Тіркелу Сайтқа кіру

Мамандық таңдауда қателесуге болмайды!

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы
№78 орта білім беретін мектебі
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Кургашева Зинегуль Азильхановна

 

Тренинг-сабақтың мақсаты: Мамандық таңдауда қателесуге болмайды!

  •                                                                                                                                  

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Күтілетін нәтиже: тренинг соңында оқушылар мамандық таңдау кезінде нақты шешім қабылдауы. Өзіне лайықты, ұнайтын мамандық таңдап, сол мамандықтың қыр - сырын ұғынуы, ең бастысы қателеспеудің жолын таңдау керек.
Көрнекілігі: инербелсенді тақта, батман, маркер, жекелеген карточкалар.
Жоспары:

1. «Мен таңдаған мамандық» .
2.  «Мамандармен  кеңес»
3.  «Мамандықты тап» ойыны. 
4.  «Белсенді волонтер» 
5.   Қорытынды.
Барысы:
 Кіріспе сөз:

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз
Әл - Фараби


Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Өкінішке орай, біз, балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата - анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Ақпараттың көптігі де, өзін - өзі танудың әліппесі де, оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен кейде қателесетін жағдайлар жиі кездеседі. Жалпы айтқанда, бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін - өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы және оған бейімделу мәселесі туындауда. Яғни, мамандық таңдауда оқушыға өз ақыл - ойымен, дұрыс шешім қабылдау үшін психолог маманның да көмегі керек. Сондықтан бүгін «Мамандық таңдауда қателесуге боламайды» атты тақырыпта тренинг - сабағын ұйымдастырып отырмыз.


 1.  «Мен таңдаған  мамандық» бөлімі. Оқушылар өздерінің таңдаған мамандығы туралы айтады.

 Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе бар: бірі – өмірлік жолдасы жары болса, екіншісі – мамандық. Мен өз мамандығымды және түсетін жоғары оқу орнымды 8-сыныпта таңдадым. Қазақстан–Британ Техникалық Университетіне түсуге үмітімді оятқан: Қазақстанда ең алғаш өткен ұлттық бірыңғай тестілеуде мүмкін 120 ұпайдың барлығын жинаған Нұржан атты бала еді. Ол Қазақстан–Британ Техникалық Университетті таңдады. Сол кезден бастап менің балаң көңілім ҚБТУ-ға ауды, Қазақстандағы ең білгіш бала таңдаған университет менің де университетім атану керек деген мақсат жадымда жаңғырды. Қазір сол бала арманым бастап келген университетте, жүрегіммен және ата-анаммен кеңесіп таңдаған сүйікті мамандығым органикалық заттардың химиялық технологиясы факультетінде оқып жатырмын.

2.«Мамандарданкеңес»

              Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі "осы заманғы білім беру, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту",-деп көрсеткен. Қазақстан Республикасының болашағы, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы беделінің өсуі, ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық жауапкершілікке ие мамандарға байланысты.

 


3.«Мамандықты тап» ойыны.

       Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
Дәрігер
Фабрика басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Сварщик

 

 Биылғы жылы 30- қараша күні елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ атты  жолдауын  жолдады.

Қазақстанның жас азаматтары!

 Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар.   Шеберліктің шыңына жете білсеңдер  мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады.  Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда.

Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да, міндетті түрде кәделеріңе жарайды.

Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын.


4. «Белсенді волонтер» . Қатысушылар тренингке келген қонақтарға өздеріне берілген тапсырма  бойынша аты аталған университетке шақырып , жарнама жасайды..

Француз тілінен  алғанда ерікті қызметкер.


5.Қорытынды:

                   Қатысушылар екі топ болып таңдаған мамандықтарын байланыстырып плакатқа сурет салады.Салған суреттерін қорғайды.

Көрермендерге сұрақтар:Сіздің ең алғаш еңбек    күніңіз есіңізде ме?Өз тәжірибеңіздегі  кездескен қиын жағдай туралы айтып беріңіз.

 
               Ж. Аймауытов айтқандай: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе».
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық  - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоя отырып, жауап таба білу керек. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
Осымен бүгінгі тренинг - сабағымыз өз шегіне жетті, қатысқандарыңызға, тыңдағандарыңызға, рахмет!

 

 

 

Қатысушылар :   9,11- класс оқушылары

Ұйымдастырушылар:  З.Қорғашова. А.Шыраева.

                 

                 2015-2016 оқужылы

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру