Тіркелу Сайтқа кіру

Нептун күні

Ертеңгілік.
Тақырыбы: « Нептун күні ».
Мақсаты: Нептунның кім екендігі және су тіршілік көзі екенін үйрету. Суда ойналатын ойын түрлерін дұрыс орындауға, қимыл қозғалыстарын, шапшаңдықтарын, ептіліктерін дамыту. Достыққа, татулыққа баулу.
Көрнекілігі: Нептун киім үлгісі, су перісі, қарақшылар, су құйылған ыдыстар, сүзгі, су тапаншасы, шелектер, жасанды бассейндер, балықтар, бақалар, шарлар, жапырақтар, гүлдер, жалаушалар, жармалар, тәттілер.
Ұйымдастыру: Топқа бөлу: 1. Қарақшылар; 2. Чунга чанга; 3. Бақалар тобы.
Жүргізуші: Балалар бүгін қандай күн?
Балалар: Нептун күні.
Жүргізуші: Сендер Нептунның кім екенін білесіңдер ме?
Балалар: Ия, ол су патшасы.
Жүргізуші: Ендеше, бүгінгі су патшалығы мерекесі құтты болсын. Осы мерекеге сонау Африкадан Чунга- чанга тобы келе жатыр екен, қарсы алайық.
Чунга-чанга тобы билеп келеді.
Жүргізуші: Рахмет, қонақтар, төрлетіңіздер. Бізге тағы қонақтар келе жатыр екен . Олар Қарақшылар тобы екен, қарсы алайық!
Қарақшылар тобы билеп келеді.
Жүргізуші: Бізге келесі келетін қонақтарымыз бақалар тобы. Қане, балалар, қарсы алайық!
Бақалар тобы билеп келеді.
Жүргізуші: Ал енді, қонақтар төрлетіңіздер. Ал балалар, бізге су патшасы күнін тойлауға кім жетіспей тұр?
Балалар: Су патшасы.
Жүргізуші: Ендеше Су патшасын шақырайық. Балалар Су патшасы сендердің дауыстарыңды есітіп, су перісімен келе жатыр екен. Қане, қарсы алайық!
Су патшасы: Сәлеметсіздер ме , балалар , мен сендердің дауыстарыңды есітіп, мерекелеріңе арнайы келдім. Қандай әдемі болып құлпырып кеткенсіңдер. Мен сендердің өнерлеріңді көруге және сендермен бірге сумен ойнап, көңіл көтеруге келдім.
Жүргізуші: Ия, су патшасы, сіз немереңізбен бірге балалармен суда бірге ойнап көңілдеріңізді көтеріңіздер.
Ойынды бастау үшін екі топқа бөлінеді.
Біріншісі Чунга-чанга тобы, екіншісі Қарақшылар тобы.
1 – ойын: « Кім жылдам? ».
Шарты: Құтыдағы суды екі шелекпен алып, кедергілерден өту арқылы бос шелектерді суға толтыру.Қай топ бірінші бос шелекті ьолтырса, сол топ жеңіске жетеді.
2 - ойын: « Су құйылған шарларды жару ».
Шарты: Жоғарыда ілініп тұрған суы бар шарды жару арқылы дымқыл денемен ыдыстағы тәттілерді ауызбен алып жеу .
3 – ойын: « Кім шапшаң? ».
Шарты: Бассейндегі балондардың үстіне жатып, қолдарымен суда жүзу арқылы межелі жерге барып қайту.
4 – ойын: « Судағы баскетбол ».
Шарты: Екі топ допты алып торға делдеп түсіру.
5 – ойын: « Кім епті? ».
Шарты: Судағы қалқып жүрген шариктерді сүзгімен жинап ыдыстарға салу.
6 – ойын: «Су хоккейі».
Шарты: Хоккей таяқшасымен допты межелі жерге апарып, алып қайту.
Жүргізуші: Су патшасы, сізге біздің балалардың ойындары ұнады ма?
Су патшасы: Әрине, ұнады. Ойындарың өте тамаша, қызықты болды. Менің сендерге алып келген сыйлығым бар. (Балалардың барлығына балмұздақ үлестіріп береді).
Жүргізуші: Рахмет, су патшасы!
Балаларды мақтап, мадақтау.

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру