Тіркелу Сайтқа кіру

БӘД пәнінен сабақ жоспарлары (ҚР Қарулы Күштерінің Әскери Жарғылары10 сынып)

ШҚО,Тарбағатай ауданы,Тана мырза орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Байназаров Айдын Айтқалиұлы

10 сыныпқа арналған БӘД пәнінің Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери Жарғылары тарауы бойынша сабақ жоспарлары топтастырылған.

«Бекітемін»
_____________ ______________
Мектеп директоры
1. Сабақтың тақырыбы: Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары, бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші офицерлер, олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі, бастықтарға және шені жоғарыларға мәлімдеме жасау
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әскери тәртіп пен әскери құқықтың негіздерімен таныстыру.

3. Уақыты: 45 минут.

4. Өткізілетін орны: БӘД бөлмесі.

5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Тәртіптік жарғы,Ішкі қызмет жарғысы.

6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.
- әскери жарғылар дегеніміз не?
- әскери қызметшінің құқығы мен міндеттері қандай?
- әскери жарғылардың талаптары қандай принциптерге негізделіп жасалған?
- әскери жарғылардың ерекшелігі туралы айтыңдар.

б) Негізгі бөлім – 22 минут.
Тәртіп және әскери құқық. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы, әскери тәртіптің мәні мен маңызы, оны сақтаудағы қызметшіледің міндеттері туралы.

ТӘРТІП ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚҰҚЫҚ.
ҚР ҚК–н жетілдірудің, ұрысқа дайындығын көтерудің ең маңыздысы - әскери тәртіп болып табылады.
Әскери тәртіп дегеніміз - барлық әскери қызметшілердің заңды және әскери жарғыларда көрсетілген тәртіп пен ережелерді, қатаң және дәл сақтауы.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын – ҚР-ын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуге негізделеді, яғни әскери қызметшілерді өздерінің әскери борышын адал атқаруға міндеттейді.
Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі – көз жеткізу болып табылады, бірақ өз борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.
Әскери тәртіп әр әскери қызметшіге төмендегідей тәртіптерді міндеттейді:
- өзін - өзі көпшілік орында ұстау, өзін және басқа біреуді жағымсыз қылық жасауға жібермеу, азаматтардың ары мен абыройын қорғауға ықпал ету;
- парасатты бастамалар көтеру;
- әскери іс - әрекеттерді жүргізудің халықаралық ережелерін білу және сақтау, жараланған, ауру, кеме апатына ұшыраған адамдарға және ұрыс жүріп жатқан аудандардағы адамдар мен әскери қызметшілерге қамқорлық жасау;
- командирлер мен бастықтарға құрмет көрсету, әскери әдептілік ережелерін сақтау.
ҚР ҚК-нде әскери қызметшілердің қызметтік міндеті және арнайы міндет түрлері белгіленген.
Қызметтік міндеттер әскери қызметшінің, әскери бөлімнің, мекеменің ұйымдастыру құрылымында атқаратын қызметімен анықталады. Қызметтік міндеттер жалпы (барлық тікелей бастықтар үшін) және нақты (бригада, рота, взвод командирінің қызметі) болып бөлінеді.
Арнайы міндеттер әскери қызметшінің негізгі міндеттері мен құқықтары шеңберіне кірмейтін тапсырмалар тапсыруға байланысты пайда болады. Мысалы, қарауылдық, патрульді, тәуліктік күзет құрамын тағайындағанда, тексеру, инспекция жүргізу үшін жолдама бергенде.
Әскери тәртіптің ерекшеліктер:
Біріншіден: әскери тәртіп әскери қызметшіге қойылатын талаптарды барынша толық белгілейді.
Екіншіден: әскери тәртіп ережелері қызметтен тыс ортада да сақталады, ал еңбек тәртібінің ережелері жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытында өз міндеттерін орындау үшін ғана қажет.
Үшіншіден: әскери тәртіп орындаушыларға неғұрлым жоғары талаптар қояды. Мысалы, әскери борышты өтеу үшін өз өмірін аямау, командирлерге мүлтіксіз бағыну мен оларды ұрыста қорғау.
Төртіншіден: командирлер мен бастықтардың тәртіптік құқығының көлемі басқа тұлғаларға қарағанда кең. (Тәртіптік жарғыда қаралғандай төтенше жағдайларда бағынбайтындарға қару қолдану өкілеттілігі берілгендігінде).
Бесіншіден: әскери тәртіп талаптарын бұзғаны үшін заң алдында қатаң жауапқа тартылу белгіленген. (Әскери қызметшілер бағынбағаны үшін, бөлімді өз бетінше тастап кеткені үшін, бұйрықты орындамағаны үшін қылмысты жауапқа тартылады).
Алтыншыдан: бағыныстылардың өз командиріне сөзсіз бағынуы.
Әскери қызметшілерге қатысты пайдаланылатын шараларды қолдану үшін командирлер мен бастықтарға тәртіптік билік беріледі.
Тәртіптік билік дегеніміз - командирлер мен бастықтарға әскери тәртіпті нығайтуға бағытталған шараларды қабылдауға берілген құқығы мен міндеті.
Тәртіпті нығайту үшін командирлер мен бастықтарға берілетін құқықтық шаралар:
- мадақтау шаралары;
- әскери тәртіпті бұзуды болдырмау шаралары;
- тәртіп сөгістері;
- тәртіптік іс - әрекеттің қосымша шаралары.
Бірде – бір әскери тәртіпті бұзушы жауапкершіліктен құтылмауға тиіс, бірақ бірде – бір кінәсіз адам жазаланбауға тиіс.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- «Әскери тәртіп» деген ұғымды қалай түсінесіңдер және ол әскери қызметшіге қандай міндеттер жүктейді?
- Әскери тәртіптің ерекшелігі неде?
- Әскери тәртіптің құқықтық негіздері туралы айтыңдар?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

«Бекітемін»
_____________ ______________
мектеп директоры
1. Сабақтың тақырыбы: Әскери тәртіп, оның мәні және маңызы, әскери тәртіпті сақтау бойынша әскерилердің міндеттері, командирдің бұйрығы – бағыныштылар үшін заң, сарбаздарға қолданылатын марапаттаулар, сарбазға берілетін тәртіптік жаза

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК-нде әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер мен оларға берілетін тәртіптік жазалар туралы түсінік беру.

3. Уақыты: 45 мин.

4. Өткізілетін орны: 10 сынып, БӘД бөлмесі.

5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы , әскери жарғылар.

6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.
- әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?
- ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды атап беріңдер.
- әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез – құлқы туралы әңгімелеңдер.
- бастықтар мен бағыныстыларға, аға шенділер мен кіші шенділерге кімдер жатады?

б) Негізгі бөлім – 24 мин.
ҚР ҚК мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер, оларға берілетін тәртіптік жазалар. Көтермелеулердің түрлері және жазаға салу тәртібі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысы.

Әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен тұрақты жауынгерлік дайындығының аса маңызды шарты - әскери тәртіп болып табылады.
Әскери тәртіп дегеніміз – барлық әскери қызметшілердің ҚР Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің арасындағы мінез-құлық және өзара қарым-қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтау.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуіне негізделеді.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіге өзінің әскери борышын адал атқаруды міндеттейді.
Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі көз жеткізу болып табылады, бірақ өз әскери борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.
Жауынгерлер (матростар) мен сержанттарға қолданылатын көтермелеулер.
а) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау;
ә) алғыс жариялау;
б) әскери бөлімнің тұрған жерінен 2тәулікке дейін сейілдемеге рұқсат беру;
в) бұрынғы жұмыс (оқу) орына әскери борышын үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері туралы хабарлау;
г) грамоталармен, бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай марапаттау;
ғ) әскери қызметшінің әскери бөлімнің кең жазылған жауынгерлік тудың жанында түскен жеке фотосуретімен марапаттау;
д) жауынгерлерге (матростарға) ефрейтор (аға матрос) атағын беру;
е) сержанттарға иеленген штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атағынан бір саты жоғары кезекті әскери атақ беру;
ж) омырауға тағатын ҚР ҚК-інің үздігі белгісімен марапаттау;
з) әскери бөлімнің Құрмет кітабына енгізу;
и) 10 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалыс беру, бару қайту жолындағы уақытты есептемегенде.
Көтермелеулер ауызша немесе бұйрық түрінде салтанатты жағдайда әскери қызметшілер жиналысында немесе сап алдында жарияланады.
Тәртіптік жазалар.
Тәртіптік жаза - әскери қызметшілерге қызмет бойынша бастықтың билігімен қолданылатын жаза. Ол әскери қызметшілерге әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылады.
Жауынгерлер мен сержанттарға мынадай жазалар қолданыла алады:
а) сөгіс;
ә) қатаң сөгіс;
б) кезекті сейілдемеден айыру;
в) жауынгерлерді (матростарды) 5 нарядқа дейін тағайындау;
г) омырауға тағатын «ҚР ҚК-нің үздігі» белгісінен айыру;
ғ) жауынгерлерді (матростарды) «ефрейтор» («аға матрос») әскери атағынан айыру;
д) гауптвахтада ұстай отырып қамау: жауынгерлерді (матростарды) - 10 тәулікке дайін, сержанттарды – 7 тәулікке дейін;
е) сержанттардың лауазымын төмендету;
ж) сержанттардың әскери атағын бір сатыға төмендету;
з) сержанттардың әскери атағын төмен лауазымға көшіре отырып, бір дәрежеге төмендету.
Әрбір тәртіптік жаза әскери тәртіпті нығайту, әскери қызметшілерді тәрбиелеу және олардың қызметі үшін жауапкершілігін арттыру ретінде жасалған қылмыс ауырлығы мен кінәлау дәрежесіне сәйкес келуі тиіс.
Егер кінәлі бірнеше рет теріс іс істеген болса немесе әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзуға топпен қатысса, егер мұндай қылығы қызметтік міндетін өтеу кезінде, мас күйінде жасалса және теріс қылығы тәртіпті айтарлықтай бұзған болса, тәртіптік жазаның қатаңдығы арта түседі.
Тәртіптік жазаол қолданылған күннен бастап, бір айдан кешіктірілмей атқарылады. Бір айлық мерзім өткен соң жаза атқарылмайды, бірақ ол туралы жазба қызметтік кәртішкеде сақталады.
Қолданылатын тәртіптік жазалар жайында жауынгерлер мен матростарға өзіне немесе саптың алдында, сержанттарға - өзіне, сержанттардың кеңесінде не саптың алдында жарияланады.
Командирлерге олардың бағыныштыларының алдында тәртіптік жазаларды жариялауға тыйым салынады.

в) Қорытынды бөлім – 9 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Әскери тәртіп дегеніміз не?
- Әскери тәртіп әскери қызметшіге нені міндеттейді?
- Көтермелеу мен жазалардың қандай түрлері болады?
- Жауынгерлерге (матростарға) көтермелеу қолданудың реті қандай?
- Тәртіптік жазаны орындау мен белгілеудің реті қандай?



Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
«Бекітемін»
_____________ ______________
Мектеп директоры


1. Сабақтың тақырыбы: Қарауылдық қызметтің атқаратын қызметі мен міндеттері, сақшының міндеттері, бекет, оны жабдықтау және жарақтандыру

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қарауылдық қызметті міндеттері мен қарауылдық қызметті ұйымдастыруды ұғындыру.

3. Уақыты: 45 мин.

4. Өткізілетін орны: 10 сынып, БӘД бөлмесі.

5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Әскери жарғы.

6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.
- Рота бойынша тәуліктік кезекші қандай мақсатта тағайындалады?
- Тәуліктік кезекші құрамына кімдер кіреді?
- Рота бойынша тәуліктік кезекшіге кім тағайындалады?
- Рота бойынша кезекшінің міндеттері қандай?
- Рота бойынша кезекші қызмет атқаруына арналған орын қалай жабдықталады?
- Рота бойынша тәуліктік кезекшіде қандай құжаттар болуы тиіс?

б) Негізгі бөлім – 23 мин.
Қарауылдық қызметтің міндеттері және оны ұйымдастыру. Қарауылдың, сақшының тағайындалуы.

Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру.
Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке құрамнан Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының барлық ережелерін дәл орындауды, мейлінше қырағылықты, батыл шешім мен бастама қабылдай білуді талап етеді.
Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады.
Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.
Қарауылдар: гарнизондық және ішкі болып бөлінеді. Олар тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Гарнизондық қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар объектілерді, құрамалар объектілерін немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердің объектілерін күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық гауптвахтада ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады.
Ішкі қарауыл бір әскери бөлімнің объектілерін күзету мен қорғау үшін тағайындалады.
Тұрақты қарауылдар қарауылдар кестесімен көзделеді.
Уақытша қарауылдар қарауылдар кестесіне енгізілмейді.
Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар, жұмысқа таратушылар, қажет болғанда қарауыл бастығының көмекшісі, қарауыл иттерінің қызметі жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі және көлік құралдарының жүргізушілері тағайындалады.
Штабтарды, бірлестіктер мен одан жоғарыларын басқару пункттерін күзету жөніндегі, сондай-ақ мекемелерді күзету жөніндегі қарауылдарға аталған адамдардан басқа бақылау-өткізу пунктінің қарауылдары, ал гауптвахта жанындағы қарауылға – шығарушылар мен айдауылдар тағайындалады.
Объектілерді тікелей күзету мен қорғау үшін қарауылдар құрамына сақшылар бөлінеді. Сақшының міндеттері.
Сақшы қол сұғылмайтын адам болып табылады.
Сақшыға қол сұғылмайтындығы мыналардан көрінеді:
- оның құқығы мен жеке басының қадір-қасиеттері айырықша қорғалатындығында;
- оның белгілі бір тұлғаларға ғана - қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің жұмысқа таратушысына бағынатындығы;
- қарауыл бастығының, қарауыл бастығының көмекшісінің және өзінің жұмысқа таратушысының сақшы қызметі бойынша айқындалған талаптарын сөзсіз орындауға міндеттілігі.
- Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының баптарында көрсетілген жағдайларда оған қару қолдану құқығы берілетіндігі.
Сақшынң міндеттері:
- өз постысын қырағы күзетуге және табанды қорғауға;
- қызметін сергек, еш нәрсеге алаңдамай атқаруға, қаруын қолынан шығармауға және оны ешкімге, өзі бағынытындарға да бермеуге;
- көрсетілген бағыттар бойынша жылжый отырып немесе бақылау мұнарасында тұрып постыға кіре берісті, қоршауларды мұхият қарау және байланыс құралдары арқылы қызметті өтеу барысы жайында табельмен белгіленген уақыттарда баяндап тұруға;
- тіпті өз өміріне қауіп төнсе де, сақшы ауыстырылғанша не алынғанша, постыны тастамауға міндетті. Постыны өз еркімен тастап кету - әскери қылмыс болып саналады.
- постыларға табельде көрсетілген және тыйым салынған шекара көрсеткіші тұрған жерге жақын қашықтыққа қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі, өзінің жұмысқа таратушысы мен оларға ілесіп жүретін тұлғалардан басқа ешкімді жібермеуге;
- қарауылдың көлік құралдарының бағдары мен графигін, олардың тану белгілері мен сигналдарын білуге;
- постыдағы өрт сөндіру құралдарын қолдана білуге;
- объект қоршауынан ақау тапқанда және өз постынан жақын жерде тәртіп бұзушылық байқалған кезде қарауыл бастығын шақыру;
- қарауыл иттерінің үргенін естіген кезде немесе техникалық күзет құралдары іске қосылғанда, бұл туралы қарауыл үй – жайына дереу хабар беруге;
- өзіне немесе өзі күзететін объектіге анық шабуыл жасалған жағдайда қаруды ешқандай ескертусіз қолдануға міндетті.
Сақшыға: ұйықтауға, отыруға, бір нәрсеге сүйеніп тұруға, оқуға, ән айтуға, сөйлесуге, тамақ жеуге, су ішуге, темекі шегуге, табиғи қажеттілігін өтеуге, қандай да бір затты әлдекімге беруге немесе одан алуға, қажеттілік болмаса патронды оқжатарға жіберуге тыйым салынады.
Сақшы тек қарауыл бастығының, оның көмекшісінің, өзінің қарауылды жұмысқа таратушысының және тексеруге келген тұлғалардың сұрағына жауап беруі керек.
Қарауыл бастығы немесе қарауылды жұмысқа таратушылар қарауылдың міндеттерін нақты білуін тексереді, қаруды қолдану тәртібіне ерекше назар аудара отырып, қарауылдарға әр постыда қызмет атқару міндеттерін естеріне салады, ауысымды қарауыл үй – жайларынан шығарады да, қаруды оқтайтын алаңда сапқа тұрғызады.
Қару постыға шығар алдында оқталады.
Қаруды оқтау және оғын алып тастау қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің пәрмені бойынша, қарауыл үй - жайында арнайы жабдықталған және оқ ұстайтын жабдығы бар жарық жерде, олардың тікелей бақылауымен жүргізіледі. Қарауыл бастығы немесе қарауылды жұмысқа таратушылар «Ауысым, оң жақтан бір – бірлеп оқта!» деп пәрмен береді. Осы пәрмен бойынша оң қанаттағы әскери қызметші алға қарай бір адым басып, сүңгіні бекітеді де, қаруды оқтайды, қарауыл бастығы қарудың қалай оқталғанын тексереді. Қаруды оқтап болған соң әскери қызметші: «Қару оқталды және сақтандырғышқа қойылды!» деп баяндайды, сонан соң жеке алып «Белдікке!» күйінде ұстап бір адым кейін шегінеді.
Осындай тәртіпте басқа қарауылды жұмысқа таратушылар мен қарауылдар қаруды кезектесіп оқтайды.
Постыдан оралған соң қарудың оғы алынады. Қарудың оғын алдымен қарауылды жұмысқа таратушы алады, содан кейін таратушы: «Ауысым, оң жақтан бір – бірлеп оқты алып таста!» - деп пәрмен береді.
Осы пәрмен бойынша оң қанаттағы әскери қызметші алға қарай бір адым басып, таратушының бақылауымен өз қаруының оғын алады, жабдықталған оқжатарды сөмкеге салады да, «Қарудың оғы алынды!» – деп баяндайды, содан соң бекіту тетігін артқа тартып, қаруын тексеруге ұсынады. Таратушы қаруды тексерген соң, қарудың бекіту тетігін алға қарай қозғап, қарудың шүріппесін түсіреді, қаруды сақтандырғышқа қояды, сүңгіні алып тастап, қаруды «Белдікке!» күйіне ұстап, артқа қарай бір адым шегінеді де, өз орныныа барып тұрады.
Осындай ретпен қалған қарауыл ауысымдары кезектесіп өз қаруларының оғын алып тастайды. Одан кейін аға бастықтың пәрмені бойынша қарауылдар қарауыл орналасқан жерге, ал таратушылар – қарауыл үй - жайларына барады.
Сақшыларды ауыстыру әрбір 2 сағаттан кейін, жұп немесе тақ сағаттарда жүргізіледі.

Сақшы дегеніміз - өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған әскери қызметші.
Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын немесе аймақ пост деп аталады.
Постыға сондай-ақ қарауылдың техникалық күзет жабдықтары арқылы күзететін, сол жабдықтар орнатылған объектілер мен жергілікті аймақ та жатады.
Сақшылар объектілерді қорғауды объектілер маңындағы сыртқы және ішкі қоршаулар арасын немесе егер объектіде қоршау біреу болса, қоршау бойын ішкі жағынан патрульдеу жолымен, сондай-ақ мұнарадан бақылау әдісімен жүргізеді.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Қарауыл дегеніміз не?
- Қарауылдың қандай түрлерін білесіңдер?
- Қарауыл құрамына кімдер кіреді?
- Сақшы дегеніміз не?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
«Бекітемін»
_____________ ______________
мектеп директоры
1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК Ішкі қызмет жарғысын, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін, әскери атақтар мен айырым белгілерді үйрету.
3. Уақыты: 45 минут.
4. Өткізілетін орны: БӘД бөлмесі.
5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, ҚР ҚК Ішкі қызмет жарғысы.
6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
- «Әскери тәртіп» деген ұғымды қалай түсінесіңдер және ол әскери қызметшіге қандай міндеттер жүктейді?
- Әскери тәртіптің ерекшелігі неде?
- Әскери тәртіптің құқықтық негіздері туралы айтыңдар?
б) Негізгі бөлім – 25 минут.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы - әскери қызметшілердің жалпы міндеттері туралы. Әскери атақтар және айырым белгілер. Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез-құлқы.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер.
ҚР ҚК –нің әскери қызметшісі қызметтік іс - әрекетінде ҚР Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері мыналар:
- ҚР Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;
- әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР-ын ерлікпен, қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;
- өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
- адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;
- командирлер мен бастықтарға сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;
- әскери кәсіптік біліктілікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
- өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;
- әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс – қылықтардан тежеуге;
- әскери әдептілік, мінез – құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір – қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;
- қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтуға міндетті.
ҚР ҚК –нің әскери қызметшілерінің әскери атақтарының тізбесі.

Құрамы
Әскери атақтар
әскерлік Әскери атақтар
кемелік
Жауынгер мен
матростар Қатардағы жауынгер
Ефрейтор Матрос
Аға матрос
Сержанттар
(старшиналар) Кіші сержант
Сержант
Аға сержант
Үшінші дәрежелі сержант
Екінші дәрежелі сержант
Бірінші дәрежелі сержант
Штаб - сержант
Шебер - сержант Екінші сатылы старшина
Бірінші сатылы старшина
Бас старшина
Үшінші сыныпты старшина
Екінші сыныпты старшина
Бірінші сыныпты старшина
Штаб – старшина
Шебер - старшина
Кіші
офицерлер Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан - лейтенант
Аға
офицерлер Майор
Подполковник
Полковник Үшінші дәрежелі капитан
Екінші дәрежелі капитан
Бірінші дәрежелі капитан
Жоғары

офицерлер Генерал – майор
Генерал – лейтенант
Генерал – полковник
Армия генералы Контр адмирал
Вице адмирал
Адмирал
Медициналық немесе әділет, әскери – есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери атақтарына тиісінше «медицина қызметінің», «әділет» деген сөздер қосылып айтылады.
Қосалқы құрамға шыққан әскери шенділерге «қосалы құрамдағы», демалыстағыларға «демалыстағы» қосылып айтылады.
Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез – құлқы.
Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылықтың, ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір – қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез – құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда Қарулы Күштердің ар – абыройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауға тиіс.
Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым – қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір – біріне «сіз» деп тіл қатуға тиіс.
Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныштылар мен кіші шенділерге атағы мен тегі бойынша тіл қатқанда «Қатардағы Омаров», «Сержант Исмайлов», ал тек атағы бойынша тіл қатқанда қасына «мырза» деген сөзді қосып айтады («Қатардағы сарбаз мырза», «Сержант мырза»).
Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ курсанттарына тіл қатқанда «Курсант Сауыров» немесе «Курсант мырза» деп атау керек.
Бағыныштылар мен кіші шенділер бастықтар мен аға шенділерге тіл қатқанда олардың әскери атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып атайды. «Аға лейтенант мырза».
Әскери қызметшілер саптан тыс бір –біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойынша да тіл қатыса алады, ал бір – бірімен қоштасқан кезде «Қош болыңыз» деген сөздің орнына «Құзырыңызға құлдық» деп айтуға жол беріледі.
Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар.
Аға және кіші шенділер.
Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша әскери қызметшілер бір – біріне бастық немесе бағынышты болуы мүмкін.
Бастық дегеніміз – атқаратын штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес бағыныштыларға басшылықты жүргізетін әскери қызметші. Бастықтың бағыныштыға бұйрық беруге құқығы бар және олардың орындалуын жүзеге асыруға міндетті. Бағыныштының адамдық қадір – қасиетін қорлайтын іс - әрекеті үшін бастық жауапкершілікте болады.
Командир қызметі жөнінен өзіне бағынышты әскери қызметшілер үшін бастық болып табылады.
Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери қызметшілер бағынатын бастықтар тікелей бастықтар болып табылады.
Бағынышты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті.
Қызметі жөнінен бағыныштылық тәртібіне байланыссыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:
- армия генералдары, адмиралдар – аға және кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
- генералдар, адмиралдар полковниктер мен 1-дәрежелі капитандар - кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
- подполковниктер, 2-дәрежелі капитандар, майорлар, 3-дәрежелі капитандар - старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
- кіші офицерлер - старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
- старшиналар мен сержанттар – олармен бір әскери бөлімдегі жауынгерлер мен матростар үшін;
Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныштылары болып табылмайтын әскери қызметшілер аға шенділер немесе кіші шенділер болып табылады.
Аға шенділік әскери қызметшілердің әскери атақтарымен айқындалады. Әскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез – құлық қағидаларын, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзғаны үшін олардан осы жолсыздықтарды жоюға талап етуі тиіс, ал кіші шенділер осы талаптарды сөзсіз орындауға міндетті.
Бір – біріне бағынышсыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардың қызметтік өзара қарым – қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут. Сұрақтар мен тапсырмалар:
- әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?
- ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды атап беріңдер.
- әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез – құлқы туралы әңгімелеңдер.
- бастықтар мен бағыныстыларға, аға шенділер мен кіші шенділерге кімдер жатады?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
«Бекітемін»
_____________ ______________
Мектеп директоры

1. Сабақтың тақырыбы: Ротаның тәуліктік нарядының атқаратын қызметтері, құрамы және қарулануы, рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттері, өзінің кезекті міндетін атқаратын күндізгі кезекшінің бекетін жабдықтау және жарақтандыру, тікелей бастықтары келген кездегі, «Жиын» белгісі берілгенде, дабыл және өрт болған жағдайдағы күндізгі кезекшінің әрекеттері, бос ауысымдағы күндізгі кезекшінің әрекеттері, күндізгі кезекшінің телефон бойынша мәлімдеме беру тәртібі, ротаға басқа ротаның әскерилері келген кездегі, рота аумағынан мүліктерді шығару кезіндегі күндізгі кезекшінің әрекеттері
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттерін ұғындыру.

3. Уақыты: 45 мин.
4. Өткізілетін орны: 10 сынып, БӘД бөлмесі.

5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, тәуліктік кезекшінің қызмет өткеретін орны.

6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.
- Әскери тәртіп дегеніміз не?
- Әскери тәртіп әскери қызметшіге нені міндеттейді?
- Көтермелеу мен жазалардың қандай түрлері болады?
- Жауынгерлерге (матростарға) көтермелеу қолданудың реті қандай?
- Тәртіптік жазаны орындау мен белгілеудің реті қандай?
б) Негізгі бөлім – 22 мин.
Рота бойынша тәуліктік кезекшінің тағайындалуы, құрамы және қарулануы. Рота бойынша тәуліктік кезекшінің және оған бағыныштылардың міндеттері. Тәуліктік кезекші қызмет атқаруға арналған орынның жабдықталуы.
ҚР ҚК-нің гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы.
Тәуліктік наряд - әскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға, әскери бөлімнің жеке құрамын, қару жарағын, әскери техникасы мен оқ-дәрілерін, материалдық қорларын, үй-жайлары мен мүліктерін күзетуге, бөлімшелердегі істің жай-күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ осы жарғыда белгіленген тәуліктік наряд қызметі бойынша басқа да міндеттерді орындауға арналған.
Тәуліктік нарядтың құрамы:
- бөлім бойынша кезекші;
- бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;
- қарауыл;
- кезекші бөлімше;
- парк бойынша кезекші және тәуліктік кезекшілер;
- кезекші фельдшер және медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшілер;
- бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші және оның көмекшілері;
- асхана бойынша кезекші және оның жұмысшылары;
- бөлім штабы бойынша кезекші;
- кезекші белгі беруші-барабаншы;
- шабармандар;
- өрт наряды.
Бөлім бойынша бұйрықпен күнделікті тағайындалатындар: бөлім бойынша кезекші; бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі; қарауылдың бастығы; парк бойынша кезекші; кезекші бөлімше; тәуліктік наряд пен жұмыстарға нарядқа бөлінетін бөлімшелер.
Ротаның тәуліктік нарядына:
- рота бойынша кезекші; (сержанттар)
- рота бойынша тәуліктік кезекшілер (жауынгерлер) тағайындалады.
Рота бойынша кезекшінің міндеттері:
Рота бойынша тәуліктік кезекші жауынгерлерден тағайындалады. Ол өзінің қол астында күзетуде тұрған қару-жарақтың, оқ-дәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің және жауынгерлер мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге бағынады.
Рота бойынша тәуліктік кезекші казармалық үй-жайдың ішінде кіре беріс есіктің жанында, қару-жарақты сақтауға арналған бөлменің жанында қызметін өткереді.
Рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттері:
- рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз үй-жайдан шықпауға, қару-жарақ сақтауға арналған бөлмені үнемі қадағалауға;
- бөтен адамдарды осы үй-жайларға кіргізбеуге, рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз казармадан қару-жарақты, оқ-дәрілерді, мүліктер мен заттарды алып шығуға жол бермеуге;
- ротадағы барлық оқиғалар туралы, жарғыларда белгіленген рота әскери қызметшілері арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін бұзушылық, байқалған ақаулар және өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы туралы дереу рота бойынша кезекшіге баяндауға, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;
- жеке құрамды таңертеңгі тұру уақыты кезінде, дабыл немесе өрт болған жағдайда оятуға, күн тәртібіне сәйкес өз уақытында пәрмен беруге;
- үй-жайлардағы тазалық пен тәртіпті қадағалауға және әскери қызметшілердің оларды сақтауын талап етуге;
- әскери қызметшілердің салқын кезде, әсіресе түнгі уақытта киінбей үй-жайдан шығуына жол бермеуге;
- әскери қызметшілердің темекі шегуді, аяқ киім мен киімдерін тазалауды осыларға арналған орындарда жүзеге асыруына бақылау жасауға;
- ротаға тікелей бастықтары келген кезде «Тіктел!» деп пәрмен беруге, ротаға басқа ротаның әскери қызметшілері келгенде «Рота бойынша кезекші, мұнда кел!» деп шақыруға;
Тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшінің қайда жүргенін әрқашанда білуге және әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіп пен әскери нысандағы киім кию ережелерін сақтауын қадағалауға міндетті.
Кезекті тәуліктік кезекшіге отыруға, жарақтарын алып қоюға, киімінің түймесін ағытуға тыйым салынады.
Рота бойынша кезекші мен тәуліктік кезекшінің қызмет өткеруіне арналған орынның жабдықталуы:
- белгі қабылдайтын және бөлімшелерге хабарлайтын техникалық құралдар;
- байланыс құралдары (сымтетік, селектор);
- сағаттар;
- жарықтандырудың резервтік көздері;
- тәуліктік күзет құжаттамасы жазылған стенд болуы тиіс.
Тәуліктік күзет құжаттамасы жазылған стендте мынадай құжаттар болуы тиіс:
- кезекшіге және оның көмекшісіне қарсыластың ядролық, химиялық және биологиялық қару қолдану қаупі төнген жағдайдағы нұсқаулар;
- күн тәртібі;
- телефон станцияларының және лауазымды адамдарды шақыру белгілерінің кестесі;
- өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша нұсқау;
- құжаттар мен мүліктердің тізбесі;
- кезекшілікті қабылдап алу және тапсыру кітабы;
- ҚР ҚК-нің жарғылар жиынтығы;
Рота бойынша кезекшіде:
- кезекші беретін үлгілік пәрмендер мен белгілердің тізбесі;
- ротаның казармадан тыс тұратын әскери қызметшілерінің мекен-жайлары, сымтетіктері мен шақыру тәсілдері және шабармандар жазылған тізім;
- таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларына арналған киім нысандарының үлгілері;
- аумақты тазарту үшін ротаға бекітілген учаскенің сызбасы;
- қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді беру, науқастарды, сейілдемеге шыққандарды тіркеу кітабы;
- дабыл бола қалған жағдайдағы жолдама қағаздарымен бірге ұрыс машиналарының от алдыру құлыптары мен люктерінің мөрленген жәшіктегі кілттерінің жиынтығы болуы тиіс.

в) Қорытынды бөлім – 11 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Рота бойынша тәуліктік кезекші қандай мақсатта тағайындалады?
- Тәуліктік кезекші құрамына кімдер кіреді?
- Рота бойынша тәуліктік кезекшіге кім тағайындалады?
- Рота бойынша кезекшінің міндеттері қандай?
- Рота бойынша кезекші қызмет атқаруына арналған орын қал dle
Ұқсас мақалалар:
БӘД пәнінен сабақ жоспарлары(әскери топография)

БӘД пәнінен сабақ жоспарлары(әскери топография)

10 сыныпқа арналған әскери топография тарауы бойынша сабақ жоспарлары топтастырылған....
Калашников автоматы мен пулеметі

Калашников автоматы мен пулеметі

Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматы мен пулеметі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің...
АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІК,АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІК,АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып...
XYII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

XYII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

XYII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың тақырыбы: XYII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының...
Президенттік сынамалар

Президенттік сынамалар

Президенттік сынамалар Спорт!... Сен өміріміздің сенімді серігісің. Біздің жанымыз бен тәнімізге өлшеусіз қуаныш сыйлайсың. О, спорт! Сен: армандау,...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру