Тіркелу Сайтқа кіру

«Достық қымбат өмірде»

Сабақтың тақырыбы: «Достық қымбат өмірде»

Сабақтың мақсаты: «Достық», «өзара сыйластық», ұғымдарының мағыналарының мәнін аша отырып,адамдардың арасындағы достық қарым – қатынастары жайында мағлұматтар беру. Нақыл сөздердің мағыналарын ашу. Адамның өміріндедостықтың алатын орны туралы ұғымдарын кеңейту.

Оқушыларды сенімді және адал дос болуға, өзара сыйластық, өзара түсінікті, өзара көмек қарым – қатынастарындамыту.

Адамдар арасындағы достық пен өзара түсінікті бағалауға, балаларды достарымен дұрыс қарым – қатынас жасауға, татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі:  нақыл сөздер, сызба, түрлі – түсті бояулар, қима қағаздар

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі

Сабақтың түрі: ойын сабақ

                                            Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру.

Оқушылармен шаттық шеңберін құру барысында бір – біріне деген жылы лебіздерін айту.

  Балалар бір – бірімізге жылы лебіздерімізді айтып болсақ, енді сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық. Ол үшін мына қима қағаздарды бір – бірімен жалғастырайық. Дөңгелектегі балалар бір топ, ал шаршыдағы бір топ болсын.

  1. Тақырыпты ашу.

-         Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын білу үшін «Сиқырлы әріптерді тап » ойынын ойнайық. Ол үшін мына математикалық есептерді шығарайық

50*2=100  C                      9*5=45   Д         7*9=63  М    

5*5=25    Ө                         30*3=90  Қ    

8*7=56  Р                           3*3=9     Ы                             

6*6=36   А                          9*9=81    Б

2*30= 60  Т                       9*3=27  І

7*7=49      Е                     4*5=20     О

45

20

100

60

9

90

Д

О

С

Т

Ы

Қ

90

9

63

81

36

60

Қ                       

Ы

М

Б

А

Т

 

 

25

63

27

56

45

49

Ө

М

І

Р

Д

Е

 


- Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білдік, әр топ өздеріне топтың аты мен ұрандарын дайындасын.

-         Ал балалар біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі ұранын оқиық

«Дос көңілі – шарайна,

Сындырып алма , абайла»

Сұрақ қою

-Балалар дос дегеніміз не?

- Ия , балалар, дос дегеніміз қиналғанда жаныңнан табылатын жан. Дос деген үлкен бір ұғым  «Доссыз өмір бос» деген екен. Яғни досымыз болса, барлық сырыңды айта аласың

Достың қандай түрлері бар?

-Жақсы, балалар, достың екі түрі бар екен олар: адал дос және амал дос.

Енді осы екі дос туралы сызба жасап көрейікші

 

 

 

                     Салмақты

кешірімді                            адал

 

 

төзімді                                  кек сақтамайтын

 

 

шыншыл

              ақылды    мейірімді

 

                    мақтаншақ

 

 тәртіпсіз                                      өтірікші

 

 

                                           сатқын

                       жалқау

-         Балалар, біз адал дос пен амал досты ажырата алатын болдық. Амал досқа сенбеуіміз керек, сол үшін абайлап жүруіміз керек

-         Енді қазір біз «Дос іздеймін» ойынын ойнайық. Ол үшін әр бала өздерінің досы қандай болу ын армандайды. Сол бойынша сурет немесе жазу түрінде мына қағазға жабыстырамыз. Жабыстырып болғаннан кейін әр топ өздерінің газеттерін тақтаға іледі. Солардың ішіндегі қайсысы ұнайды сол баланың досы болады.

Жағдаят

  Берілген суреттерге қарап «суреттегі кейіпкерлер бір – бірімен достаса алады?» деген жағдаяттың шешімін табу.

Слайдтан «Қап бәлем», «том мен джери» деген мультфилмдердің суретін көсету.

«Сиқырлы орындық» ойынын ойнату.

  Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады, оқушылар оны мақтап жақсы жақтарын айтады.

«Біз қандай баламыз»

Күн тәріздем дөңгелек сары қағаз ілінеді. Қағаздың ортасына «Біз» деген сөз жазылған. Әр бала өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерін айтып, шуақты тақтаға іледі.

Қорытынды.

Мен не білдім?

Не білгім келеді?

Жүректен жүрекке

Оқушылар бір – біріне тілек жазып, қолдарындағы жүректерін табыстайды

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру