Тіркелу Сайтқа кіру

Туған күн кешінде (Орта білімді жаңарту аясында орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен 2-сыныпқа өткізілген ашық сабақ жоспары).

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

2.2.2.1 сюжетті сурет негізінде өз ойын айту.

2.2.3.1 тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну.

2.3.2.1 таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.

2.3.4.1 мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған жауап беру;

Сабақ мақсаты:

Сабақ соңында оқушылар:

  •          Сурет бойынша әңгімелесуді;
  •          Туған күнге құттықтау сөзді дайындауды үйренеді.

 

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды  ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

 

Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім қолындағы гүлін жанында тұрған оқушыға тілек айта отырып, сыйлайды. Гүл алған оқушы өз кезегінде жанындағы адамға қарап, ол да қолына алған гүлді басқаша тілекпен келесі адамға айтады.

 

Топқа бөлу. Сюжетті суреттер арқылы оқушылар төрт топқа бөлінеді. (торт, гүл шоғы, сыйлық, ашықхат)

 

(МК)«Мотор» ойыны. Тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс жасалады. Оқушы мұғаліммен қайталайды, сөздердің мағынасын түсінеді.

 

(МК) 1-тапсырма. «Өзім туралы» әдісі.

Мұғалім оқушыларға он екі ай көрсетілген күнтізбе береді. Оқушылар туған күндерінің қай айда және қай күнде екендігін естеріне түсіріп, күнтізбені белгілейді. Содан кейін толық сөйлем құрастырып, айтып шығады. Қабілеті жоғары оқушылар отбасы мүшелірінің де туған күндерін белгілей алады.

(Б). Смайл немесе жетондармен бағалау.

 

(Ж,Ұ) 2-тапсырма. «Жұбыңмен сырлас» әдісі.

Оқулықта берілген сөйлемдер бойынша сөйлемдерді пайдалана отырып, туған күнін қалай өткізетіндері туралы әңгімелейді, диалог құрастырады.

-          Сенің туған күнің қашан?

-          Саған қандай сыйлық ұнайды?

-          Туған күніңді қалай өткізесің?

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылды бір-бірін бағалау.

-                      

(МК, Т) 3-тапсырма. «Джигсо»әдісі.

Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтар құрастырады. Әр топтың хатшысы, баяндамашысы, тайм пикері болады. (Олар түрлі жетондар арқылы бөлінеді.) Әр топ қарсы топқа сұрақтар қояды. Жауаптар ұпаймен белгіленеді.

1. Жексенбі күні мен досым Арманның үйіне қонаққа бардым. Досым өзінің туған күніне көп қонақ шақырды. Ол қонақтарды өзі қарсы алды. Мен Арманды құттықтадым. Сыйлыққа сағат бердім. Анасы мерекелік дастарқан дайындады. Қонақтар би биледі, ән айтты, ойынойнады. Кеш көңілді өтті.

 

2. Бүгін Мұраттың туған күні. Ол бұл күнді асыға күтті. Әкесі оған велосипед сыйлаймын деп уәде еткен еді. Бірақ әкесі бүгін жұмыспен іссапарға кетіп қалды. Мұраттың көңіл күйі мүлдем болмады. Ол әкесін асыға күтті. Ал әкесі Мұратқа тосын сый жасады. Іссапардан әдемі велосипед әкеліп берді. Мұрат қатты қуанды.

 

3. Дана туған күнін асыға күтіп жүрді. Себебі ата-анасы оған достарын қонаққа шақыруға рұқсат берді. Ол қонақ күтуге қуана дайындалды.  Анасына әртүрлі тәтті, дәмді тағамдарды пісіруге көмектесті. Өз қолымен сусын әзірледі. Түске қарай достары да келді. Олар сыйлық пен гүл әкеліпті. Дана достарын қонақжайлықпен қарсы алды. Жақсы тілектер айтылды. Кеш өте көңілді өтті.

 

4. Бүгін Ажардың туған күні. Анасы дәмді тағамдар әзірледі. Ажар анасына көмектесті. Үстелге жемістер, тәттілер, сусындар қойды. Ажарға достары қонаққа келді. Марат қонжық әкелді. Ал Алуа гүл сыйлады. Ажар қатты қуанды. Достарына рақмет айтты.

(Б). Бір-бірін бағалайды. Баяндамашының жұмысын бағалайды.

 

«Сергіту сәті». «Туған күн» өлеңіне билеу.

 

(МК,Т)«Лото» ойыны. Әр оқушыға туған күнге арналған үлестірмелі тілектер беріледі. Сөйлемдердің құрамындағы сөздердің орындары ауысқан. Оқушылар көршілерімен бірлесе отырып, сөйлемдерді стилистикалық тұрғыдан жөндеп жазады. Жасаған постерлерін топпен бірге қорғайды.

Қонжық қымбатты досым!

Құтты күнің болсын туған! Бол бақытты! Тілеймін зор денсаулық. Көп болсын достарың. Ауырма ешқашан.

Досың ...

 

Гүл шоғы

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сөздер

 

 

 

 

Күнтізбе, қарындаштар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтіндер,

А4 қағазы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әуен

 

 

А3қағазы, үлестірмелі сөздер

Сабақтың соңы

(41-45 минут)

(ҚБ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында  нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерлерін білдіре алады.

«Алақан» әдісі бойынша тілек-пікірлерін жазу.

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру