Тіркелу Сайтқа кіру

Заң. Заман. Қоғам

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Б.Бегалиев атындағы орта мектеп

 

Тәрбие сағаты

 

Тақырыбы: «Заң. Заман. Қоғам.»

Мақсаты: 1) Оқушыларды құқық пен қазылық тарихындағы тұлғалармен таныстыру;оларды өздерінің құқықтары мен міндеттерін танып білуге үйрету; жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және оларды сыйлау рухында тәрбиелеу; тәртіп бұзушылықтың алдын алу үшін жұмыстану.

Көрнекілігі: мультимедия проекторы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң.

Түрі: кіріктірілген тәрбие сағаты

                                     Жүру барысы:

І.Ұйымдастыру. Шақырылған қонақтарды орналастыру.

1.Мүрсәлиев Ғ.Қ- заңгер, Қазақстан Прокуратура органдарының Үздік қызметкері, Құрманғазы ауданының «Құрметті азаматы», 8в сыныбының қоғамдық жетекшісі.

2.Құрманғалиева Ж.Қ-Қазақ ССР-ы Білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз, 8а сыныбының қоғамдық жетекшісі.

3. Қабдолова К.Ж- тарих, құқық пәндерінің жоғарғы санатты мұғалімі.

        ІІ .Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі

Қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы құқықтық және зайырлы қоғам орнату үшін маңызды шарт. Ол үшін әрбір оқушы Қазақстан Республикасының заңдарын танып білуі қажет. Біз бүгінгі сынып сағатымызда құқықтық білімімізді тереңдету мақсатында алдыңғы «Зайырлы қоғам заңдарымен айбатты» тақырыбында өткен тәрбие сағатындағы мәселелерді жалғастырамыз.

       І бөлім. « Құқық пен қазылық тарихындағы тұлғалар»

Жүргізуші.

Құқық пен қазылық тарихын оның атақты тұлғаларсыз елестету мүмкін емес.

Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ойшылдардың, тікелей заңгерлердің ,тәжірибелі соттардың лайықтысын таңдап алу ,олардың Қазақстан тарихы мен әлемдік тарихта құқық пен әділ сот дамуына сіңірген еңбектеріне қарай анықталады. Олай болса әлемдік және Қазақстан құқық тарихындағы тұлғаларға назар аударайық.

       1-оқушы. Перикл. (шамамен б.э. дейінгі 490-429ж.ж)

Ежелгі Грецияның гүлденген кезеңін Перикл дәуірі деп бекерге аталмайды.

Афинаның саяси қайраткері, теңдесі жоқ әскери стратег Периклдің еңбегі несімен бағалы?

Сол кездегі көптеген демократиялық реформалар Периклдің ұсынысымен жүзеге асты.

Олар:  а) мемлекетті басқару жүйесін жетілдіру;

            б) мүліктік шектеуді түгелдей жою;

             в) қызмет адамдарына ақы төлеуді енгізу.

            д) Астана (Парфенон, Одеон) құрылысын зор көлемде                       жүргізу; оны нығайту.

            е) жалпыұлттық, жалпы мемлекеттік  мерекелерді өткізу.   Ол: «Біздің мемлекеттік тәртібіміз өзге ел дәстүрін қайталамайды, біз өзгелерге еліктегенше, өзіміз үлгі боларлық іс жасаймыз» деген еді.

         2-оқушы. Платон. (б.э.дейінгі 427-348 ж.ж.)

Құқықтық мемелекеттің философиялық негізінің пайда болуы Ежелгі Грецияның ұлы философы Платон есімімен тығыз байланысты.

Сократтың шәкірті және Аристотельдің ұстазы 35 диалогтан тұратын «Апология», «Федон», «Республика», «Саясаткер», «Заңдар», философиялық жүйесін жасады. Платон: «Заңының күші жоқ, біреуге бағынышты болған мемлекеттің күші санаулы»-деген еді.

  Платонның көптеген идеялары мен философиялық көзқарастары қазіргі саяси және мемлекеттік-құқықтық теорияларында әлі қолданыла бермек.

         3-оқушы. Аристотель. (б.э. деінгі 384-322 ж)

Әлемдік өркениет тарихында Аристотель сияқты барлық ғылымдардың бастаушысы болған тағы бір философты табу өте қиын.

Аристотельдің ойынша, ең жақсы  мемлекет-олигархия жетістіктері мен демократия үйлесім табатын мемлекет.

          Заң шығарушы, атқарушы және сот билігін бөлу идеясы-Аристотельдің негізгі құқықтық тұжырымдамасы.Аристотельдің айтуынша әрбір мемлекеттік құрылыстың  3 элементі болады: бірінші-мемлекет істері жөніндегі заң-кеңес органы, екінші-магистратура,үшінші-сот органдары. «Заң билігі жоқ жерде, мемлекеттік құрылыс та болмайды. Заң барлық жерде үстемдік ету тиіс» деген Аристотельдің сөздері әлі де маңыздылығын жойған жоқ.

          4-оқушы. Төле би. (1663-1756 ж.ж.)

 Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлы жүздің атақты биі және заң шығарушы Төле Әлібекұлының есімі қазақ халқының тарихында мәңгілік қалады.

  Тәуке ханның замандасы әрі серігі Төле би бір орталықты тұтас мемлекет құруды жақтайды.

  Үш жүздің бірігуі кезеңінде Төле би болған Төле –атақты «Жеті жарғы», заңдар жинағы авторларының бірі.

          5-оқушы. Қазыбек би.

Орта жүздің атақты биі Қазыбек Келдібекұлы халыққа ақылды, емші және әділ қазы ретінде белгілі.

  Ол қазақ пен қалмақ арасын бітістіріп, бейбітшілікке қол жеткізген. Жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық күрес, біртұтас мемлекет құру ісі де Қазыбек би есімімен тығыз байланысты. Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» заңдар жинағын жазған жеті бидің бірі-Қазыбек болған.

          6-оқушы. Әйтеке би (1682-1766 ж.ж.)

  Тәуке хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би-бір заманда өмір сүрген адамдар. 30 жасында ол Кіші жүздің ұлы биі болып сайланды. Тәуке ханның жас жігітті қазақтың алғашқы «Дала конституциясы», «Жеті жарғыны» жазатын жеті бидің құрамына қосуы тегін емес.

  Әйтеке би үш жүзді біріктіруде, жақ-жақ болған қазақ рулары мен тайпаларын қайта қосуда шешуші рөл атқарды. Хан кеңесінде Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатына байланысты мемлекеттік істерді қарағанда ол шешуші дауысқа ие болған.

           7-оқушы. Абай Құнанбаев (1845-1904ж)

Абай тұлғасында ақын мен мәдениет  жасампазы, ойшыл-гуманист және қоғам қайраткері ажырағысыз тоғысқан. Ақын және философ Абай қозғайтын проблемалар өте көп: ол қоғам құрылысын да, әлеуметтік қайшылықтарды да, тұрмыс пен дін, әртүрлі ұлттар ара қатынасы, бір сөзбен айтқанда барлық адам өмірі.

  Ол үшін заң-әрқашан әділеттің салтанат құруын қамтамасыз ететін ережелер мен нормалар Абай Құнанбаевтың заң шығарумен айналысқаны белгілі. Ол жасаған қазақ тіліндегі алғашқы құқықтық құжат жобасы қазақ халқы арасында таратылған. 1885 жылы Абай ұсынысымен шақырылған билер съезінде қабылданған заң, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының шынайы өмірін ашып көрсетті.

          8-оқушы. Бақытжан Бисалыұлы Қаратаев (1860-1934ж)

ХІХ және ХХ ғасыр тоғысындағы Қазақстан тарихында Б.Қаратаев- белгілі заңгер, қоғамдық қайраткер, ағартушы-демократ.

Ол: 1905ж жер туралы заңның жобасын дайындайды.

       1907 ж. Орал облысынан Екінші мемлекеттік Думаға депутат болып сайланды.

       1918 ж. Заң комиссалары болып сайланады.

       1919ж. Ұлт істері жөніндегі комиссияны басқарды.

Б.Қаратаевтың өмірі мен қызметі-Отанға, туған халқына адал еңбек ету үлгісіне айналды.    

 

ІІ бөлім.   Дәстүрлі құқықтың қайнар көзі және замани даму ерекшеліктері.  (Қабдолова К.Ж.)

 

          Дәстүрлі құқықтың қайнар көзі және замани даму ерекшеліктері

Мифологиялық сана.

(Шығыс пен батыс мемлекеттерінің құқықтық ой-толғамдары.)

Ежелгі дәстүрлі құқықтар-

құқықтық әдет-ғұрыптар, нормативтік актілер, сот ісіндегі билер шешімі.

Қытайдың «Таңнама», «Ханнама» жылнамалары 2 мың 200 жыл бұрын жазылған тарихи құжат.

(қазақтың дәстүрлі құқығының қайнар көзі.)

 

                        Құқыққа қатысты заңдар

 

 

                                 Антикалық     дәуір

Хаммурапи заңы

Римнің «12 таблицасы»

Үндінің «Ману заңы»

Қытайдың «Лао-цзы заңы»

 

 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру