Тіркелу Сайтқа кіру

Ө. Тұрманжанов «Жаралы торғай»

Бастауыш сыныптарының арасындағы онкүндіктің жабылуы

Көрніс: «Хан және уәзірлері»

-Уәзірлерім қайда, Шақырып келші

- Жақсы ханием, шақырып келейін

1. Уәзір: Сіздің шақыруыңыз бойынша уәзірлеріңіз келіп тұр, ханием

- Ия, уәзірлерім, осы онкүндікте не білдіңдер, не көрдіңдер срны білгім келеді

1. Уәзір: Тәрбиелік жағынан салт дәстүрлер, жамандық пен жақсылық, достық, Отан, отбасы жайында қызықты сабақтар көрдік.

- Ал, пәндер жайында не айтар едіңдер?

2. Уәзір. Пәндерге келетін болсақ, зат есім, жануарлардың әр түрлілігі, жаралы торғайға қалай көмектесу керектігін білдік.

3. Уәзір. Уа, ханием, біз бір сыныпқа барсақ, «Жеті лақ» ертегісін көрдік. Содан сол ертнгіні сізге қойып берулерін өтіндік. Сіз оны көруге қалай қарйсыз.

- Өте жақсы көрсек, көрейік

Даярлық сыныбының «Жеті лақ» ертегісін көру

-         Мына балалар қандай талантты! Мен бұл балаларға разымын.

-         Ал, уәзірлерім, сендер осы пәндерге алғыстарыңды білдіріңдерші.

Пәндер туралы тақпақтар айту.

Математикаға:   Пәндердің паң патшасы,

                            Математика басташы

                           Апта бойы жұмыстан,

                           Шаршамаған тыныстан

                           Рахмет саған, рахмет!

 

Қазақ тілі:           Қазақ тілі қостайды,

                           Тіл болмаса бас қайғы

                           Ел бірлігі осы тіл

                           Жақсылыққа бастайды

                           Рахмет саған, рахмет!

 

Ана тілі:               Бәрінен де салмақтым

                             Ана тілім ардақтым

                           Ана сүтіндей бойыма

                           Таралған нәрі жан – жақтым

                           Рахмет саған, рахмет!

 

Дүниетану:         Дүниетану кітабы

                           Әлемді танытып тұрады

                           Оқи берсең қызықты

                           Қыран құстай қырағы

                           Рахмет саған, рахмет!

 

Барлық пәнге:    Пәндер бізге көп керек

                           Үйретеді көп дерек

                           Білім нәрі осылай

                           Аламыз біздер бөп – бөлек

                           Рахмет саған, рахмет!

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру