Тіркелу Сайтқа кіру

Ашық сабақ:Үй жануарлары

Темиржанова Альмира Кенескановна                                 

№154 бөбекжай – балабақшасының                             

қазақ тілі мұғалімі.

 

Білім беру саласы: « Коммуникация »

Білім бөлімі: Қазақ тілі

Мақсаты:Ойын және ойын жаттығулары арқылы қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру. Қазақ тілінде ойын толық жеткізіп, байланыстыра сөйлеуді дамыту. Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға халқымыздың кәсібі мал шаруашылығы жөнінде түсінік беру. Төрт түлік малдың адам өміріне пайдасын, тұрмысқа қажеттілігін түсіндіру. Балалардың сөздік қорын молайту, қамқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

              « Шаттық шеңбері »

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын елге ашқан

Тілейміз тыныштық

Ашық болсын көк аспан

Мықты болсын іргеміз

Бәріміз де біргеміз

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Құрметті біздің қонақтар.

 

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?           (- Қазір қыс мезгілі )                    

- Қыс айларын атаңдаршы?                          (- Желтоқсан, қаңтар, ақпан )

- Қазір қай ай?                                                (- Қазір ақпан )

- Бүгін аптаның қай күні?                             (- Бүгін сәрсенбі )

- Ауа – райы қандай?                                     (- Бүгін күн суық )

- Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері болады?

Сөздік/ойын: « Қай дыбыс? »

- Балалар сиқырлы қалам арқылы

 « Қай дыбыс? » ойынын ойнап көрелік.

- Естіп бірге қайталайық

- Қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?

- « Қ » дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

- Тіл ұстарту жаттығуын жасайық.

- қы – қы – қы – жылқы

- қо – қо – қо – қоян

- құ – құ – құ – құлын

- Осы « Қ » - дыбысы кездесетін қандай сөздер білесіңдер? ( қ дыбысы кездесетін сөздерді айтады )

- Балалар, сендер « Қ » - дыбысынан басталатын көптеген жануарларды айттыңдар. Олай болса бүгін біз осы жануарлар туралы әңгімелейік.

- Жануарлар қандай түрге бөлінеді?    ( түрлерін айтады )

- Жабайы аңдар қайда мекендейді?      ( мекендейтін орнын айтады )

- Үй жануарлары қайда мекендейді?

 

-Қазақ халқының негізгі тіршілігі мал шаруашылыңы болған. Төрт түлік мал, мінсе көлік, жесе тағам, ішсе сусын, кисе киім, тұтынса бұйым болған. Сондықтан төрт тұлік малдың адам тіршілігіне пайдасы зор екен.

Слайд көрсетіледі.

- Ал енді балалар қандай үй жануарын көріп тұрмыз?

 

Балалардың жауабы.

   - Мынау түйе

Түйе төлі ботақан

Мөлдіреп көзі ойнаған

   - Мынау жылқы

Жылқы төлі құлыншақ

Тұяғы жерге ұрыншақ

    - Мынау сиыр

Сиыр төлі бұзау

Сүйкімді әрі асау

     - Мынау қой

Қойдың төлі қошақан

Өріске қашқан қорадан

     - Мынау ешкі

Ешкі төлі лақ

Тыныш тұрмайды ол бірақ

Дидактикалық/ойын: « Жайлауда »

- Сендер үй жануарларын және олардың төлдерін жақсы біледі екенсіңдер.

- Олай болса, өздеріңе ұнаған үй жануарлары мен төлдерін жайлауға орналастырайық.

- Жайлауымыз төрт түлікке және олардың төлдеріне толып қандай керемет болған.

- Осы үй жануарлары туралы не білеміз?

- Түйе туралы не білеміз?

- Сиыр жайлы не айтасыңдар?

- Қой туралы не білеміз?

- Ешкінің әдемі лағы туралы не білеміз?

 Балалардың жауабы.

- Жылқы ірі, өте әдемі жануар. Жеті қазынаның бірі. Жылқы етінен жал, жая, қазы, қарта әзірленеді.

- Түйе тікенек шөп жейді, су ішеді.

Түйе маған шұбат береді

Шұбат маған қуат береді

- Сиыр жем, шөп жейді.Су ішеді. Сиыр сүт береді. Сүттен – айран, құрт, май, қаймақ, ірімшік алады.

- Қойдың еті, сүті, жүні пайдалы.

Мал өсірсең қой өсір

Өнімі оның көл көсір

 

Жалт – жұлт етіп лақ

Жағалайсың бұлақ

Секірем деп бірақ

Қала көрме құлап

Тұрсың маған ұнап.

Дидактикалық/ойын: « Жұмбақ

 сурет »

- Төрт түлік малдың пайдасын жақсы біледі екенсіңдер.

- Ал осы жануарлар туралы жұмбақтар жасыра білесіңдер ме?

- Ол үшін мына жердегі жұмбақ суреттерді алып, сол туралы жұмбақтар жасырайық.

(Ортаға бір баладан келіп, жұмбақ суреттерді алып, сол туралы жұмбақтар жасырады, қалған балалар шешуін табады )

Сөздік/ойын: «Қалай

дыбыстайды? »

- Балалар, сендер жұмбақтардың шешуін жақсы біледі екенсіңдер,ал осы жануарларды дыбысынан ажырата білесіңдер ме?

- Сиқырлы қаламның көмегімен дыбыстарын тыңдап көрейікші.

- Түйе қалай дыбыстайды?                      (Түйе боздайды, бө – бө – бө )

- Жылқы қалай дыбыстайды?                 ( Жылқы кісінейді, и – о – о – о )

- Сиыр қалай дыбыстайды?                    ( Сиыр мөңірейді, мө – мө – мө )

- Қой қалай дыбыстайды?                       ( Қой маңырайды, бе – бе – бе )

- Ешкі қалай дыбыстайды?                     ( Ит арсылдайды, аф – аф – аф )

Сергіту сәті.

Ән « Төлдер »

Сөзін жазған: Ө. Өмірбеков.

Әнін жазған: Б. Ғизатов.

 

- Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

- Қандай жануарлар туралы ертегілер білесіңдер?

(Білетін ертегілерін айтады.

- Бес ешкі, Күшік пен мысық, Жыл басна таласқан хайуанаттар, Алдар көсе, Төлдер айтысы, Шалқан, Үйшік, Қызыл телпек....)

Есік қағылады.

- Есікті ертегі қағып тұр

- Не айтамыз?

- Ендеше біз өзіміздің оқыған « Құлыншақтың достары » ертегісін тамашалайық.

(Балалар атрибуттар киіп ертегіні сахналайды)

Қорытынды:

- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

- Ертегіде қандай үй жануарлары кездесті?

- Қандай жабайы аңдар болды?

- Міне қараңдаршы жануарлар да бір – бірімен дос бола біледі екен.

- Сендер де бір – бірлеріңмен доссыңдар ма?

- Дос болу үшін не істу керек?

 

- Сендер бүгін ертегіні жақсы ойнадыңдар, бірнеше ойындарға қатысып, жануарлар туралы көптеген     

сұрақтарға жауап бердіңдер.

- Енді біз балабақшада тату-тәтті дос екенімізді көрсетіп « Біздің балабақша » әнін орындап жіберейік.

Ән: « Біздің балабақша »

Сөзін жазған: А.Асылбеков

Муз жазған: А.Райымқұлова.

Балалар қандай үй жануарлары, қандай жабайы аңдар болғанын айтады.

(Балалардың жауабы.

- Бөлісу керек, ренжіспеу керек, әдепті болу керек, ұрламау керек.

« Біздің балабақша » әнін орындайды.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру