Тіркелу Сайтқа кіру

Жаңа жыл мерекесінде

Жаңа жыл мерекесінде
Нұржанова Инкар Мейрамбаевна
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ селосы
Қарабұтақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: Жаңа жыл мерекесінде

Жүргізуші:Құрметті ата- аналар балалар ,қонақтар. Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл. Жаңа өмір.жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт-береке ырыс алып келсін. Әрқашан той болсын дей отырып біздің Құтты болсын Жаңа жыл атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанатына кең алқаптан тарайды
Міне сұлу шыршамыз көптен күтіп сағынған
Жаңа жылмен сондықтан құттықтаймыз бәріміз.
Балалар бірге: Құттықтаймыз.............
Жүргізуші: балалар қараңдаршы қандай әдемі сұлу шыршамыз.енді шыршаға арналған тақпақтарды айтайық:
Шырша жаны көңілді
Билеп барлық бала жүр
Дала нұр қала нұр
Құтт ыболсын жаңа жыл
Тамаша ,тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдыз
Көз тоймайды қараса.
Балалар шыршаға арнап қандай көп тақпақтар айттық:Балалар айтыңдаршы жаңа жылда қонаққа бізге кім келуші еді:
Балалар:Аяз ата мен Ақшақар
Жүргізуші:Онда балалар бәріміз бірге шақырайық: Балалар мен барлығы бірге шақырады.
У-У-У-У аю кіреді залға:
Аю: Мен қысқы ұйқыда болатынмын қатты айқайдан оянып кеттім.Бәрінің айтып жатқандары бір сөз:Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл.
Жүргізуші:Мәссаған балалар аю жаңа жыл дегенді білмейді екен кәне айтып түсіндірейік: осы жерде бір ән.
Жүргізуші: балалар осы жерде ән би тақпақ айтып көңіл көтереді. Осы жерде ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алады.
Аю: мен ұйқыда жатқанда осындай тамашаны тойлайды екенсіңдер ғой...............
Жүргізуші:аю сен көп ұйқыны қойда жылда біздің мерекеге келіп тұр.
Аю:Жарайды балалар сендерге көп-көп рахмет, мен орманға барып, бәріне жаңа жыл мерекесі болып жатқанын хабарлайын. Аю кетіп қалады. Осы кезде түлкі кіреді.
Түлкі: Амансыңдар ма балалар мен сендердің әндеріңді естіп осы жаққа келдім,бүгін мереке ғой би билейік, ойындар ойнайық. Осы жерде ойындар кетеді. Ата-аналармен бірге. Жүгіріп күлдірген кіреді.
Шырша дейміз бәріміз
Балалар билеп қоршады
Түрлі-түсті ойыншық
Шыршада көз тартады
Жаңа жылда келді
Бізге қарай жылыстап
Өлең де әзір бәрі әзір
Ойын да әзір ән әзір
Күлдірген : аю мектепде жаңа жыл болып жатқанын хабарлап,жүр осы мерекеге менде келдіммен би билегенді ұнатамын.
Түлкі: би билегенді дейсің бе...............
Күлдірген: Я
Түлкі: Ой жақсы болды ғой біздің би билегіміз келіп тұр. Осы жерде балалар би билейді.
Күлдірген:Балалар неге шыршаның шамдары жанбаған ,Аяз ата мен Ақшақар қайда жүр, әлі келмеген бе............
Жүргізуші: балалар бәріміз Аяз атамен Ақшақарды шақырайық.
Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата мен Ақшақар
Біз сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға. Осы жерде ортаға Аяз атамен Ақшақар ән айта жүріп ортаға келеді.
Аяз ата: Армысыңдар балалар,
Бармысыңдар балалар
Құтты болсын мереке
Құтты болсын жаңа жыл.
Ақшақар:Аспан жерге төгеді
Ақшақармын сүйкімді
Сол себептен барлығы
Мені жақсы көреді.
Аяз ата:Тауда туып, тауда өскен
Шырша келді ортаға
Бәріміз бір дауыспен
Дейік енді шыршаға
Қуант бізді таңырқат
Шамдарынды жарқырат. Балалар бірге 1,2,3, шыршаның оттары жанады.
Жүргізуші : /Аяз ата мен Ақшақар қош келдіңдер.Алыс жолдан шаршап келдіңіздер ғой дем алыңыздар. Ал кішкентай балдырғандар сіздерге өз өнерлерін көрсетсін. Балалар осы жерде өз өнерлерін көрсетеді.
Аяз ата: Ой балалар жарайсыңдар мен сендерге қуанып отырмын.өнерлерін өрлей берсін.
Ақшақар:Ауламызда ұшып жүрген
Ақ мамық қар себелеп
Ұлпа қарды шақырдық біз
Бізге би билеп берсін деп. Ұлпалар биі.
Жүргізуші: Аяз ата балалар өз өнерлерін көрсетті, енді сізден сыйлықтар күтіп отыр.
Аяз ата: сыйлықтарды досым аққала ала келу керек. Ол өзі қайда жүр, қазір қоңырау шалайын. Аяз ата қоңырау шалып, аққаланы шақырады. Аққала келеді.
Аққала: Амансыңдарма балалар менің атым –Аққала . Мен алыс жолдан сендерге әрең жеттім. Шаршап келдім, дем алайыншы. УФ...............
Аяз ата: Аққала сен сыйлықтарды ала келдіңбе.
Аққала: әрине ала келдім. Қаптың аузын ашса ішінен қар шығады. Осы кезде сасып қалған аққала балаларға бір ойын ойнатады. Барлығы бір ойын ойнайды. Ортаға аю, түлкі, күлдірген үшеуі қапты арқалап ортаға келеді.
Аю:Аяз ата мына қапты біз орман ішінен таптық, сосын осында алып келдік. Сіздікі ме.
Аяз ата: жақсы болды ғой ,балалар сыйлық күтіп қалды. Мен енді сыйлықтарды таратайын.
Аяз ата: балалар мен енді кетейін. Мені басқа балалар күтіп қалды. Көріскенше балалар. Аяз ата баллармен қоштасып, келесі жаңа жылға беталды. Жүргізуші осы жерде өз сөзімен жаңа жылды аяқтайды. dle
Ұқсас мақалалар:
Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді

Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді

Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді. Тәрбиеші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ...
Жаңа жыл (Жаңа жылда жасыл шырша жанында, Қазақша Тәрбие сағат)

Жаңа жыл (Жаңа жылда жасыл шырша жанында, Қазақша Тәрбие сағат)

Жаңа жыл (Жаңа жылда жасыл шырша жанында, Қазақша Тәрбие сағат) Жаңа Жылға арналған ертеңгілік «Ертегі әлемі» «Балдырған» мектепке даярлық тобы...
Жаңа жыл (Балабақша | Қош келдің Жаңа 2015 жыл, Қазақша сценарий)

Жаңа жыл (Балабақша | Қош келдің Жаңа 2015 жыл, Қазақша сценарий)

Жаңа жыл (Балабақша | Қош келдің Жаңа 2015 жыл, Қазақша сценарий) «Қош келдің, Жаңа жыл» 2015 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі Жүргізуші:...
8 наурыз

8 наурыз

Әуенмен 2-2ден ұстасып залға кіреді . Би «Бақшамызда бүгін той» Балалар орындыққа отырады. Жүргізуші: Бүгін наурыздың сегізі, ...
ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ! (ЕРТЕҢГІЛІК)

ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ! (ЕРТЕҢГІЛІК)

ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ! (ЕРТЕҢГІЛІК) Жаңа жыл мерекесі Ертенгіліктің мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру