Тіркелу Сайтқа кіру

«Қырмызыгүлін өсіру және оның емдік қасиеті »

Кіріспе

Осы уақытқа дейін, экономикасы дамыған елдерде ғылыми – техникалық прогрестің дамуының, жаңа айықтыру тәсілдерінің ашылуының, өмір сүру жағдайының жақсаруының арқасында көптеген аурулар өзекті болып саналмайды. Алайда, соңғы он жылдықта экологиялық жағдайдың қолайсыздығы, радиацианың жоғарылауы, су мен топырақтың химиялық заттармен ластануы кезеңінде ең керекті мәселе, ол денсаулықты сақтау. Қазіргі кезде біздің елде денсаулықты сақтау үшін көптеген терапевтік, фармакологиялық, хирургиялық және басқа да химиялық дәрі – дәрмектердің бар екені белгілі. Бірақ осы аталған дәрілермен бір ауруға қарсы емделу кезінде, ол адамның басқа ағза мүшелеріне зиянды болатындығы айтылып та, жазылып та жүр. Сондықтан, мен ауруларға қарсы қолданылғанда басқа ағза мүшелеріне әсер болмайтын емдік қасеттері бар көптеген емдік шөптерді сарапқа салып ақырында қырмызыгүл атты емдік шөпті таңдап, оны зерттеуді жөн көрдім.

Емдік өсімдік ретінде біздің заманымызға дейінгі I ғасырда өмір сүрген ежелгі грек әскери дәрігері және философы Диоскоридте табылған. Ол қырмызыгүлдің тұнбасын бауыр ауруларына ішкі ағзалардың түйілуін жеңілдету үшін қолданған. Диоскоридке одан кейінгі замандарда өмір сүрген зерттеушілер де сілтеме жасаған,олардың ішінде XI ғасырдың танымал емдеушісі Абу Али Ибн Сина, Еуропада Авиценна атымен танымал болған дәрігер зерттеуші. XI ғасырда қырмызыгүл жапырақтарының езіндісі рак ауруына қарсы ішке қолданылған, әсіресе сүт бездерінің және әйел жыныс органдарының ауруларында қолданылған, сүйел және күсті кетіру үшін де қолданылған. XV ғасырда Францияда қырмызыгүлді көп мөлшерде өсіретін болған. Қырмызыгүл Навар ханшайымы Маргарита Валуаның сүйікті гүлі болған. Қазіргі таңда Париждің өзінде Люксембург бақшасында ханшайымның қырмызыгүл ұстаған ескерткіші бар.

1

Еуропада орта ғасырларда қырмызыгүл күшті сиқырлы зат ретінде саналған. Егер жас әйелге жасалған тұрмысқа шығу екі жақтан жасалған

болса, кімді таңдарын білмеген жағдайда қырмызыгүл, май оран және полынь кепкен гүлдерін алып оларды майда ұнтақ жасап, бал және ақ шараппен араластырып оны қайнатуды ескерткен. Содан соң бұл қоспаны денесіне жағып, жатар алдында үш рет : «Қасиетті Лука, Қасиетті Лука,кешірімді бол! Маған түсімде болашақ күйеімді көруге мүмкіндік бере көр!» деп айтыпжатқан. Сонда күмәнданған қалыңдыққа болашақ күйеуін көрген. Оңтүстік Еуропада қырмызыгүл тұрақтылық пен ұзақ махаббаттың нышаны ретінде той гүл шоқтарында жиі кездескен.

 

 

 

 

Негізгі бөлім

    1. Қырмызыгүлі туралы сипаттама

Қырмызыгүл (Calenduleaesp)

Ғылымитоптастыруы

Дүниесі:     Plantae

Сабы:         Asterales

Тұқымдасы:        Asteraceae

Тайпасы:    Calenduleae

Қырмызыгүл (лат.Caléndula) — күрделігүлділер тұқымдасына жататын жартылай бұта, бір жылдық, кейде көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 см-дей. Сабағы бұтақтанып өседі. Жапырақтары ұзынша қондырма, қандауыр пішіндес, жиектері тегіс. Гүл шоғы ұзын гүлсидамына орналасқан себет гүл, оның шетін 1 — 2 қатар жапырақ қоршап тұрады. Гүлі көбіне сары, сарғыш түсті, сондай-ақ қосжынысты, хошиісті. Қырмызыгүлінің 30-ға жуық түрі Жерорта теңізінің жағалауында таралған.Біржылдық гүлдердің ішінде жер талғамай тұқымы шашылып өздігімен де шыға беретін гүлдің бірі. Сабақтары қырлы, жабысқақ түкті болып келеді. Гүлдері сабағына тығыз орналасады. Жай күлтелі және гүл парлы болып екіге бөлінеді. Диаметрі 4-10 см аралығында. Тұқымы таға пішінді. Мамыр айының аяқ шенінен бастап, суық түскенге дейін гүлдейді. Жемісі — дәнек. Қазақстанның барлық аймағында егілетін 1 ғана түрі бар, ол — дәрілік қырмызыгүл. Оның құрамында календенатты ащызат, шайыр, әр түрлі қышқылдар, шырышты заттар және каротиноидтар, алкалоидтар, эфир майы бар. Қырмызыгүлдің дәрілік қасиеті ежелгі Грекияда белгілі болған. Халықтық медицинада қырмызыгүл жара, безеу, шиқан, ұшық және көз ауруларын емдеуге қолданылады.[1]

 

 

 

3

Гүлдің аты - қырмызы,

Терген талай қырқызы.

Құшақ-құшақ гүл сыйлап,

Қуантыпты құрбыны.

Қажет етпес күтім көп,

Жинар ел ем үшін деп.

Он күн өңін жоғалтпас,

Тұрар жайнап,бүтін боп.

1.2 Қырмызыгүлінің көбейтілуі

     Біржылдық гүлдерді жыл сайын тұқымнан көбейтіп өсіріп отырады. Мамыр айында гүлдету үшін, ақпан айының соңы, наурыз айының басында жылы жайда немес еүйде 20-22ºС жылылықта тұқым арқылы көбейтеді. Тұқым 5-7 күнде өніп, өскін шығарады. Өскінде бір-екі жапырақ шыққанда, көшеттеп, әрқайсысын жеке отырғызады. Сәуірдің соңында немесе мамыр айының басында, көктемнің ызғарлы суығы өткеннен кейін, көшеттерді далаға егеді. Өскін өніп шыққан уақытынан бастап, 50-60 күннен кейін гүлдей бастайды. Бақшаға сәуірдің аяғы, мамырдың басында тұқымынан егетін болсаңыз, жаздың ортасында гүлдейді.[2]

1.3 Қырмызыгүлінің қолданылуы:

Көгалдандыруда гүлінің ашық бояуы, ұзақ әрі мол гүлдеуімен, күтімді аса қажет етпейтіндігімен бағалы. Оны гүл зарларда, жол жиектеріне, ыдыстарға отырғызып қала көгалдандыруында да, жеке бақшаларда да көп қолданады. Биік түрлерін тек көгалдандыруда ғана емес, кесіп гүл шоқтарын жасауға да пайдаланады. Кесілген қырмызыгүлдер 10 шақты күнге дейін әдемілігін жоғалтпайды. Көшеттерін еккенде, ара қашықтығы 20-30 см болуы керек.

 

 

 

 

4

1.4 Қырмызыгүлінің күтімі:

Қырмызыгүл – күтімі оңай өсімдік. Ашық күн түсетін жерде жақсы өседі. Суыққа шыдамды. Топырағы жеңіл, орташа құнарлы, ылғалды болғанын қалайды. Өсімдікке көңді гүл түйін салғанға дейін қосу қажет, ал одан әрі қарай өте көп қолдануға болмайды, себебі көңде азот көп болғандықтан жапырақтары мол болып өсуіне пайдалы, ал біз жапырағы емес, гүлі үшін өсіретіндіктен, гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал. Ұзақ әрі мол гүлдеуі үшін, гүл шоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда, жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын қыркүйек айынан бастап жинауға болады.

1.5 Қырмызыгүлінің емдік қасиеті.

Әсемдік өсімдіктер қалаға эстетикалық жер қалдырып қоймай сонымен қатар ауаны тазартады, тазалық сақтауға көмектеседі, айналаны көгалдандыруға да әсері бар.[3]

Ал дәрілікөсімдік ретінде жапырағының да, гүлінің де емі бар. Дәрілік өсімдіктің егілуін және күтіп баптау керегін білсе, күздің күні жапырағын гүлін жинап кептіріп, емге қолданылуын білсе бірден – бір таптырмайтын олжа. Себебі,қазіргі заманда адам өзіне қажетті жағдайдың бәрін білуге тиіс, сондықтан дәрілік өсімдіктің тек қана қолданылуын білу және оны қайнатып емге пайдалана беруге болады. Әрине,дәрілік өсімдіктің барлығын қалай болса,солай қолдануға болмайды, оның құрамындағы элемент немесе әр түрлі заттардың болуына байланысты. Дәрілік өсімдіктің қай ауруға ем екенін және құрамындағы элемент заттарын біле отырып қолдануға болады.Қазіргі кезде Вивасан компаниясы Швецарияда өндірілген табиғи- емдік, косметикалық өнімдер,биологиялық белсенді қоспалар және өсімдіктерден жасалған денсаулыққа пайдалы өнімдерді ұсынуда.

  • Қырмызыгүл иісмайы.

  • Қырмызыгүл део- иісмайы.

  • Қырмызыгүлден жасалған эмульсия

                                     5

Қырмызы гүл кремі (байытылған)

Қырмызы гүл кремі өсімдіктің барлық емдік қасиеттерін өзінде сақтайды. Кремнің белсенді косметикалық құрамы қырмызы гүл сіріндісі, тәтті бадам майы, ара балауызы, Е витамині, аллантоин, бисоболол, жұмсартқыш және ылғалдатқыш қоспалар болыптабылады. Емдік қасиеттері каротиноидтердің, фитонцидтердің, эфир майының,салицил және алма қышқылының, камедиденнің, белок заттарының, тритерпендік сапониндердің,сілемей мен С витаминдерінің болуынан туындайтын қырмызы гүл сіріндісі тері жасушаларындағы заттардың алмасуын көтермелейді, бос радикалдардың пайда болуынакедергі келтіреді, жасушаларды уақытша бұзылудан қорғайды, бактерицидтік,тазартқыштық және жара жазғыштық әсер етеді.

Табиғи УФ-сүзгі бола отыра, теріні күнге күюден қорғайды және оларды емдейді. Тәтті бадам құрғамайтын құнарлы майларға, сондай-ақ эмульсин ферменттеріне, В2 витаминіне белоктық және илегіш заттарға, қант пен шырышқа бай, теріге жақсы сіңеді, жұмсартып,ылғалдандырады, ұсақ тыртықтар мен кесілген жерлердің жазылу үрдісін жеделдетеді және оны қоршаған ортаның жағымсыз ықпалынан қорғайды.

Қаныққан май қышқылдарына, жоғары молекулалық спирттерге, қаныққан көмірсутегілеріне, каротиноилдарға, А витаминіне, антибиотиктер мен басқа дабактерицидтік заттарға бай ара балауызы терінің сіңірімділігін қамтамасыз етеді, терігеқорғаныстық әсер етеді, оның кедергілік қызметтерін көтереді, теріні тамаша жұмсартады,ылғалды сақтайды.

Токоферил ацетаты (Е витамині) – бағалы косметикалық құрамдардың бірі, белсендіантиоксидант. Тері үстіндегі липидтерді және коллагендік талшықтарды қышқылдану менбұзылудан қорғайды, сол арқылы терінің икемділігін сақтайды,уақытша қартаюдан қорғайды, оның себебі зиянды қоршаған факторлардың ықпалы болып табылады.

 

 

6

Аллантоин да теріге жұмсартқыштық және ылғалдатқыштық әсер етеді, ол сондай-ақ жараның жазылу барысын және эпидермис жасушаларының қалпына келуін көтермелейді.

Бисабололдың (түймедақ эфир майынан алынады) бактерияға қарсы, қабынуға қарсы және тыныштандырғыштық әсері бар, тітіркенуді, қабынуды басады.

Глицерин, сұйық парафин – жұмсартқыш және ылғалдатқыш құрал, терінің серпінділігімен икемділігін арттырады. Терінің созылғыштық және құрғақтық жағымсыз сезімін жояды және оны қоршаған орта мен тұрмыстық химия құралдарының жағымсыз әсерінен қорғайды. Пентилен гликольмен және цетилдік спиртпен бірге терідегі ылғалдың сақталуына ықпал ете отыра, суды тоқтатады.

Қырмызыгүл кремі

     Тері ауруларын, жаншылу мен жарақаттарды, күйіктер мен үсіктерді емдеуге арналған тиімді құрал. Қан ағып, сіңір созылған кезде сауығу үрдісін жеделдетеді, бұлшық ет ауруларын азайтады. Көктамырдың варикоздық ауруын емдеу үшін таптырмайтын дәрмек, өйткені қан тамырларын нығайтады, ауруды басады, капиллярлық қан айналымын жақсартады. Кремді тұрақты қолдану тамыр «жұлдыз шаларын» жоюға ықпал етеді. Қырмызыгүл кремі ас қорыту бұзылған кезде көмектеседі – ішектің қызметін қалыпқа келтіреді, кептелістердің жойылуына ықпал етеді, ауруды, түйілуді басады,бауыр мен өт қабығының қызметіне оң әсер етеді. Әйелдерге кремді етеккір ауруының алдында қолдануға ұсынылады – ауруды басады.

Ылғалдылық әсерінің арқасында Қырмызыгүл кремі құрғақ және сезімтал тері үшін өте пайдалы. Витаминдіргіштік әсер етеді, қалпына келу үрдісін көтермелейді, терінің серпінділігі мен икемділігін қолдауға ықпал етеді. Терісі сырқатты немесе сезімтал жас өспірімдерге бұл кремді күндізгі крем ретінде пайдалануға болады, өйткені ол тітіркенуді басады және қабынуға қарсы қасиеті бар.

7

Өзінің жұмсақ,тыныштандырғыштық қасиетінің арқасында Қырмызыгүл кремі сәбилерді күту үшінпайдалы – терінің дуылдауы мен тітіркенуін жояды.

Қырмызыгүл кремінің қолданылу саласы:

- жарақаттар, сыдырма, гематомдар кезінде – бірден жарақаттанған жерге крем жағу;

- құрғақ, сезімтал теріні ылғалдандыру үшін – қажеттілік бойынша қолдану;

- күйіктен, үсіктен кейін теріні қалпына келтіру (жазу үшін) – зақымдалған жерге жұқалап жағу;

- сырқаттық етеккір – етеккірге дейін 2-3 күн бұрын іштің төменгі жағын сүрту;

- ас қорыту бұзылған кезде – кремді іштің төңірегіне жағу;

- операциядан кейінгі тігістер (келлоидтық кесіктердің пайда болуына қарсы)тігістерге ұдайы жағу;

- көктамырлардың варикоздық кеңеюі (ВИВАСАН көктамырлар үшін Креммен үйлесімде тиімді) – сырқаттанған жерге ұдайы жағу;

Қырмызыгүл кремінің құрамы:

     Қырмызыгүл сіріндісі, ара балауызы, Е витамині (токоферил ацетаты), тәттібадам, аллантоин, бисаболол, пентиленгликоль, глицерил стеарат цитрат, цетеарилді спирт, децил олеат, сұйық парафин, гексилдеканол, гексилдецил лаурат, сукрозы стеарат,парфюмериялық булық, пантенол, петролатум, күнбағыс майы, феноксиэтанол,минералсыздандырылған су, лимонен, линалоол, цитронеллол, гераниол, цитрал, гексилциннамал, бензойлық қышқыл, натрий гидрототығы, сутексіздендірілген сірке қышқылы,гидроксицитронеллал салицилат, бензилдік спирт.

Қырмызыгүл део-кремі

Тері шығару үрдісі – бұл табиғи және қажетті физиологиялық үрдіс, ол ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын ұстауға ықпал етеді, температуралық

режимді реттейді, зиянды заттарды кетіреді.

8

Тердің өздігінен иісі жоқ.Тердің жағымсыз иісінің пайда болуы адамның тері жамылғыларындағы ластайтын бактериялардың қызметінен пайда болады. Бактериялар ерекше нитрозоамин заттарын шығарады, олар жағымсыз иіс береді. Бактериялар терді және адамның тері майын өздерін көбейту үшін пайдаланады және қорғаныс тегершіктерінің төмендеу шегінде гигиеналық шараларды сақтамаған кезде, тері жамылғыларының әртүрлі зақымдалуын туғызуы мүмкін. Бұл туралы неліктен білу неге маңызды екендігі осыдан және тері шығаруды реттегіш құралын гигиеналық мақсатта міндетті түрде қолдану қажет.Терінің пайда болуы мен және теріні шығаруға кедергі келтіретін құралдарды қолдану терінің микрофлора құрамына айтарлықтай ықпал етпейді, терінің уға қарсы қызметін бұзбайды, өйткені оларды қолдану аймағы терінің барлық үстіңгі бетімен салыстырғанда көп емес.ВИВАСАН компаниясы тері иісімен күресте осы заманғы құралды – қырмызы гүлдің табиғи сіріндісі мен тәтті бадам қосылған Қырмызы гүл кремі део-кремін ұсынады. Кремнің белсенді косметикалық құрамы қырмызы гүл сіріндісі, алюминий хлоргидраты,тәтті бадам майы, мырыш рицинолеат, глицерин, жұмсартқыш және ылғалдатқыш қоспалар болып табылады. Кремнің антиперспиранттық қасиеті бар, өйткені оның құрамына кіретін дәстүрлі қолданылатын алюминий хлор гидраты саңылауларды тарылта отырып, тер шығару үдерісін тоқтатады, сөйтіп део-крем жағылған тері төңірегінде тер шығару қызметін шектейді. Сонымен қатар, алюминий хлоргидратының бактерицидтік қасиеттері бар, бактериялардың көбеюіне кедергі келтіреді. Мырыш рицинолеаты – мырыш тұзы мен кастор майының жиынтығы – фунгицидтік және бактерицидтік белсенділікке ие, сондай-ақ кез-келген, тіпті ең күшті иісті кетіретін айрықша қабілеті бар. Иістенгіш заттарды құрайтын бактериялардың көбеюіне кедергі келтіреді, ол бұл жағдайда тері жамылғыларына тітіркендіргіштік әсер етпейді.

 

 

9

Емдік қасиеті каротиноидтардың, фитонцидтердің, эфир майының, салициль және алмақышқылының, шырыштың, белоктық заттардың, тритерпендік сапониндердің, селемеймен С витаминінің болуынан туындайтын қырмызы гүл сіріндісі тері жасушаларындағы заттардың алмасуын көтермелейді, бос радикалдардың пайда болуына кедергі келтіреді,жасушаларды уақытша бұзылудан қорғайды, бактерицидтік, тазартқыштық және жараны жазғыш әсері бар.Бай құрғамайтын құнарлы майларға, сондай-ақ эмульсин ферменттеріне, В2 витаминдеріне, белоктық және илегіштік заттарға, қант пен шырышқа бай тәтті бадам теріні нәрлендіреді, жұмсартады және ылғалдандырады, ұсақ сыдырмалар мен кесілген жерлердің жазылу үрдісін жеделдетеді және оны қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғайды.Глицерин мен оның туындылары – жұмсартқыш және ылғалдатқыш құралдар, терінің серпінділігі мен икемділігін арттырады. Терінің созылғыштық және құрғақтық жағымсыз сезімін жояды және оны сыртқы орта мен тұрмыстық химия құралдарының зиянды әсерінен қорғайды. Цетил спиртімен бірге терідегі ылғалдың сақталуына ықпал ете отыра,суды тоқтатады.Гидроксиэтилцеллюлоз күшті майсыздандырғыштық қасиетке ие, «судағы ысқыш»ретінде майды сорады.

Қырмызыгүл део-кремі тері бездерінің қызметін реттейді, терінің шығуына кедергі келтіреді, сергітеді, жағымсыз иісті жояды, хош иістендіреді – қырмызы гүлдің нәзік хош иісі ұзақ сақталады. Пайдаланғанда өте үнемді, өйткені 24 сағат бойында ұзақ әсер етеді.Қырмызы гүл део-кремінің керемет хош иісі бар, ол психоэмоционалдық жайлылық жасайды және тиімді хош иістендіргіштік әсерді қамтамасыз етеді. Қырмызыгүл део-кремі құрамында этил спирті жоқ, сондықтан терінің ысуы мен қызаруын туғызбайды. Жұмсақ әсердің арқасында сезімтал және оңай тітіркенетін тері үшін ұсынылады.

 

 

10

Қырмызы гүл део-кремінің құрамы:

Қырмызыгүл сіріндісі, алюминий хлоргидраты, тәтті бадам, глицерил стеарат, мырыш рицинолеат, каприликкаприк триглицерид, глицерил стеарат цитрат, глицерин, цетилді спирт, гидроксиэтилцеллюлоза, изопропил миристат, суккроза стеарат, феноксиэтанол, бензойлық қышқыл, сутексіздендірілген сірке қышқылы, гексилциннамал, гидрокси цитронеллал, лимонен, линалоол, цитронеллол, гераниол, су, парфюмериялық булық.

Қырмызы гүл део-кремінің қолданылуы:

     Гигиеналық жуынғаннан кейін аз ғана кремді қолтыққа жағып, кептіру қажет.

Қырмызы гүл эмульсиясы

Қырмызы гүл эмульсиясы – бұл ылғалдатқыштық және қорғаныс әсері бар тітіркенуді басатын және тыныштандырғыштық әсер ететін сезімтал теріні күтуге арналған сіңімді косметикалық құрал. Эмульсияның белсенді косметикалық құрамы қырмызы гүл сіріндісі, күнбағыс майы, Е витамині, аллантоин, бисаболол, жұмсартқыштық және ылғалдатқыштық қоспалар болып табылады. Қырмызы гүлдің емдік әсері онда биологиялық белсенді заттардың, каротиноидтердің,фитонцидтердің, эфир майының, салицил мен алма қышқылының, шырыштың, белоктық заттардың, тритерпендік сапониндердің, селемей мен С витаминінің болуынан туындайды.

Қырмызы гүл сіріндісі тері жасушаларындағы заттардың алмасуын көтермелейді, босрадикалдардың пайда болуына кедергі келтіреді, жасушаларды олардың бұзушылық әсерінен қорғайды, бактерицидтік, тазартқыштық және жара жазғыштық әсер етеді.Табиғи УФ-сүзгі бола отыра, қырмызыгүл теріні күннен күюден қорғаумен қатар, оны емдейді, бай құрғамайтын құнарлы майларға, сондай-ақ эмульсин ферменттеріне, В2 витаминіне, белоктық және илегіштік заттарға, кант пен шырышқа бай бадам майы тамаша сіңеді, теріні жұмсартып ылғалдандырады, ұсақ тыртықтар мен кесілген жерлердің жазылу үрдісін жеделдетеді.

11

Е витамині мен нақты антиоксиданттық әсері бар қосымша енгізілген токоферил ацетаты(белсенді пішіндегі Е витамині) жасушаның тыныс алуын жақсарту есебінен тері жасушаларындағы айырбас үрдісін көтермелейді, тері үшін маңызды А витаминін белсендіреді. Сол арқылы, жасушалардың жай-күйін тұрақтандырады және бір уақытта оны УФ-сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды және терінің уақытша қартаюына кедергі келтіреді. Ылғалдатқыштық әсер етеді және эпидермиске икемділік береді.

Табиғи аллантоин заты теріге жұмсартқыштық және ылғалдатқыштық әсер етеді, сондай-ақ жараның жазылу және эпидермис жасушаларының жаңару үрдісін көтермелейді. Олқоршаған ортаның көтеріңкі әсері жағдайларында теріге жағымды әсер етеді (жел, күн,аяз, биік тау жағдайында температура мен ылғалдылықтың күрт түсуі және т.б.).Бисаболол (түймедақ эфир майынан алынады) бактерияға, қабынуға қарсы және тыныштандырғыштық әсері бар, тітіркенуді, қабынуды басады. Силикондарға жататын және тітіркену мен аллергияны тудырмайтын диметикон терінің қорғаныстық кедергісін қалыптастырады, ылғалдық трансдермальдық жоғалуына кедергікелтіре отыра, тамаша желдеткіштік және майлаушылық қасиеті бар. Ол теріге эмульсияның белсенді косметикалық құрамының әсерін ұзартады, оны барынша икемді және жұмсақ етеді. Сұйық парафин тамаша жұмсартқыш және ылғалдатқыш құрал болып табылады. Ол терідегі созылушылық және құрғақтықтың жағымсыз әсерін жояды, теріні қоршаған орта мен тұрмыстық химия құралдарының зиянды әсерінен қорғайды. Қырмызы гүл эмульсиясы табиғи ретпен теріні УФ-сәулелерден қорғайды. Осыған байланысты ашық күн астында (жағажайда және т.б.) ұзақ болғанға дейін және кейін эмульсияны пайдаланған өте тиімді – теріні күюден сақтайды, ылғалдандырады және күн сәулесінен құрғаған теріні нәрлендіреді, бұдан кейін тері жұмсақ та нәзік бола түседі.

 

 

12

Қырмызы гүл эмульсиясы қоршаған ортаның зиянды әсерінен мүлтіксіз қорғауды қамтамасыз етеді, терідегі аллергиялық реакциялардың алдын алады және жояды. Құрғақ теріні жылдам икемді, жібектей, жұмсақ және майда етеді, терінің қорғаныстық қышқыл қабатын тұрақтандырады, сұйық пен май теңгерімін реттейді, босаңсыған теріні тегістейді, оның серпінділігін арттырады, құрғақтықтан сақтайды, жаңа жасушалардың пайда болу есебінен теріні қалпына келтірудің табиғи үрдісіне ықпал етеді.

Қырмызы гүл эмульсиясының құрамы:

   Қырмызы гүл сіріндісі, тәтті бадам майы, токоферил ацетаты, бисаболол, аллантоин, диметикон, ксантантты камедь, карбомер, су, сұйық парафин, коко-каприлат/капрат, гексилдеканол, гексилдецил лаурат, стеарат сукрозы, дистеарат,парфюмериялық булық, феноксиэтанол, натрий гидрототығы, глицерил стеарат цитрат,гексил циннамал, бензойл қышқылы, гидрокси цитронеллал, бензил салицилат,сілтісіздендірілген сірке қышқылы, лимонен,линалол, цитронеллол, гераниол.

Қырмызыгүл сіріндісі қабынуға және бактерияға қарсы, жарақатты айықтыратын,бактерияға қарсы тұрады, капиллярларды белсенді түрде жақсартады, терінің жаңаруын және терідегі өзекшелердің жабылуын қамтамасыз етеді, майлы теріні жақсартады, жарылудан сақтап тұрады. Табиғи ультрафиолет сәлулелерінің фильтрі болып, теріні күн сәулесінің күйуінен сақтап оларды емдейді.

Қырмызыгүл эмульсиясының қолданылу саласы:

- бүкіл денедегі құрғақ, сезімтал теріні ылғалдандыру үшін – таза теріге

эмульсияның қажетті мөлшерін жағу;

- терінің тітіркенуін, қабынуын басу үшін – зақымдалған жерге жұқа қабатпен жағу;

- теріні күйіктен, үсіктен кейін қалпына келтіру (жазу) – зақымдалған жерге жұқа қабатпен жағу;

 

13

- көктамырлардың варикоздық кеңеюі (ВИВАСАН көктамырлар үшін креммен үйлесімде тиімді) – ауырған жерге тұрақты жағу;

- бүкіл дене терісін күту үшін – теріге жуынғаннан немесе ваннадан кейін жағу;

- күн астында болғанға дейін және кейін – дененің бүкіл ашық үстіңгі бетіне

эмульсияны жағу.[4]

 

1.6 «Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады»

 

Әдебиетте көрсетілгендей емді қолдану барысы тамақтан кейін 1 күнде 3 реттен емделу 3-6 апта, 10 күн демалыс. Осы емді қолдану арқылы көптеген ауруларды емдейді. Бактерия; стафилококкалар мен стрептакоккаларға қарсы тұра алады. Кептірілген гүлінен компресс әзірлеуге де болады. Европа елдерінде алғаш рак ауруларына да пайдаланған.

 

  • Қырмызыгүл – бас сақинасына ем.

     

10 г, жұмыршақтан 10 г бір құты суға бір қайнатып, 40минут тұндырады. Үштен бір бөлігін ас алдында ішеді. Күніне 3 рет. Емдеу мерзімі - 15 күн. Бұл бас сақинасы. Сау жүрген адамның ойламаған жерден басы айналып,сынып ауырады. Жұмыс істеу қабілетінен айрылып, жаны қиналады.Ауа райы бұзылса болды басы ауырып, маза кететін жағдайда: аулада, егістіктерде арнайы өсірілген қырмызыны алып. Оның гүлінен 20 грамды 100 г ақараққа 15 күн ашытып, ас алдында 20-30 тамшыдан күніне 3 рет ішуі керек. Мұны ұзақ уақыт үзбей пайдаланса, бас ауруы жоғалып, ұйқы жақсарады, жұмыс қабілеті артады.

 

  • Қырмызыгүл тұнбасы – бауыр мен өт ауруларына ем.

     

    14

    Қырмызыгүл (календула) гүлі бауыр, өт ауруларын емдейді. Тұнба әзірлеу үшін 2 ас қасық қырмызыгүл гүлі, 1 ас қасық сәбіз тұқымы, 400 г ыстықсүт пен 200г қайнаған су қажет. Алдымен қырмызыгүл гүліне қайнаған суды құйып, 2 сағат тұндыра тұру керек. Ал сәбіз тұқымына ыстық сүттен құйып, қараңғы жерге 1 сағаттай қоя тұрады. Сонан соң 1-2 сағаттан кейін әрқайсысын жеке сүзіп алып, тұнбаны бір - біріне қосады. Осы тұнбаны таңғы астан бұрын жарты стаканнан 6 күн ішукерек. Оданкейін3 күнүзілісжасап, тағыбір рет қайталаңыз. Сондай-ақбұлтұнба бауыр (гепатит) мен қуықтың қабынуына (цистит) шипа болады.[5]

     

  • Қырмызыгүлінің темекіні тастау үшін пайдасы.

     

    1 кг жуылған сұлыны ыдысқа салып, үстінен 1 литр су құйып отқа қоясыз. Баяу отта жарты сағат қайнату керек.Судан сұлыны сүзіп алып тастап, әлгі суға 2 ас қасық қырмызыгүл салып 8 сағаттай жылы орап қойыңыз.Қырмызыгүлді сүзіп тастап, күніне 2 стақаннан жылытып ішу керек. Екі апта бойы ішкен соң, темекіден, өзіңіз-ақ бас тартатын боласыз. Дәрілік сусын таусылып қалса, оны қайтадан осындай жолмен даярлап алып қолдануға болады.[6]

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    15

 

1.7 Қырмызыгүлін зерттеу нәтижесі.

Тұқымның өсу динамикасы (10 фазасын) зерттеу және өскіннің әрі қарай дамуын бақылау.Тұқымның биологиясы, яғни тұқымның өскіннің морфологиялық ерекшеліктері зерттелді. Қырмызыгүлінің тұқымын екі жағдайда өсіру көзделді.Тұқымды марганцовканың әлсіз ерітіндісіне салып және суға салынған тұқымын аулаға тұқымдарды топырақтан 2 см тереңдікте ектім. 2 күн өткен соң суға салынған тұқымның ісінуі байқалды, 4 күннен кейін ең алғашқы тамыр қылқиып пайда болды, 2 күнде тұқым асты гипотикль көрініп, 2 күнде тұқым жарнағы қабықтан шықты.Ал марганцовка ерітіндісіндегі тұқым еккеннен кейін 4 – ші күні ісіді, 6 күннен кейін алғашқы тамыр қылқиып пайда болды, 2 күнде тұқым асты гипотикль көрініп, 1 күннен кейін тұқым жарнағы қабықтан шықты. Айырмашылығы: марганцовкадағы тұқым кеш жетілгенмен, марганцовка топырақтағы бактерияларды жойып, өскіннің жақсы жетілуін қамтамасыз етеді.

Өскіннің (тұқым жарнағы пайда болған күннен бастап) даму – өсу динамикасын зерттеу барысында негізінен 10 фаза анықталды.

1.Тұқымның ісінуі

 

 

 

 

15

2.Тұқымда ең алғашқы тамырдың қылтиып пайда болуы;

 

 

  1. Тұқым асты қылтасы-гипокотильдің пайда болуы.

 

 

4.Тұқым жарнағының қабықтан шығуы;

 

16

  1. Тұқым жарнағының бір–бірінен ажырап ашылуы;

 

 

 

  1. Алғашқы нағыз жапырақтың пайда болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7. Сабақтану фазасы – алғашқы жапырақ шыққаннан кейін 20 күннен кейін пайда болады (25-28см).

 

 

 

 

17

8. Түйнектену – жаппай гүлденгеннен кейін 15 күн ішінде пайда болды (40-45см).

 

 

 

 

9. Гүлдеу– алғашқы жапырақ шыққаннан кейін 48 күнде пайда болды(биіктігі 50 см).

 

 

18

10. Пісу жаппай гүлденгеннен кейін 25 күннің ішінде пісіп жетілді.

 

 

 

Осы даму фазаларына салыстырмалы түрде сипаттама берілді (суретте көрсетілгендей). Тұқымның ісінуінен бастап, пісіп-жетілуіне дейін бақылау (өлшеу-см. сызғыш) жүргізіліп отырды. Зерттеу барысы далалы аймаққа көшеттерді отырғызу мерзімінен басталды. Ол кезде оның биіктігі, жапырағының көлемі, гүлі және гүлдену мерзімі анықталды. Далалық зерттеу жұмысын мектеп маңында және үй маңындағы бау-бақшада өсіріліп бақылау жүргізілді. Мәдени жағдайдағы Дәрілік Календула (тырнақгүл) өсімдігінің фенологиялық фазаларының басталуы, жаппай жүруі, аяқталуы және даму фазаларының ұзақтығы бақыланды.

Қырмызыгүлінің дәрілік өсімдік ретінде жапырағының да, гүлінің де емі бар.

Алматы облысы, Іле ауданы Өтеген батыр кенті

Дәрілік өсімдіктің егілуін және күтіп баптау керегін білсе, күздің күні жапырағын гүлін жинап кептіріп, емге қолданылуын білсе бірден – бір таптырмайтын олжа. Себебі, қазіргі заманда адам өзіне қажетті жағдайдың бәрін білуге тиіс, сондықтан дәрілік өсімдіктің тек қана қолданылуын білу және оны қайнатып емге пайдалана беруге болады. Әрине, дәрілік өсімдіктің барлығын қалай болса, солай қолдануға болмайды, оның құрамындағы элемент немесе әр түрлі заттардың болуына байланысты.

19

Дәрілік өсімдіктің қай ауруға ем екенін және құрамындағы элемент заттарын біле отырып қолдануға болады.

Қырмызы гүл кремі өсімдіктің барлық емдік қасиеттерін өзінде сақтайды. Кремнің белсенді косметикалық құрамы қырмызы гүл сіріндісі, тәтті бадам майы, ара балауызы, Е витамині, аллантоин, бисоболол, жұмсартқыш және ылғалдатқыш қоспалар болып табылады.

Емдік қасиеттері каротиноидтердің, фитонцидтердің, эфир майының,салицил және алма қышқылының, камедиденнің, белок заттарының, тритерпендік сапониндердің, сілемей мен С витаминдерінің болуынан туындайтын қырмызы гүл сіріндісі тері жасушаларындағы заттардың алмасуын көтермелейді,бос радикалдардың пайда болуына кедергі келтіреді, жасушаларды уақытша бұзылудан қорғайды, бактерицидтік, тазартқыштық және жара жазғыштық әсер етеді.

     Қырмызыгүлінен жасалған емдік дәрі – дәрмектер жарақаттанған жерді, теріні ылғалдандыру үшін, күйіктен, үсіктен кейін теріні қалпына келтіру үшін, сырқаттық етеккір – етеккірге дейін 2-3 күн бұрын іштің төменгі жағын сүрту,ас қорыту бұзылған кезде, операциядан кейінгі тігістер (келлоидтық кесіктердің пайда болуына қарсы) тігістерге,көктамырлардың варикоздық кеңеюіне ұдайы қолдану керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру