Тіркелу Сайтқа кіру

Алақай, қыс келді!

Жамбыл облысы, 
Т.Рысқұлов ауданы, 
Құлан ауылы.

«Балапан» балабақшасының тәрбиешісі:

 Абдиманапова Айгерим  Бахыткызы

 

Алақай, қыс келді!

Мақсаты: балалармен  бірге қысқы  ойын – сауық атауларын бекіту, қимыл- қозғалыстарын  дамыту,  тәрбиешінің дабылы бойынша дұрыс қимылдай білу,ойын- сауықтарға қатысуға деген  ынта- ықыласын, қызығушылығын ояту.

Шаттық шеңберіне тұрамыз.

Тәрбиеші: -Балалар көңіл күйлерің қалай?

Балалар: Тамаша

Олай болса, «Тамаша» ойынын ойнайық.

Ойынның шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер тамаша деп жұдырықты  түйіп, бас бармақтарынды көтересіңдер.

1. Балабақша қандай?  Тамаша

2. «Гүлдер» тобының балалары қандай? Тамаша

3. «Қыс»мезгілі қандай? Тамаша

4. «Қар» жауған қандай? Тамаша

5.Біздің күлкіміз қандай? Тамаша

6. Менің айтып тұрған сөздерім қандай? Тамаша

 Жақсы балалар, бүгінгі күнімізде осындай тамаша өтсін.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі

-Қыста күн қандай болады? Күн суық болады.

Ендеше боран соққанды қимылмен қалай көрсетеміз?(Балалар қимылмен көрсетеді)

-Жақсы балалар , енді барлығымыз қыс туралы білетін тақпақтарымызды айтайықшы.

Ой,балалар,мынау қыс ханшайымы емес пе?Өзі ашулы ғой.

Қыс ханшайымы: Менің аязды, суық күндерімді елең қылмай не думан өткізіп жатырсыңдар, көрсетем мен сендерге (сиқырлы таяғымен тәрбиешіні қатырып тастайды).Балаларды қатырғысы келеді, балалар қатпайды.

Қыс ханшайымы:

Түсінбей тұрмын, мына балалар неге қатпайды а?

Тәрбиеші көмекшісі: Біздің балаларды қатыра алмайсыз.

Қыс ханшайымы: Неге?

Тәрбиеші көмекшісі: Оны балалардың өздерінен сұраңыз.

Қыс ханшайымы:

-Балалар мұз қылып қатырсам не істер едіңдер? Қоянша секіреміз.

-Қарға айналдырсам не істер едіңдер? Қол ұстасып айналамыз.

Тәрбиеші көмекшісі:Балалар тәрбиеші апайларыңды жақсы көресіңдерме?

-Ендеше бәріңіз апайды құшақтап, жылытыңдар, мүмкін апайларыңның сиқыры кетіп,өз қалпына келер.

Қыс ханшайымы: Мен де ерімей тұрғанда кетейін, мына жер тым ыстық екен.

Тәрбиеші:Рахмет балалар, менің бойымды жылыттыңдар, қыс деген осындай қатал болады, далада жалғыз жүруге болмайды, аязға тоңып қаласыңдар.

Аққала:Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Балалар бүгін менің туылған күнім .

Тәрбиеші: Ой, балалар ақ қаланың туылған күніне қандай сыйлық берсек болады екен.

Аққала: Балалар маған өз өнерлеріңді көрсетсеңдер, сол маған үлкен сыйлық болады.

Тәрбиеші: Қане балалар әдемі ән айтайық.

Аққала: Рахмет балалар, өнерлі екенсіңдер. Сау болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар, барлығымыз бірге қардың еритін қасиетін бақылап көрейікші. Қардың кішкене бөлігін алып, ыдысқа салып қоямыз да ол ерігенше шеңбер болып тұрып, хормен тақпақ айтамыз.

 

 

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Анамыз нанға кеткенде,

Жыламай үйде қаламыз.

Кітаптарды шашпаймыз,

Терезені ашпаймыз.

Сыртқа шығып ойнасақ,

Қаздан қорқып қашпаймыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар! Енді барлығымыз қарымызды көрейікші.

(Сұрақ-жауап әдісі арқылы еріген қар туралы балалардың ойларын сұрау.)

-Ой, балалар қарымыз қайда кеткен?

-Неліктен еріді деп ойлайсыңдар?

-Қар ерігенде неге айналып кетеді екен?

-Қарды жеуге бола ма?

-Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

-Жарайсыңдар,балалар! Енді барлығымыз бірге би билеп, сосын топқа оралайық.

1- ші ойын : «Бір шаңғымен жүріп көр » 

Ойынның шарты: Екі команданың  балалары  бір-бір шаңғы киіп жүреді Кімнің  командасы  бірінші  жалауға  дейін келеді.

2-ші ойын: «Әділ қол». Ойынның шарты:  Мына таяқтарды  қарлы тауға  лақтырып  қадау.

3- ші ойын: «Шана тартысу» Ойынның  шарты: Екі шананың  артынан  байлау. Екі бала  отырып шаналарды тартады. Кім бірінші шеңбердің  ішінен  тартып шығады, сол жеңеді.

 

 

4- ші ойын: «Мұздатам» .

Ойынның  шарты:

Боран борайды-1,

Боран борайды-2,

Боран борайды -3,

Түрлі фигура боп қат.

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру