Тіркелу Сайтқа кіру

Тіл ұстарту. Мәтінді абзацқа бөліп оқыту

 

 

                                Мамытова  Индира Какенқызы

ШҚО Тарбағатай ауданы  Маңырақ ауылы

А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақ тақырыбы:Тіл ұстарту .Мәтінді абзацқа бөліп оқыту

Сабақ мақсаты: Абзацтан негізгі ойды анықтап ,оны атай білуге үйрету.

                           Мәтінді  өз  сөздерімен мазмұнын әңгімелей   білу дағдысын қалыптастыру,оқушының ой-өрісін дамыту.

                         Аймақтық компонент элементтерін пайдалана отырып, елін,жерін,табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу

Сабақ түрі:Тіл ұстарту,мәтінмен жұмыс

Сабақ әдісі:  Мәнерлеп оқу

                      Бөлімге ат қою

                      Мазмұндау

                    Сұрақ-жауап

Сабақ барысы:Ұйымдастыру оқушылардың сабаққа даярлығы(2мин.)

Үй тапсырмасын сұрау

Төл сөз дегеніміз не?

Мысал келтір

Автор сөзі дегеніміз?

Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі,тыныс белгілері(10мин.)

Жаңа сабақ

Бүгінгі  тіл ұстарту сабағында мәтінмен жұмыс жасаймыз.Мәтіндерді абзацқа бөліп оқыта отырып,меңгеретін боламыз.

Сабақты бастамас бұрын,оқушыларды 3 топқа бөлеміз.

Ал,енді  мәтінді 1оқушыдан таңдап аламыз.

Тақырыптары:1)Қабанбай батыр

                            2)Зайсан өңірі

                             3)Ақ Ертіс

Мәтінді абзацқа бөліп аламыз.Әр топтың мәтінінде 3 абзацтан бар.

1-абзацты-1-оқушы оқиды,мазмұнынын айтады,абзацқа ат қойып,оны  дәптерге жазады

2-абзацты-2-оқушы оқып,1,2 абзацтың мазмұнын қосып  айтады,2-абзацқа ат қояды,дәптерге жазады.

3-абзацты-3-оқушы оқып,1,2,3 абзацтардың мазмұнын айтып,ат қояды.Жеке-жеке мәтіндерге жоспар құрады.

І-топ ІІ-топтың мәтіндерін мазмұнын айтады.(қайталау)

Әр топ бір-біріне мәтін бойынша сұрақтар қояды.

Сабақ бекіту: мәтінді абзацқа бөліп оқу сендерге ұнады ма?

Географиялық картадан  Ертіс өзенін,Зайсан ауданын көрсетіп бере аласыңдар ма?

 Қабанбай батыр жайлы тарихтан не білесіңдер?Батыр жайлы қандай шығармалар бар?

Оқушылар топ-топ бойынша білімдерін бағалайды.

Өзен,көл батырлық,ерлік жайлы қандай мақал –мәтелдер білесіңдер?

Отаныңа қауіп төнсе не істер едің....?

Сөзжұмбақ шешу.

Сабақ қорыту; Ертіс өзені жайлы не білдік?

Қабанбай батыр кім болған?

Зайсан өңірі  мәтінін оқи отырып,қандай әсер алдың?

Өз туған жеріңнің табиғатын суреттеп бере аласың ба?

Үйге тапсырма:   Зайсан  жайлы қосымша материал  іздеп келу.  «Ауылым алтын-бесігім» тақырыбында шығарма жазып келу.

Білім бағалау.

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру