Тіркелу Сайтқа кіру

БӘД пәнінен сабақ жоспарлары(әскери топография)

«Бекітемін»
_____________
Мектеп директоры



1. Сабақтың тақырыбы: Азимут бойынша қозғалыс.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға азимут бойынша қозғалыс жасауды үйрету.
3. Уақыты: 45 минут.
4. Өткізілетін орны: 10 сынып
5. Көрнекілік құралдар: Құлабыз, АӘД оқулығы.
6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
- Әскери топография нені зерделейді?
- Топографиялық жергілікті жер элементтерін атаңдар?
- Жергілікті жерде бағдарлану нені білдіреді?
- Таңдалып алынған бағдарлар қандай талаптарды қанағаттандыра алуы қажет?
- Көкжиек тұсын күндіз және түнде анықтаудың қандай тәсілдері бар?
б) Негізгі бөлім – 25 минут.
Азимут бойынша қозғалыс.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Азимут деген не?
- Магниттік азимуттың ақиқат азимуттан айырмашылығы қандай?
- Түзу және кері азимутқа анықтама беріңдер.
- Азимут бойынша қозғалыс үшін қандай мәліметтер керек?
- Берілген азимут бойынша затқа бағыт қалай анықталады?
- Азимут бойынша қозғалу ретін айтып беріңдер.
Азимут бойынша қозғалыс.
Азимут туралы түсінік.
Азимут дегеніміз – берілген нүкте арқылы өтетін, меридианның солтүстік бағытынан сағат меңзері жүрісімен зат бағытына дейін өлшенетін көлденең бұрыш. Егерде өлшеу ақиқат меридиан қатынасында жүргізілсе, онда ақиқат азимуты (А), ал магниттік меридиан қатынасында жүргізілсе, онда магниттік азимут (М) болып табылады. Магниттік меридианды жергілікті жерде бос ілінген магнит меңзері еркін көрсетеді. Солтүстік бағыттағы ақиқат және магниттік меридиандар арасындағы бұрыш магниттік бұрылу (б) деп аталады. Егер де магнит меңзерін солтүстік ұшы ақиқат меридианнан шығысқа ауытқыса, онда бұрылу шығыстық және оң деп есептелінеді, батысқа ауытқыса, бұрылу батыстың алу белгісімен көрсетіледі.
А=М+(+ - б).
Магниттік азимутты анықтау үшін бетпен затқа қарсы тұрып, меңзерді тежеуіштен босатып, құлабызды бағыттау керек (құлабызды бұрып, меңзердің солтүстік ұшын лимб нөлдің бөлік белгісіне сыйыстыру). Құлабызды бағытталған қалпында ұстап, қақпақты бұрап, ойықты-қарауылды берілген бағытта нысана бойынша кезейді (құлабыздың нысана бойын затқа сыйыстыру көзқарасты көп қайтара нысана бойын затқа кейін ауыстырумен қол жеткізіледі) осылай түзу азимут анықталады, яғни жергілікті жерде өзінің тұрған нүктесінен, қандай болмасын, басқа нүктеге азимуттың бағытталуы.
Кері азимут – ол жергілікті заттар тұрған нүктеге беттелуі: түзу азимуттан ол 180град айырмашылығы бар. Бұл шама түзу азимутқа қосылады, егерде түзу азимут 180градустан кіші болса алынады.
Жергілікті жерде берілген азимуттық бағытты табу үшін лимбта өлшем көрсеткішін қарауыл түбіне берілген магниттік азимутты орналастыру қажет, меңзерлердің тежеуішін босатып, оның солтүстік ұшына лимбтағы нөлді әкелу қажет, жергілікті жердегі берілген бағытқа бетпен қарап тұрып анықтайды; лимбтағы нөлге меңзердің солтүстік ұшын дәл әкеледі; ондағы меңзердің қалпы – ойықты-қарауылды бағыт сызығы болып табылады.
Құлабызбен жұмыс істегенде, оны көздің деңгейінен 10см төмен сол қолға ұстайды, шынтақ тұрақты тұру үшін бүйірге қысу керек.
Азимут бойынша жылжу.
Азимут бойынша жылжудың мәні – құлабыз көмегімен жергілікті жерде берілген азимут бойынша керекті бағыт таба білуден, жылжуда осы бағытты ұстап белгіленген пунктке шығудан тұрады.
Азимут бойынша қозғалыс мәліметтері
Маршруттың учаскесі Магниттік азимут,
градустар Жұп адымдығы қашықтық
Сарай - мұнара 80 610
Мұнара қорған 88 580
Қорған – жеке тұрған ағаш 78 550
Азимут бойынша жылжу кезінде бір нүктеден келесі нүктеге жүйелі түрде ауысады, қосалқы немесе аралықтағы бағдар бағытын ұстай отырып, жұп адымды есеп жүргізіледі.
Бастапқы және басқа да келесі бұрылыс нүктелерінде құлабыз көмегімен берілген азимут бойынша жергілікті жерде қозғалыс бағытын табады. Бұл бағытта нақты жағдайларға сәйкес аса қашықтау (қосалқы) бағдар немесе қозғалыс маршруты бұрылыс нүктелеріне жақын орналасқан бағдар есте сақталады және таңдап алынады. Егер аралық бағдарда бұрылыс нүктесі көрінбейтін болса, онда келесі бағдарды анықтайды.
Жалаң бағдарлы ашық жерлерде жылжу бағыты тұстама бойынша ұсталынады. Қозғалыс бағыты бастапқы нүктеде құлабыз бойынша келесі нүктеге анықталады. Осы бағытпен жылжи отырып, кейбір қашықтықтарда бірінен соң бірін, қандай болмасын, белгілер қалдырады. Сосын мезгілімен оларға бұрылып қарап, алдағы қозғалыс бағыты түзу сызықпен сәйкес келуін қадағалайды. Қарлы жерлерде тұстама ретінде өз қозғалысының іздері пайдаланылады. Бақылау үшін кері азимут және аспан шырақтары бойынша қозғалыс бағыты мезгілімен тексеріліп отырады, берілген бағдарлар қол жеткізілген бағдарлармен үнемі салыстырылады, ал карта бар болғанда, онымен жергілікті жер мен қозғалыс маршрутын беттестіреді. Сол жолмен кері қайту қажет болғанда маршруттың бұрынғы сызбасы пайдаланылады, бірақ алдын ала тура азимуттар кері азимуттарға ауыстырылады.
Түнде аралық (қосалқы) бағдарлар ретінде жергілікті заттардың нұсқасы және жарық жұлдыздар пайдаланылады; егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда құлабызбен бағыт ұсталынады, яғни құлабызды еркін түсірілген меңзермен барлық уақытта бағытталған жағдайда өзінің алдында ұстайды, ал бағыт үшін түзу, ойық және қарауыл арқылы өтетін қозғалысты қабылдайды.
Қыс мезгілінде бағдарлар ретінде маршруттың бұрылыс нүктелеріндегі қар жамылғыларының үстінде немесе алыстан жақсы көзге түсетін жергілікті заттарды таңдап алады.
Бөгетті айналып өту керек болған жағдайда, мынадай сипат жасалынады: бөгеттен қарама-қарсы жағына қозғалыс бағыты бойынша бағдар белгіленеді, оған дейінгі қашықтық анықталады және оны осы көлемде жүріп өткен жолдың ұзындығына қосады; бөгетті айналып өтеді және үзілген жол бағытын құлабыз бойынша алдын ала анықтап, таңдалып алынған бағыттан қозғалысты жалғастырады.
Азимут бойынша қозғалыстың нақтылығы жолдың, шамамен 1/10 бөлігін құрайды. Сондықтан, егер тиісті қашықтықты жүріп өткенде сілтемелі бағдарды кездестірмесе, онда шығу нүктесіне белгі қойылады, ал жүріп өткен бұрынғы бағдардан осы нүкте айналасындағы радиусы 1/10-ге тең жол ұзындығын айналып өтіп, бағдар іздестіріледі.




Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________


«Бекітемін»
_____________ ______________
Мектеп директоры


1. Сабақтың тақырыбы: Жергілікті жерде картасыз бағдарлану.

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жергілікті жерде картасыз бағдарланудың тәсілдеріне үйрету.

3. Уақыты: 45 минут.

4. Өткізілетін орны: 10 сынып

5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, компас, сағат.

1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
- Бақылау қалай жүргізіледі?
- Жергілікті жерді бақылауда неге аса назар аударылады?
- Түнде және дүрбіні қолдану жағдайларында бақылау жүргізу ерекшеліктері жайлы айтып беріңдер.
- Нысананы көрсету үшін командирге баяндау тәртібі қандай?
- Нысанаға дейінгі арақашықтық қалай анықталады?
- Заттың бұрышы мыңдықпен қалай есептелінеді?
- Заттың бұрыштық шамасын қалай анықтауға болады?
- Дүрбінің бұрыш өлшегіш шкаласын пайдалану тәсілдері туралы айтыңдар.
б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Жергілікті жерде картасыз бағдарлану.

Әскери топография жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, ондағы бағдарлауды және ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады.
Жергілікті жер әскерлердің ұрыстық әрекетіне елеулі ықпал етеді. Жергілікті заттар мен жер бедерін пайдалана отырып, әскерлер жасырын қозғалысты жүзеге асырады; қарсылас жаппай жою қаруын қолданғанда радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану мәселелерін шешеді.
Жергілікті жерде табиғи және жасанды объектілер болады. Олар біркелкі белгілері бойынша топтарға бірігеді. Ол топографиялық элементтер деп аталады. оған жататындар: бедер, елді мекендер, өндіріс кәсіпорындары, жол торабы, өзендер, көлдер т.б.
Жер бетін құрайтын біркелкі тегіс еместіктер жергілікті жер бедері, ал адам еңбегімен немесе табиғатпен жасалған, сол жерде орналасқан заттардың барлығы – жергілікті заттар деп аталады.
Бедер жергілікті жер ерекшелігінің ең маңызды көрсеткішіне жатады. Ол бақылау пункттері, орын таңдауға, атыс позицияларын, траншеялар, байланыс жолдарын және әскердің орналасуына үлкен әсерін тигізеді. Шағын бөлімшелер мен жекелеген жауынгерлердің әрекеттері үшін қорғандар, үйінділер, шұңқырлар, жырмалар, ойықтар, снарядтар мен миналардың жарылысынан пайда болатын шұңқырлардың ерекше мәні бар. Олар қарсылас оғы астынан жүгіре өту мен жер бауырлай жылжу кезінде кеңінен пайдалынылады.
Ұрыста жергілікті жерді зерделеп, барлау жүргізу және оны дұрыс бағалай білу ғана емес, сонымен қатар оған ыңғайлана білу қажет. Жергілікті жерге дұрыс бейімделу дегеніміз жергілікті заттарды жасырын қозғалыс үшін толық пайдалану және қаруды, әскери техниканы ең жақсы деңгейде қолдану.
Бағдарлану туралы түсінік.
Әрбір жауынгер ұрыс даласында табысты әрекет етуі үшін, тек қаруды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті жерде жақсы бағдарлана білуі қажет. «Бағдарлану» сөзі латынның oriens, яғни “шығыс” деген сөзінен шыққан. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені шығыс ежелгі уақыттан бері маңызды тұс болып саналған: шығыс жақтан күн шығады. Ал Күн – Жердегі жылу мен жарықтың қайнар көзі.
Жергілікті жерде бағдарлану – яғни бұл көкжиек тұстарына қарай бағыт табу – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс, айналадағы жергілікті заттар қатынасында, бедер пішінінде өз тұрған орнын анықтау; қозғалыста керекті бағыт табу және осы бағытта жолда ұстанып жүру.
Бағдар деп жақсы айқындалатын жергілікті заттар мен бедер элементтері қатынасында өз тұрған орнын анықтап, қозғалыс бағыты және нысаналар мен объектілердің орындарының көрсетілуін айтамыз. Бағдардың жергілікті жерде көзге бірден көзге түсуі үшін, бағдар маңында орналасқан басқа элементтердің пішіні, мөлшері немесе бояуы жағынан ерекше айқындалып тұруы тиіс.
Жергілікті жерді зерделеу және есте сақтау өз маңайынан үш-төрт ерекше көзге түсерлік бағдарларды іріктеп алудан басталады. Олардың сыртқы түрі мен өзара орналасуын жақсылап есте сақтап және ол қажет болған жағдайда оны маяк ретінде өз тұрған орнын анықтап тексеру немесе қажетті бағытта қозғалыс жолын табу үшін қолдану керек.
Көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері.
Көкжиек тұсы жергілікті жерде құлабыз (компас), аспан шырақтары және жергілікті белгілер бойынша анықталады. Көкжиек тұсын анықтаудың көп тараған тәсілі – құлабыз көмегімен анықтау. ҚР ҚК-нде Адрианов құлабызы кеңінен қолданылады. Құлабыз корпусында 120 бөлік белгілермен сақина орналастырылған, оған екі қатар сандар салынған.
Бөлік белгілерінің үстінде тікелей орналасқан сандардың бір қатары сағат меңзерінің жүрісі бойынша градустық шамада берілген; сағат меңзері жүрісіне қарсы орналасқан сандардың келесі қатары бұрыш өлшегіштің бөлік белгілерін білдіреді. Корпустың үстіңгі жағына лимб айналасында айналмалы ойықты және қарауылды қақпақ бар. Ол кез келген бағытты нысанаға алады, ол кезде қарауыл үнемі бақыланатын заттың бағытына бағытталады.
Көкжиек тұсын анықтауда тежеуішті босатып, құлабызды көлденең орнатып, оның магнит меңзерінің солтүстік ұшы шкаланың нөлдік бөлік белгісіне қарсы тұруы тиіс. Құлабыздың бұл орналасуында В-Ю-З-әріптері – шығыс, оңтүстік, батысты , ал нөлдік бөлік белгісі – солтүстік бағытын көрсетеді.
Көкжиек тұстары Күн бойынша мейлінше тез анықталады, бірақ жуық нәтижелі болады.
Көкжиек тұстары Күн бойынша сағат көмегімен күндіз, кез келген уақытта келесі әдістермен анықталады. Сағат көлденең орналастырылып және сағат тілінің ұшы Күнге қарай бағытталып бұрылады. Сағат меңзері мен күнге бағытталған циферблаттағы 1 санының бағыты арасын ортасынан бөлетін түзу оңтүстік бағытын көрсетеді. Түске дейін 13 сағатқа дейінгі, ал түстен кейін 13 сағаттан өткен доғаны ортасынан бөлеміз. Оңтүстік бағытын біліп алған соң, көкжиктің басқа да тұстарын оңай анықтауға болады.
Көкжиек тұсы түнгі ашық аспанда әрқашан солтүстік бағытта орналасқан Темірқазық жұлдызы бойынша анықталады. Оны жетіқарақшы шоқжұлдызымен оңай табуға болады.
Ол үшін көрсетілген шоқжұлдыздың шеткі екі жұлдызы а және в арқылы өтетін түзуді ойша жалғастырамыз; осы екі жұлдыздың арасындағы қашықтықтай қашықтықты бес рет көзге көрінетіндей түзу бойына саламыз, соңғы қашықтықта Темірқазық жұлдызы көрінеді.
Көкжиек тұстары мейлінше жиі кездесетін келесі жергілікті белгілер арқылы шамалап анықталады.
Ағаш қабығының солтүстік жағы бұжырлау және күңгірттеу болып келеді. Бұл әсіресе қайыңның қабығынан байқалады.
Мүк пен қына ағаш діңі мен тастың солтүстік жағына шоғырланады. Ауа райының ыстық кездерінде қылқан жапырақты ағаштардың оңтүстік беткей жағына шайыр көбірек жинақталады.
Құмырсқалар өз илеуін ағаштың, түбірдің немесе бұтаның оңтүстік жағына салады. Илеудің оңтүстік жағы түйетайлы, солтүстік беткейі одан гөрі қиялау келеді.
Жемістер мен жидектер оңтүстікте ерте өң беріп, пісіп жетіле алады.Қар оңтүстік беткейде тезірек ериді (еру кезінде , қарда оңтүстікке қарай созылған, сопақша келген шұңқыр пайда болады).

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Әскери топография нені зерделейді?
- Топографиялық жергілікті жер элементтерін атаңдар?
- Жергілікті жерде бағдарлану нені білдіреді?
- Таңдалып алынған бағдарлар қандай талаптарды қанағаттандыра алуы қажет?
- Көкжиек тұсын күндіз және түнде анықтаудың қандай тәсілдері бар?


Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________ dle
Ұқсас мақалалар:
ҚР-ның салық жүйесі

ҚР-ның салық жүйесі

ҚР-ның салық жүйесі...
БӘД пәнінен сабақ жоспарлары (ҚР Қарулы Күштерінің Әскери Жарғылары10 сынып)

БӘД пәнінен сабақ жоспарлары (ҚР Қарулы Күштерінің Әскери Жарғылары10 сынып)

ШҚО,Тарбағатай ауданы,Тана мырза орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Байназаров Айдын Айтқалиұлы 10 сыныпқа...
Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік желі

Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік желі

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік жел. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға...
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу

Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу...
Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері, атысты жүргізу, атысты тоқтату.

Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері, атысты жүргізу, атысты тоқтату.

1. Сабақтың тақырыбы: Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері, атысты жүргізу, атысты тоқтату. 2. Сабақтың мақсаты: Атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру