Тіркелу Сайтқа кіру

Үлгілі шаңырақ

Шығыс Қазақстан Облысы

Ұлан ауданы, Ново-Одесское ауылы

Бастауыш сынып мұғалімі

Исебаева Инабат Советовна

 

Сабақтың тақырыбы: «Үлгілі шаңырақ».

Мақсаты:   Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, халықтық педагогика негізінде салт-дәстүріміз туралы білімдерін байқау.

Отбасы Отанның бір бөлшегі екендігін   ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұжымдылыққа, бірін –бірін сыйлай білуге, қамқорлыққа әдептілікке   тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1. Кіріспе бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сайысқа қатысушыларды анықтау.

3. Сайыс дайындығын тексеру.

4. Қазылар алқасын сайлау.

1-жүргізуші:  Армысыздар, ағайын, ата-аналар

                      Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдас.

                      Бүгінгі күн әуенін біз бастайық,

                      Сайысқа көңілменен қол соғайық.

2-жүргізуші: Біздерде ойын-сауық басталады,

                     Тамаша күй тартылып, ән салады.

                      Қошаметтеп, қол соғып отырарлық

                      Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.

Мұғалім:  Құрметті ұстаздар мен көрермендер!     Бүгінгі  «Үлгілі шаңырақ»  атты  сайысқа қош келдіңіздер. Менің ойымша, бұл байқау емес отбасылар мерекесі.

 Біздің мақсатымыз:      Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, халықтық педагогика негізінде салт-дәстүріміз туралы білімдерін байқау.

Отбасы Отанның бір бөлшегі екендігін   ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұжымдылыққа, бірін –бірін сыйлай білуге, қамқорлыққа әдептілікке   тәрбиелеу.

         Отбасы-адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрдің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуіне негіз болып табылады.

1-жүргізуші:  Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған отбасыларын қошаметтеп ортаға шақырайық.

2-жүргізуші:  Сынымызды бастамас бұрын жанұя топтарын бағалайтын «әділқазылар» алқасын сайлап алайық.  

Мұғалім: Енді бүгінгі болатын сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін:

1. «Сұрасаң біздің тегімізді?»   (отбасы өздерін таныстыру)

  1. «Меннен сұрақ- сізден жауап»  ( балаға және ата-анаға сұрақтар мен жағдаяттар беру)

3. « Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,

Атадан тағылым алмаған ұл жаман»   (отбасының іскерлік шеберліктері шыңдалады, ою қиып, оны жабыстыру )

  1. «Өнерлі отбасы»  (өз өнерлерін көрсету)
  2. «Ананың аялы алақаны-баласына сағыныш»         ( Жан-жануарларға, төрт түлік малға, құстарға  теңеп немесе сыйпаттап аналары балаларына жылы сөздер айтады. Ал балалары ана туралы 3 мақал айтады)
  3. «Біз дайынбыз!»  (үйде баласымен бірге дайындаған заттарын қорғайды )

-рет сандарын таңдап алып, сол сан бойынша кезекпен шығып отырады.

1-жүргізуші:  Армысыздар, айналайын дана қалқым,

    Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

              Ата-баба шежіресін жіктеп,

   Таныстыру парызы әрбәр жастың

       Өнерлерін паш етер отбасылар,

       Сәтте келіп қалғандай танысатын,- дей келе, бұл шартымыз «Сұрасаң біздің тегімізді» таныстыру кезеңі.

 2-жүргізуші:  О, ата-ана, таянышты тірегім!

                        Бар бақытты бір басыңа тіледім,

                        Балаларым жақсы болсын деп қашанда

                        Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің,- дей отырып сайысымыздың  екінші кезеңі- « Меннен сұрақ-сізден жауап» кезеңі . (қима қағаздарды өздері таңдап алып, кезекпен жауап береді)

1-отбасына:

1.Атты мінгенде қандай  қандай әбзелдер пайдаланылады? (жүген, ноқта ер-тоқым, төс тартпа, өмілдірік, ат көрпе, қамшы)

2. Сіздің жұмысқа баратын уақытыңыз. Сізді балаңыз мектепке міндетті түрде бару керектігін айтты. Сіз не істейсіз? Балаңызбен мектепке барасыз ба, әлде жұмысыңызға кете бересіз бе?

3.Балаға сұрақ:

-Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не?

2-отбасына:

1.Ертеректе қолданылған ыдыс-аяқтар. ( күбі, елеуіш, қыш ыдыстар, ағаш тостақтар, ағаш мысық, мес, торсық, т.б)

2.Сіздерді достарыңыз туған күнге шақырды. Бірақ үйде балаңыз жалғыз қалды. Сіздер не істейсіздер? Барасыздар ма, әлде бармайсызба ма?

3. Балаға сұрақ:

-Анаңның, әкеңнің туған күні қашан?

3-отбасына:

1.Ұлттық тағамдар мен сусындарды атаңыз?  (бесбармақ, бауырсақ, шелпек, құрт,айран, жал, жая, қымыз, қаймақ, т.б)

2. Телеарнада жақсы концерт болып жатыр, бірақ келесі жағында балаңызға қызықты кино болып жатыр. Балаңыз сол киноны көрем дейді.  Сіз не істейсіз?

3. Балаға сұрақ:

-Отбасыңмен бірге қандай мерекелерді атап өтесіңдер?

4-отбасына:

1.Төсеніш бұйымдарын атаңыз? ( алаша, киіз, текемет, сырмақ, бірсалар,құрақ  көрпеше, тулақ, бөстек, т.б)

2.Сіз бүгін концертке билет алып қойдыңыз. Сіз барамын деп дайындалып жатқанда досыңыз қонаққа шақырды. Сіз не істейсіз?

3. Балаға сұрақ:

-Ата-анаңмен бірге  үйде қандай жұмыстар атқарасыңдар?

1-жүргізуші: Шеберлердің өнер тамып қолынан,

                  Жаңылмаған ата-баба жолынан.

                  Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

    Біз көрейік таланттының өнерін, деп үшінші шартымыз бойынша сайыскерлеріміз салт-дәстүрге байланысты ою-өрнек қиып, оны жақсылап жапсырып шығады.

2-жүргізуші: Қазақ халқы өнерлі бай ел екен,

                 Өнер деген мол қазына, кең екен.

   Сыналатын енді қазір кез келді

Өнерлерін көрсететін сіздерге-дей келе, сайысымыздың келесі кезеңі бойынша «Өнерлі отбасы» сайысына кезек берейік.

1-жүргізуші:

 «Ананың аялы алақаны-баласына сағыныш» атты кезеңге кезек берейік.  Жан-жануарларға, төрт түлік малға, құстарға  теңеп немесе сыйпаттап аналары балаларына жылы сөздер айтады. Ал балалары ана туралы 3 мақал айтады.  

2-жүргізуші:

Соңғы шартымыз «Мен дайынмын»  кезеңіне кезек берейік. Онда үйде балаңызбен жасап әкелген затыңызды қорғайсыз.

1-жүргізуші:

                   Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

                   Өнер- күрес, жеткізе ме мұратын?

                   Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,

                   Қатысуда бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын,-дей келе сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

2-жүргізуші:

                   Бауырласқан жанымыз

                   Бұзылмаған салтымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз

Өзге ұлттай біздің де,

Сақталып міне, дәстүр салтымыз, деп бүгінгі «Үлгілі шаңырақ» сайысы өз мәресіне жетті.

                                        

1. Атты мінгенде қандай   әбзелдер пайдаланылады?

2. Сіздің жұмысқа баратын уақытыңыз. Сізді балаңыз мектепке міндетті түрде бару керектігін айтты. Сіз не істейсіз? Балаңызбен мектепке барасыз ба, әлде жұмысыңызға кете бересіз бе?

3.Балаға сұрақ:

-Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не?

 

1. Ертеректе қолданылған ыдыс-аяқтар.

2. Сіздерді достарыңыз туған күнге шақырды. Бірақ үйде балаңыз жалғыз қалды. Сіздер не істейсіздер? Барасыздар ма, әлде бармайсызба ма?

3. Балаға сұрақ:

-Анаңның, әкеңнің туған күні қашан?

 

1. Ұлттық тағамдар мен сусындарды атаңыз? 

2. Телеарнада жақсы концерт болып жатыр, бірақ келесі жағында балаңызға қызықты кино болып жатыр. Балаңыз сол киноны көрем дейді.  Сіз не істейсіз?

3. Балаға сұрақ:

-Отбасыңмен бірге қандай мерекелерді атап өтесіңдер?

 

1.Төсеніш бұйымдарын атаңыз?

2.Сіз бүгін концертке билет алып қойдыңыз. Сіз барамын деп дайындалып жатқанда досыңыз қонаққа шақырды. Сіз не істейсіз?

3. Балаға сұрақ:

-Ата-анаңмен бірге  үйде қандай жұмыстар атқарасыңдар?

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру