Тіркелу Сайтқа кіру

шығыс қазақстан

шығыс қазақстан

Мұхтар Жарас Әбдіхайдарұлы
Ақтөбе облысы
Ырғыз ауданы
Темірастау орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Шығыс қазақстан экономикалық ауданының географиялық орны, пайдалы қазбалары, шаруашылығы, халқы табиғи ресурстары туралы білімдерін кеңейту;
Тәрбиелік: Шығыс Қазақстан туралы түсінік бере отырып, табиғат көркемдігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу
Дамытушылық: Қазақстанның экономикалық карталармен жұмыс істеп шаруашылығына сипаттама беруге үйрету, жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
/ өтілген тақырыпты жинақтау, бақылау жұмысын алу/
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
/ ашық сабақ, кіріспе сабақ, қорытынды сабақ т.б /
Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
/ репродуктивті, проблемалық, шығармашылық т.б /
Көрнекілігі: Оқулық, Қазақстанның экономикалық картасы, атлас, сызбалар, интерактивті тақта, контур карта


Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 10 мин
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту. 15 мин
IV. Оқушылардың контур картамен жұмысы. 10 мин
V. Жаңа сабақты бекіту. 4 мин
VI. Жаңа сабақты қорытындылау 2 мин
VII. Үйге тапсырма 2 мин
І. Ұйымдастыру кезеңі / 2 мин /
Оқушылармен амандасып, сабақ қатысымдарын тексеремін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. / 10 мин /
Орталық Қазақстанның шаруашылығы. /3-4 оқушыдан сұрау/
Үй тапсырмасын бекіту:
Сұрақтары:
1.Орталық қазақстанда ауыр өнеркәсіптің қандай салалары дамыған?
2.Қандай өнеркәсіп тораптары бар?
3.Облыстың табиғат байлықтары негізінде тау-кен өнеркәсібінің қандай салалары дамыған?
4.Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін қандай өнеркәсіптер бар?
5.Орталық Қазақстанда түсті металлургияның дамуы қандай?
6.Экономикалық ауданда қала халқының басымдығы қандай?

III.Жаңа сабақ / 15 мин /
Жоспары:
1.Географиялық орны.
2.экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары.
3.Пайдалы қазбалары.
4.Жауын-шашыны.
5.Су энергетикалық ресурстары.
6.Халқы .
• Полиметалдың негізгі құрамы: қорғасын, мырыш және мыс.
Алтай тауының етектерінде жауын-шашын мөлшері 600мм, тауда – 100мм, таудың биік беткейлерінде 1500мм-ден астам.
• Оңтүстік Алтаймен Қалба жотасында қалайы, вольфрам,ванадий кен орындары бар.

Оңтүстік Алтай
 Солтүстігінде Бұқтырма өзені,оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр.Ресеймен мемлекеттік шекарада Алтайдың ең биік Қатын жотасы орналасқан. Оның ең биік шыңы Мұзтау (4506 м) .Шығыстағы биік бөлігінің төбелерін қара мен мұздықтар басқан үшкір шыңды бөліп келеді.

Батыс және Кенді Алтай
• Қазақстан жеріне Алтайдың батыс сілемдері кіреді.Олардың бастылары:Листвяга, Холзун,Көксу және олардың тармақталған Үбі, Иванов,Үлбі жоталары. Батыс Алтайдан көптеген пайдалы қазбалар табылған.Сондықтан да Батыс Алтайды Кенді Алтай деп атайды.
Қалба жотасы
• Алтай тауларының Ертіс өзенінің батысқа қарай 400-км созылған жалғасы болып есептеледі.Ең биік жері Сарышоқы шыңы(1606 м ).Батысында жота бірте—бірте аласарып,Сарыарқаға ұласып кетті.

Пайдалы қазбалары : Кенді Алтайда қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, күміс пен сынаптың мол қоры бар. Нарын мен Күршім жоталарында алтын мен сирек кездесетін металл бар
Жауын-шашыны:
Жылдық жауын-шашын мөлшері тау бөктерінде 300-400 мм
Тау ішінде 1000-1500 мм дейін жетеді.
Су энегетикалық ресурстары :Шығыс қазақстанның негізгі байлығының бірі – су ресурсы, республикамыздағы су қорының 50%-ы осы ауданның үлесінде.Энергетикалық ресурсы ретінде басты өзені – Ертіс.Оның таудан құлап ағатын, Күршім, Бұқтырма,Үлбі т.б өзендер құяды.
Алтай көлге бай.Бұқтырма, Жайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл.Ең үлкені Жайсан (ауданы 5510км кв)
Халқы: Шығыс қазақстанда қала халқы басым,ол аудан халқының 60% құрайды. Ауданда 9 қала ,24 қала типтес елді мекен бар. Халқының орташа тығыздығы 1 км2-ге 5 адамнан келеді.
ІҮ.Контур картамен жұмыс: / 10 мин /
/оқушылар өз бетімен жұмыс жасайды/

V. Бекіту сұрақтары: / 4 мин /
1. Шығыс Қазақстанда түсті металлургия даму ерекшелігі қандай?
2. Шығыс Қазақстанның табиғат ресурстарына нелер жатады?
3. Су ресурстарының қандай маңызы бар?
4. Шығыс Қазақстанның атмосфералық ылғалы қандай болып келеді.?
5. Қалба жотасының ең биік нүктесі?
6. Алтайдан қандай пайдалы қазбалар алынады?
7. Алтай тауының ең үлкен өзені?
8. Марқакөл қандай көлге жатады?
VІ.Сабақты қорытындылау: / 2 мин /
А
Л
т
а
й
1.Алтай тауындағы аң. /Аю/
2.Алтай тауының батысындағы жота. /Қалба/
3.Алтайдағы басты өзен. /Ертіс/
4.Батыс және Кенді Алтайдағы жоталардың бірі. /Иванов/
5.Алтайдағы көл. /Зайсан/

VIІ. Үйге тапсырма: / 2 мин /
- Тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп келеміз
Бағалау: / Сабаққа жақсы араласып, белсенген оқушыларды бағалаймын/ dle
Ұқсас мақалалар:
Абсолют және салыстырмалы биіктіктер

Абсолют және салыстырмалы биіктіктер

Мұхтар Жарас Әбдіхайдарұлы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы ...
Қоршаған ортаны қорғау

Қоршаған ортаны қорғау

Жамбыл облысы,Байзақ ауданы,Сарыкемер ауылы Қазақстанның жылдығы орта мектебінің "Жас эколог"секциясының мұғалімі Жанназаров Нұрлыбек Темірбекұлы ...
Табиғаттан нәр алып...

Табиғаттан нәр алып...

Табиғаттан нәр алып... Мақсаты: оқушыларды табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту....
Қазақстан аумағын физикалық - географиялық аудандастыру  тарауын қайталау

Қазақстан аумағын физикалық - географиялық аудандастыру тарауын қайталау

Абуова Гулсим Кызылорда облысы жалагаш ауданы аксу ауылы №116 орта мектептин география пани мугалими Ашық сабақ: Қазақстан аумағын физикалық -...
Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы

Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы

Сабақтың тақырыбы: Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға дөңгелек пішімді...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру