Тіркелу Сайтқа кіру

Саған қандай пән ұнайды? (Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ жоспары)

Тақырыбы: Саған қандай пән ұнайды?

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

2  сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.1.5.1 Тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну,сұрақтар қою және сипаттау

2.2.5.1 тыңдалым материалындағы оқиғаларды түсіну, сұрақтар қою және сипаттау;

2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған материалдары бойынша сөз тіркестерін жазу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Сүйікті пәндер туралы  айтады, сұрақтарға жауап береді

Оқушылардың басым бөлігі:

ŸТақырып бойынша сипаттау үлгілерін біледі, оны сөйлесу барысында орынды қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

ŸСабақта үйренген сөйлеу/сөйлесу үлгілерін күнделікті өмірде еркін қолдана алады.

Жаңа сөздер

Есеп шығару, тақпақ жаттау, жаттығу орындау, ереже жаттау, есеп шығару

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды  ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сыныпты 3 топқа бөлу: сурет сабағы, дене шынықтыру пәні, қазақ тілі пәніне байланысты суреттермен топтасады.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

(Т) «Төртеуі үйде, біреуі далада» стр. арқылы  мәтінмен жұмыс.

Әр топ мәтінін оқиды, талдайды. Сұрақтар құрастырады.

Әр топтан бір баяндамашы шығып, басқа топтарға түсіндіреді.

Топтар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді.

1-топ: Сурет сабағында

Мен мектепке келдім. Бүгін бізде бес сабақ. Қоңырау соғылды. Бірінші сабақ- сурет сабағы. Менің сүйікті пәнім- сурет сабағы. Мұғалім бізге пейзаж туралы айтты. Оқушылар сабақта күздің суретін салды. Мен алтын күзді салдым. Жерге түскен жапырақтарды сары, қызыл, қызғылт-сары түске боядым. Менің суретім әдемі шықты.

2-топ: Қазақ тілі пәні

Мен мектепке келдім. Бүгін бізде бес сабақ. Екінші сабақ- қазақ тілі сабағы. Сабақта  біз қазақша сөйлейміз. Мұғалім сөздікпен таныстырды. Біз жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырдық. Сөйлемдерді дәптерге жаздық. Досым екеуміз қазақша диалог құрастырдық. Маған қазақ тілі сабағы ұнайды.

3-топ: Дене шынықтыру пәні

Мен мектепке келдім. Бүгін бес сабақ. Үшінші сабақ- дене шынықтыру сабағы. Сабақ спортзалда өтеді.Сабақта біз жүгіреміз, жаттығу жасаймыз.Оқушылар екі топқа бөлініп, жарыс болады. Біз секіртпемен секіреміз, доппен ойнаймыз. Дене сабағы өте қызықты өтеді.

ҚБ. Оқушылар стикерге қай баяндамашының айтқаны жақсы шықты, соны жазады.

(ЖЖ) суретпен  жұмыс арқылы диалог құрастыру.

- Сәлем, Дария!

-Сәлем, Алдияр!

-Саған қандай пәндер ұнайды?

- Маған математика пәні, қазақ тілі, сурет пәні ұнайды.

-Неге?...

- Ал саған қандай пәндер ұнайды?...

-

(МК,Ұ) Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

Мәтіндер .

А-4

Сабақтың соңы

41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында  нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерлерін білдіре алады.

№1 жұмыс дәптері

Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс  түрлері қаншалықты тиімді болды?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:

dle
Ұқсас мақалалар:
Мен және менің досым Орта білімді жаңарту аясында орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен 2-сыныпқа өткізілген ашық сабақ жоспары).

Мен және менің досым Орта білімді жаңарту аясында орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен 2-сыныпқа өткізілген ашық сабақ жоспары).

БҚО, Атырау қаласы №17 мектеп-лицейінің бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәні мұғалімдері Габдижалел Арайлым Габдижалеловна және Мұхтарова Жанар...
Жаңа бағдарлама бойынша Қазақ тілі 1 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары 2017-2018 жылға аптасына 2 сағат, оқу жылына 66 сағатты құрайды

Жаңа бағдарлама бойынша Қазақ тілі 1 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары 2017-2018 жылға аптасына 2 сағат, оқу жылына 66 сағатты құрайды

Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылына 66 сағатты құрайды.   Оқу ісінің меңгерушісі:   ...

Жаңа бағдарлама бойынша Қазақ тілі 1 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары 2017-2018 жылға аптасына 2 сағат, оқу жылына 66 сағатты құрайды.

Жаңа бағдарлама бойынша Қазақ тілі 1 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары 2017-2018 жылға аптасына 2 сағат, оқу жылына 66 сағатты құрайды.

      Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылына 66 сағатты құрайды.   Оқу ісінің...
Жаңа бағдарлама бойынша Қазақ тілі 1 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары 2017-2018 жылға аптасына 2 сағат, оқу жылына 66 сағатты құрайды.

Жаңа бағдарлама бойынша Қазақ тілі 1 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары 2017-2018 жылға аптасына 2 сағат, оқу жылына 66 сағатты құрайды.

Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылына 66 сағатты құрайды.   Оқу ісінің меңгерушісі:   ...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру