Тіркелу Сайтқа кіру

Теңге - тәуелсіздік символы

Теңге - тәуелсіздік символы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Теңге – тәуелсіздік символы

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен студенттер! "Теңге – тәуелсіздік символы" атты ашық тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер! Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сағатымызды сол басты белгілердін бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.


2-жүргізуші: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша - асыл қазына, халық байлығы.

1-жүргізуші: Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.

2-жүргізуші: XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

1-жүргізуші: Айнұр, сен осы теңгенің қалай дүниеге келгендігін білесің бе?
2-жүргізуші: Жоқ мен толық білмейді екем.
1-жүргізуші: Ендеше, теңгенің айналымға келу тарихымен танысайық. Олай болса, келесі «бейне-баянға» назар аударыңыздар.

«Бейне-баян»
Көрініс

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезенде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді.
1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.
1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты.
Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты.
1-жүргізуші: Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.
2-жүргізуші: 1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8-ден басталып, 20 қарашада сағат 20-да аяқталып тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.


1-жүргізуші: Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
Мен «Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік – тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!
Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы,
Теңгеменен дөңгелер.

Көрініс: Теңге мен Рубль

2-жүргізуші: Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот — Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета — облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
1-жүргізуші: 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты.

2-жүргізуші: Елімізде инвестицияялық монеталар «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылы 19 ақпаннан бастап айналысқа шығарылды.

1-жүргізуші: ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сэйкес ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты.

2-жүргізуші: Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы – тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге – елтірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.
Ән: Теңге – тәуелсіздік символы
Орындайтын: Сейльханова Зульфия

1-жүргізуші:
Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем - дей келе келесі көріністі тамашалаңыздар

Көрініс: Қыз бен жігіт келе жатып жерден 50тг тауып алады. Оны көрген жігіт 50тг көтереді. Сонда қыз: Ой 50тг де көтеріп, ұят емес па? дейді. Сонда жігіт:
Теңгемде бар бейнесі
Ел таңбасы елімнің
Тапталып жатса егер ол,
Қадірі кетер елімнің.
Мақтансаң, мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Тәуелсіздікке тән белгі,
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух мән берді,
Иесі оның мына біздер.

2-жүргізуші:
Ақша — түлкі, аунауды ұнатады.
Қанша аунаса,- соншама үн қатады.
Қарға аунаса,- құлпырып, қарға бұрып,
Құлын құны кұнан боп қуантады.

Қолдан қолға жүгірсе, қылығы артып,
Биші қыздай маңғазсып шығар шалқып.
Таңдайды ие қатты қол, күймес сандық,
Қалталыдан қалталы ырысы артық.

Би: Money, Money, Money
Орындайтын: Қыздар тобы

1-жүргізуші:
Ақша аунаса,- ақшалы жайнаң қағар.
Он саусағы майысып маймаң қағар.
Ақшаны да аунатар айдай жігіт,
Ақша аунатар ай жігіт қай маңда бар?

Ән: Деньги
Орындайтындар: Базарбаева Асия
Өмірбаева Жұлдыз

1-жүргізуші: Бүгінгі таңда ақша кез-келген қажеттілікті қамтамассыз ететін құрал болып тұр. Алайда ақша жайлы ырым-тиымдарды білеміз бе? Оны келесі бейне-баяннан тамашалайық.
2-жүргізуші: Ия, сіздерге де қызық болар. Олай-болса келесі бейне-материалға назар аударыңыздар!!!
Бейне-баян: Ақша туралы әр елдің ырым-тиымдары

2-жүргізуші: Айнұр біздің теңгеміз болашақта қандай болатынын білесің
бе ?
1-жүргізуші: Жоқ бірақ мен ұлттық валютамыз болашақта – әлемдік
валюта болатынына сенімдімін.
2-жүргізуші: Олай болса, біздің теңгеміздің болашағы мынандай болады:
Теңге отыр шалқайып,
Сом отыр шай құйып.
Доллар отыр қан-жоса,
Франк болса далбаса.
Лира жатыр ес-түссіз,
Иена отыр үн-тұнсіз.
Рубль отыр жымиып,
Риял келеді тыриып.
Бәрі теңгеге қарайды,
Оған бата алмайды.
Аузына қарайды,
Айтқанын орындайды.
Теңгеден озбайды,
Оны тыңдайды.
Артық іс қылмайды,
Себебі теңге.
Жамандық қылмайды,
Әділдікті қолдайды.

1-жүргізуші: Бәрекелді, ендеше қазір көрермендермен ойын ойнасақ қалай болады?

2-жүргізуші: Ойнайық, ойнайық. Қазір көрермендерге бірнеше сұрақ қойылады. Дұрыс жауап берген көрермендерге арнайы сыйлығымыз бар. Ендеше тыңдаңыздар.
Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? (1993ж 15 қараша)
Қазақ теңгесі қайда басылды? (Ұлыбританияда Харрисон және оның ұлдары атты банкноталық фабрикада)
Ұлттық банктің мұражайы қай жылы ашылды? (1997ж 13 қараша)
Теңгенің неше құпия қорғанысы бар? (16 құпия қорғанысы бар)
Теңгеге байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіздер?
Банкнота мен монета ҚР қай қалаларында шығарылады? (банкнота Алматы қаласында, монета Өскемен қаласында)

1-жүргізуші:
Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз.
2-жүргізуші: Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Теңге – тәуелсіздік символы» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру