Тіркелу Сайтқа кіру

Ертегілер еліне саяхат

«Ертегілер еліне саяхат»

    Үсенова Орынкүл Оразайқызы  КМҚК №7 «Алпамыс» балабақшасының  тәрбиешісі

Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы

 

Мақсаты: балалардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.

Білімділік:өздері білетін ертегілерінің кейіпкерлерінің кейіпкерлерін атау арқылы, тілдерін жеткізе отырып,ертегіні кейіптендіре білуге үйрету.

 Дамытушылық: балалардың тіл байлығын ,есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:  балаларды достыққа,бірлікке баулу, ертегілерді сүюге және адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: шал,кемпір, бауырсақ,қоян, қасқыр,аю,түлкі.

Шаттық шеңбер:  балалар бүгін бізде бір ерекше күн. Көп қонақтар келіпті,келген қонақтармен амандасайық.

Армысың, жарық әлем!

Армысың, арайлы  таң !

Армысың, менің достарым!

Сәлеметсіңдерме,балалар!

Сәлеметсіңдерме, қонақтар !

Барысы: 

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

-Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

-Күн суық,салқын болады.

-Қыста не жауады?

-Қыс туралы кім тақпақтар айтады?

Жанерке:  

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды,

Мұз   болады батады,

Жып –жылтыр боп жатады.

-Балалар өткенде бізге кім келді? Кіммен танытық?

-Орман дәрігері тоқылдақ туралы.

-Тоқылдақты  неге орман дәрігері деп атаған?

Тоқылдақ орман ағаштарын емдейді,ағаштарды құрт-құмырсқадан қорғайды.

-Жарайсыңдар,балалар,сендерөткен сабақты ұмытпапсыңдар.

-Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті   «Ертегілер еліне саяхат» .

-Балалар біз қандай ертегілермен таныстық? -«Шалқан», «Үйшік», «Бауырсақ»

- Балалар мына суретке қараңдаршы,қандай ертегілер бейнеленген?

Келген қонақтарға «Бауырсақ» ертегісін сахналап берейік.

Ертеде шал мен кемпір болыпты. Бірде шал маған дәмді бауырсақ пісіріп берші, -деді кемпіріне.

Ұнның біткені қашан, бауырсақты неден жасаймын?

-Қаптың түбін қағып  орнын сыпсырсаң,біраз  ұн да диналып қалар,-депті сонда шал.Кемпір қаптың түбін қағып,төгілгенін сыпырып,екі уыстай ұн жинайды. Оған қаймақ қосып, қамыр илейді.Содан соң оны майға қуырады. Піске бауырсақты терезе алдына суытып қояды.Жата-жата жалыққан Бауырсақ терезеден жерге домалап түсіп,кемпір мен шалдан қашып кетеді. Домалап келе жатып,ол Қоянды кездестіреді.

Қоян Бауырсаққа:

Бауырсақ , Бауырсақ, мен сені жеймін,-дейді.

-Мені жеме,Қоян.Мен саған өлең айтып беремін:

Мен Бауырсақ, Бауырсақ,

Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап,

Ал сенен қашу Қоян,

Қиын емес маған,-деп Бауырсақ домалай жөнеледі.

Қоян аң-таң болып жолда қалады.

Қояннан құтылған Бауырсақ  домалай-домалай орманға жетеді. Ойламаған жерден алдынын бір сұр қасқыр шыға келеді де:

-Жемеші мені,қасқыр,мен саған өлең айтып беремін,-деп ол әндете жөнеледі.

Мен Бауырсақ, Бауырсақ,

Босқа тұрсам, ұмтылармын,

Қасқыр,сенен де құтылармын.

 Бауырсақ домалап кете барады. Қасқыр аңтарылып артта қалады.

Сол домалаған қалпы ол қорбандаған Аюға жетіп тіреледі.

-Аю

- Мен Бауырсақ, Бауырсақ  мен сені жеймін! –дейді ақырып.

-Тоқтай тұр, Аю ,оданда менің өлеңімді тыңда,-деп Бауырсақ кідірместен әндете бастайды:

Мен Бауырсақ, Бауырсақ,

Аюға келді кезек,

Одан қашу керек,-деп жолын жалғастырады.Осылайша, Бауырсақ аюдан да құтылады. Аңғау Аю аузын ашып қала береді.

Алаңсыз домалап келе жатқан Бауырсақ енді қу Түлкіні кездестіреді.  Бауырсақты көріп қуанып кеткен Түлкі:

-Амансың ба, Бауырсақ, Бауырсақ....

Түлкі қазір сенен

Оңай қашып кетем.

-Әнің жақсы екен,-деп қу Түлкі.Бірақ қартайдым,құлағым дұрыс естімейді. Тұмсығыма шығып өлеңіңді қайта айтшы, жақсылап тыңдап алайын.

Мақтау сөзге елпілдеп кеткен  Бауырсақ ойланбастан түлкінің тұмсығына домалап мініп, әндете жөнеледі.

Мен Бауырсақ, Бауырсақ....

Қаптың түбін қағып ап ....

Сол-ақ екен , қу түлкі оны «ап» деп жеп қояды. Қанын сипап бір тояды.

Рефлексті коррекциялаушы.

-Балалар,сендерге достарынның сахналаған ертегісі ұнады ма? Ертегіде  қандай кейіпкерлер бар?

-Ұнады.Ата мен әже, Аю,Қоян, Қасқыр.

-Түлкі қандай аң екен?

-Түлкі қу екен.

-Ол Бауырсақты алдап жеп қойды.

-Аяжан сен бауырсақты жақсы ойнадын.

Жарайсыңдар, балалар!

Күтілетін нәтиже:

Білуге тиіс: балалар кейіпкерлерін атай білу.

Түсінеді: кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын сала білуі.

Көрсетеді:  дауыс ырғағын салуды.

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру