Тіркелу Сайтқа кіру

«Қамқорлық»

Білім саласы:   Әлеуметтік орта.

Ұ.оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Қамқорлық» (әңгіме)

Мақсаты: а)Шығарманы оқып беру арқылы түсініктерін қалыптастыру.

ә)Әңгімелеп беруге, диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге дағдыландыру.

б)Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, Сұрақ-жауап, Сергіту сәті.

Көрнекілігі: Отбасы туралы суреттер.Слайд.

Қостілді компонент:Қамқорлық-покровитель.

 

Оқу іс-әрекет кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

 

Шаттық шеңбері

Үлкенге де-сіз,

Кішіге де-сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз. 

 

Кубизм әдісі арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін ашу,сурет бойынша балалар ойларымен бөлісу.

 

Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын айтады.

 

 

 

 Атаға орын беру керекпіз.

Әженің ауыр сөмкесін көтеруге көмектесу.

Кішкентай бөпелерді ренжітпеуіміз керек.

Достарымызбен бірге ойнауымыз керек.

Ұйымдастыру-

шылық-

ізденістік

 

-Балалар «қамқорлық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Сендер кімге қамқорлық жасай аласыңдар?

-Ендеше, бүгін біз қамқорлық туралы әңгімелейміз.

 

 «Қамқорлық»  М.Төрежановтың                              әңгімесін оқып беру.

 

Сергіту жаттығуы

Ал, балалар, келіңдер,

Бой жазайық бәріміз-

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Топ-топ басып аяқпен,

Орнымызға барамыз.

 

Сұрақ-жауап арқылы әңгімесін мазмұнын ашу.

-Әңгіме не туралы?

-Нақысбек қандай іс істеді?

-Нақысбектің істегені неге дұрыс деп ойлайсыңдар?

-Назымбек неге көмектеспеді?

-Сендер кімге ұқсағыларың келеді?

 

Дидактикалық ойын «Кімнің іс-әрекеті саған ұнады?»

 

 -Біреуге көмектесу, қиын сәттерде қол ұшын беру.

-Құстарға, достарымызға, табиғатқа.

 

 

 

Балалар әңгімемен танысады.

 

 

 

Балалар мәтін арқылы қимыл-қозғалыс жасайды.

 

 

 

 

 

-Қамқорлық туралы.

-Кішкентай балаға көмектесті.

-Кішіге қамқорлық жасады.

-Сабақтан кешігеміз ғой деді.

 

 

Балалар  суретті арқылы көрсетеді және балалар қылықтарын ажыратады.

Рефлексиялық-

түзетушілік

 

Қорытындылау.

-Бүгін біз үлкендерге, кішілерге қол ұшын беріп, қамқор болуға үйрендік. Қамқор адамды сөйлеген сөзінен емес, қайырымды ісінен танимыз.

Оқу іс-әрекетін өлең жолдарымен аяқтау.

Біз қайырымды баламыз,

Тек жақсылық ойлаймыз.

Кішілерге қамқор боп,

Үлкеннің тілін аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің сөзін мұқият тыңдап, өлең жолдарын қайталау.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: шығарманың мазмұнын;

Игереді: үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру;

Меңгереді:бір-біріне көмек беріп, ренжітпей, сыйлау керек екендігін.

 

 

 

 

 

 

 

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру