Тіркелу Сайтқа кіру

Тілім менің тұғырым

                                                                ШЫҒАРМА
                                                     ТІЛІМ МЕНІҢ ТҰҒЫРЫМ
    Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөз жай ғана айтылмаған, біздің міндетіміз өзіміздің тілді, яғни мемлекеттік тілімізді құрметтеп, оны жетік меңгеруіміз қажет. Мен қазақ тілін мақтан тұтам. Мен көптеген тілдерді білемін. Бірақ, тілді құрметтеймін, бағалаймын, бастысы қазақ тілімен мақтанамын. Қазақ еліміз тәуелсіздік алып, қазақ тілін ары қарай дамытып келе жатырмыз. Бұл өмірде қандай ел болсын, қандай тіл болсын, біз тату болуымыз керек. Біз қазақ, орыс, өзбек, татар, қырғыз деп бөлінбейік, бірлік болсын. Ең бастысы әркім өз тілін құрметтеп, аялап, қастерлейтін болсын. Қазақ тілі өте бай, әрі әлемге танылған деп есептеймін. Мен әлемдегі ең бай, ең қасиетті тілдердің бірі – қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз – бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Біз қазақ тілі арқылы байып келе жатырмыз. Мысалға қазақ тілі арқылы өлеңдер, жыр шумақтар, әңгімелер, аңыздар оқимыз. Көп елдер қазақ тіліне қызығады және қазақ тілін үйренуге тырысады. Міне осылайша, біз өзге елдермен тату болып, дос боламыз.

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру