназ:

Көрсек көрейік

Көрніс:

 

Анара:

 Әділ осы сенің есіңде бар ма білмеймін менің есімдеұмытылмайтын болып қалды

Әділ

Сондай есіңнен ұмытылмайтын ол не?

Анара:

 Білесіңбе сен сабақта құрт екен деп сабын жеп қойып едің ғой?

Әділ:

Айтасың -ау Анара, оны қайдан ұмытайын сабын жеп сендер талай мазақ қылдыңдар емеспе. Анара, одандажамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамызға жыр арнасақ қайтеді

Анара:

Иә, Әділ шын айтасың қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де  сол кісілердің арқасы. Біз болашақта саналы да, ақылды  бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

Шұғыла:

Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Айдос:

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Ән: «Анашым қартаймашы»

Бауыржан:

Айым біз бірінші , екінші сыныпқа қайта барғандай болдық қой. Әр сыныптың әр бөлек қызықтары бар ғой

Айым:

Шын айтасың Бауыржан әр кез өз қызығымен қызықты. Маған барлығымыз билеген қазақ биіміз қатты ұнайды

Бауыржан ендеше сол биді ұмытпасақ билесек қалай болады.

Бауыржан

Әрине қуана –қуана билемін

Би: Қазақ

Ата-ана сөздері

Жанна апай

Ақерке , біздің балаларымыз алғаш бірінші сыныпқа келген кезде бір – бірінен жасқанып, жылағандары жылап сабаққа келуші еді, енді міне қарашы қалай ер жетіп кеткен.

Ақерке апай

Дұрыс айтасың, Жанна, уақыт енші деген осы ғой балаларымыз міне бастауыш сынып бітіріп жатыр. Осы біздің кішкентай ұлдарымыз бен қыздарымыззға арнап ата-аналар атынан бір ән тарту етсек қайтеді.

Жанна апай

Иә, Ақерке ендеше аналарының әнін тыңдайық.

Әділ:

Шұғыла біз қандай бақытты баламыз. Біз үшін аналарымыз да ән айтып жатыр

Шұғыла

Шын айтасың қазір бізден асқан бақытты адам бар ма екен.  Әрқашанда бақытты болып жүре берейік. Білесіңбе осы жаңа жылда біздің сыныптың билеген билері бәріненде күшті шығып еді ғой соны көрсек қалай болады.

Әділ:

Шынындада біздің билеген биге жетер би болған жоқ сияқты көрсек көрейік

Би: ча-ча

Шұғыла

Әділ осы біз 4 жылдың ішінде барлық ұлттардың билеген билеген сияқтымыз

Әділ:

Жоқ Шұғыла сен қателеспе  біз үнді биін билеген жоқпыз ғой

Шұғыла:

Шын айтасың Әділ үнді биін билемеппіз екенбіз ғой билесек қалай болар еді.

Әділ:

Көргің келе ме Шұғыла

Шұғыла

Әрине Әділ ендеше қара тура бір үнді жеріне барғандай боласың

Би: Үнді биі

Айым:

Балалар біз 4 жыл бойында көрсеткен өнерлерімізді түгелдей көрсеткен сияқтымыз. Енді жоғарғы сыныпқа барған кезде осы қалпымызда бір – бірімізді сыйлап, өнерімізді аямай жүре берейік. Азамат сен не айтар едің?

Азамат:

Иә, достар, кішкентай кезімізден бастап бір –бірімізбен тату болдық. Соның құрметіне «Армандастар » әнін шырқайық

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап  көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!

Мектеп дитекторы: Гульмия Токтамысовнаға

 

 

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

 

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

 

 

 

dle
Ұқсас мақалалар:
Ө. Тұрманжанов «Жаралы торғай»

Ө. Тұрманжанов «Жаралы торғай»

Бастауыш сыныптарының арасындағы онкүндіктің жабылуы Көрніс: «Хан және уәзірлері» -Уәзірлерім қайда, Шақырып келші - Жақсы ханием,...
Бастауышым - балбұлағым

Бастауышым - балбұлағым

Тақырыбы: «Бастауышым - балбұлағым». Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде...
Бастауышым- балбұлағым

Бастауышым- балбұлағым

Сабақ тақырыбы: Бастауышым- балбұлағым. Сабақтың мақсаты: 1) Білімнің сара жолы мектептен басталатынын,білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын...
25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Бастауышпен қоштасу - Қазақша сценарий)

25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Бастауышпен қоштасу - Қазақша сценарий)

25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Бастауышпен қоштасу - Қазақша сценарий) Жаңбырова Тоғжан №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ақтау қаласы Маңғыстау...

"Шағын орталықпен қоштасу"ертеңгілік

"Шағын орталықпен қоштасу"ертеңгілік « Шағын орталықпен қоштасу» ертеңгілігі. Мақсаты: Бір жыл бойы бойларына сіңірген білім деңгейін ата-аналарға...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру