Тіркелу Сайтқа кіру

коучинг сабақтары. Исадилова А.Н.

коучинг сабақтары. Исадилова А.Н.
Павлодар облысы,Павлодар қаласы
Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат
Исадилова Алмагуль Нуртасовна

коучингтер тақырыбы
1. Оқытуды басқаруда және көшбасшылықтағы кедергілер
2. Қалыптастырушы бағалауда кері байланыстың маңыздылығы
3. оқытудағы көшбасшылық


Өткізу мерзімі 14.01.2014
Тақырыбы Оқытудыға көшбасшылық
Мақсаты Оқытудағы көшбасшылықтың маңыздылығын анықтау, көшбасшылықтың түрлерімен танысу, мұғалімдердің көшбасшылық қасиеттерін анықтау
Оқыту нәтижесі Оқытудағы көшбасшылықтың маңыздылығын ашу, көшбасшының қасиеттерін анықтау, мұғалімдердің бойындағы көшбасшылық қасиеттерін ашу
Негізгі идеялар Мұғалімдер өз бойындағы көшбасшылық қасиеттерін анықтап, өз қызметінде қолдану жолдарын анықтайды
Задания: 1. ой қозғауға арналған тапсырманы орындау
2. видеобейнені дыбыстау, өзге топтың жұмысын қадағалау
3. топтық жұмыс. Президенттің сайлау алдындағы бағдарламасын құрасытрып, көпшілікке ұсыну
4. социограмма толтыру
5. коучинг-сессия туралы өз пікірлерімен бөлісу
Қолданылған жаңа әдіс-тәсілдер Топтық жұмыс,АКТ, СТО үйрету
Ресурстар Видеобейнелер, презентация, социограмма тапсырмалары. Рефлексия сұрақтары
Әдебиет МАН

кезең уақыт Іс-әрекет
1 психологиялық аухуал жасау 3 мин • Кез келген кісілерге тапсырма беру , олар бұл тапсыманы басқаларға орындату қажет
Тақырыпты нақтылау 1 мин • Коучингтің тақырыбын тұжырымдау
• Проблеманы анықтау
Топқа бөлу 1 мин • Психологиялық ахуал жасауда қай мұғалімдер қай мұғалімнің тапсырмасын орныдады соған отырғызу
• Бақылаушыны анықтау ( қызметі, топтар ішіндегі жұмысты қадағалау, жұлдыздарды тарату)
Топқа тапсырма беру 10 мин • Бейнебаянды қарау, оны дыбыстау
Топтардың жұмысын бағалау 5 мин • Бейнебаянды дыбыстау баламаларын қарау.
• Топтар өзара дыбысталған бейнебаянға баға береді
Қысқаша теория 5 мин • Оқытудағы көшбасшылықтың маңыздылығы
• Презентация
Проблемалық жағдай
Қойылым 15 мин • Оқытудағы көшбасшы мұғалімнің моделі атты жоба (постер)
• Жағдай: президенттер сайлауына сіздердің тобыңыздың бір өкілі қатысады, оған сайлау бағдарламасын құрастырып интервуью алу керексіздер (іскер көшбасшы, эмоционалды көшбасшы, ақпараттық көшбасшы)
Рефлексия 10 мин • Социометрия құру
Қорытындылау 5 мин • Орындық
• Бақылаушының соңғы сөзі (жұлдыздарды санау, топ ішіндегі көшбасшыны анықтау)

-----------------------------------------------------------------------------------------

Күні 12.09.2013 ж
Коучинг тақырыбы Оқытуды басқаруда және көшбасшылықтағы кедергілер
Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2 деңгей. 3басылым (17-23 бет)
Мақсаты: • Оқуға бағытталған көшбасшылық пен басқару идеясы туралы мұғалімдердің көз қарастарын қалыптастырып, түсініктерін кеңейту.
• Мұғалімдердің тәжірибесінде көшбасшылықтың маңыздылығын ашу.
• Көшбасшылық қызметіндегі кедергілерді жою жолдарын анықтау.
Оқыту нәтижелері Мұғалімдер оқытудағы мұғалімнің рөлін анықтайды, мұғалім оқушылар арасында, ұжым ішінде көшбасшының қызметін атқару арқылы өз тәжірибесін жетілдіру жолдарын ұсынады.
Негізгі идеялар Мұғалім- оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы (Нұсқаулық)
Тапсырмалар Уақыт
1. Ұйымдастыру кезеңі
1.1. Топқа бөліну: 1-топ Қазақ билері: Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би, Майқы би, Бәйдібек би; 2-топ педагогтер: А. Байтұрсынов, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А.С. Макаренко 2 мин
1.2. Психологиялық ахуал тудыру Топқа бөліну бойынша сабақтың тақырыбын ашу. Стикерге келесі сұрақтарға жауап беру
1. Өзіңізді көшбасшы деп сезінесіз бе?
2. Сіз қайда көшбасшы бола аласыз?
3. Неге? 10 мин
2. Мағынаны ажырату
2.1. Мұғалімдерге көшбасшылық туралы мәлімет беру, оның түрлерін анықтау Презентация көрсету, ортада талдау 15 мин
2.2. Постер қорғау Оқытуда көшбасшылқтың түрлері Топтарда постер құрастыру
1-топ Мұғалім - оқушылар ұжымындағы көшбасшы
2-топ Мұғалім – мұғалім ұжымындағы көшбасшы
Басқа топтың постерін бағалау -түрлі смайликтерден біреуін таңдап, неге осындай смайлмен бағалағандарын түсіндіру қажет 15 мин
2.3. Көшбасшылық іс-әрекетіндегі кедергілер Постерлермен өзара алмасу.
1-топ Мұғалім-мұғалім ұжымынндағ көшбасшылық іс-әрекетінде кездесетін кедергілерді анықтау, жазу, қорғау
2-топ Мұғалім-оқушылар ұжымындағы көшбасшылық іс-әрекетіндегі кездесетін кедергілерді анықтау, жазу, қорғау
Әр топ қарсы топты смайлдар арқылы бағалайды.Бағаларын ауызша түсіндіреді. 15 мин
2.4. Сергіту сәті Қызыл өрік 3 мин
2.5. Мұғалімдерді жаңадан топқа бөлу Әр топқа тапсырма (рөлдік ойын)
1топ мұғалім оқушылар ұжымындағы көшбасшылықта кездестін кедергілерді жою жолдарын ұсыну, қорғау
2-топ мұғалім мұғалімдер ұжымындағы көшбасшылықта кездестін кедергілерді жою жолдарын ұсыну, қорғау 20 мин
3. Ой толғаныс
3.1. Жерге түсірме ойыны Мұғалімдер талқылаған материалдан өздеріне қандай пайда алғандары туралы пікір алысады. Шеңберге тұрып бір-біріне доп лақтырып осы коучингтен өзіне қандай жаңалық ашқаны туралы айтады 5 мин
3.2. Көшбасшылық туралы ойды қорытындылау Көшбасшылық арқылы өз тәжірибемізді қалай жетілдіре аламыз? 5 мин

------------------------------------------------------------------------------------------

Апта 2 Күні 17.09.2013
Коучинг тақырыбы Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығы
Сілтеме • Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2 деңгей. 3басылым (104-109 бет)
• Р.Х. Шакиров и др. Формативное оценивание на уроках математики. Практическое пособие для учителя. Бишкек. 2012 г.
Мақсаты: • Қалыптастырушы бағалау жайлы мұғалімдердің түсініктерін қалыптастрып кеңейту.
• Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың түрлерімен таныстырып маңыздылығын ашу.
• Қалыптастыруша бағалаудағы кері байланысты ұйымдастыру жолдарын анықтау.
Оқыту нәтижелері Мұғалімдер оқытудағы бағаның рөлін анықтайды, мұғалім қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығын түсінп оны жүзеге асыру жолдаын анықтайды.
Негізгі иделар Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыс мұғалімнің тәжірибесін және оқушының білім деңгейін жоғары дәрежеге көтереді.
Тапсырмалар Уақыт
1. Ұйымдастыру кезеңі
1.1. Психологиялық ахуал тудыру Мұғалімдер шеңберде жұптасып тұрады, алақандарымен жаңасып, саусақтармен бірі-біріне осы коучинг сабағында не тілейтінін айтады.
Смайлдардың түстері бойынша мұғалімдерді топқа бөлу 2 мин
1.2. Мұғалімдерді сабаққа тарту Тақтадағы сөзжұмбақты шығару. Жауабы БАҒА.
Бала салған балықтың суретін қалай бағалайсыздар?
Жасы жоғарырақ бала салған балықтың суретін қалай бағалайсыздар?
Мұғалімдерге «Мақсат ағашы» таратылады. Мұғалімдер өз жұмысын бағалап суреттегі бір адамды таңдау арқылы мектептегі өз орнын анықтайды. 10 мин
2. Мағынаны ажырату
2.1. Мұғалімдерге қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс туралы мәлімет беру Презентация көрсету, ортада талдау 15 мин
2.2. Постер қорғау Оқытуда қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстар түрлері Топтарда постер құрастыру
Кері байланыс туралы мәліметті топтарға тарату
1-топ Қалыптастырушы бағалаудағы ауызша кері байланысты ұйымдастыру
2-топ Қалыптастырушы бағалаудағы жазбаша кері байланысты ұйымдастыру
Басқа топтың постерін бағалау -түрлі смайликтерден біреуін таңдап, неге осындай смайлмен бағалағандарын түсіндіру қажет 25 мин
2.3. Тренинг Гүл жасау
• Тыңдаушылар түрлі түсті қағаздар, скотч, қайшы көмегімен гүлдеді жасайды.
• Әр мұғалім өз гүлін қоғайды.
• Жұптасып өз жұбындағы мүшесінің гүлін бағалайды. 15 мин
2.4. Сергіту сәті Денемен кеңістікте баға салу 3 мин
2.5. Постер жасау
Оқу үдерісін жетілдіру мақсатымен өз жұмысыңызда кері байланысты қалай ұйымдастырасыздар?
Әр топ берілген тақырыпқа постер жасады.
Әр топ қарсы топты смайлдар арқылы бағалайды.Бағаларын ауызша түсіндіреді. 15 мин
3. Ой толғаныс
3.1. 6 қалпақ әдісі Тыңдаушылар шеңберге тұрып 6 қалпақ әдісімен өз жұмыстарына, топ жұмысына, сабаққа баға береді. 5 мин
3.2. Мұғалімдерден сауалнама алу Мұғалімдерден коучинг сабақтары туралы саулнама алу 5 мин

САБАҚ ЖОСПАРЛАР БАРЛЫҚ ПӘННЕН

коучинг сабақтары. Исадилова А.Н.

dle
Пікірлер: 2
Пікір қалдыру
Айнұр
winked керемет! рахмет осындай материалдарды дайындағандарыңызға.
Жамбаева Арай Шимырхановна
Өте керемет! Сіздерге рахмет.