Тіркелу Сайтқа кіру

Лексикалық дағдыларды қалыптастырудағы ақпараттық- коммуникативтік технологиясының рөлі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 орта білім беретін мектебі
ағылшын тілі пәні мұғалімі

Әкімбай Әсима Жаңбырбайқызы

 

 

Баяндама тақырыбы:

Лексикалық дағдыларды қалыптастырудағы ақпараттық- коммуникативтік технологиясының рөлі

 

 

Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан-жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды. Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?

Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологиларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңды айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.

Қоғамың бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу. Білім беруді компьютерлендірудің қажеттілігі біріншіден, оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған дара тұлғаны тәрбиелеу, екіншіден, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралыретінде пайдалану. Мысалы, ағылшын тілі сабағында 7-11 сыныптар үшін арнайы электронды әдістемелік құралдың құрылымы мынадай: оқушы мектеп бағдарламасындағы «Саясат», «Білім», «Денсаулық», «Қоршаған орта», «Жастар және уақыт» деген негізгі тараулармен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар. Әрбір тараудан оқушы мынадай мәліметтерді жеңіл және шұғыл түрде таба алады:

  •         Тақырыпқа байланысты мәтіндер;
  •         Тақырыпқа қатысты суреттер мен сызбалар және компьютерлік анимация элементтері;
  •         Сөздік қорды толықтыруға жаттығулар;
  •         Грамматикалық тесттер.

Бұл оқулықтармен оқушылар белсенді жеке жұмыс атқарады. Мұғалім олардың өздік жұмысына бағыт беріп, оны бақылаушы, технологиялық аппаратты басқарушы болады да, оқушы белсенділігі артады. Уақытты пайдалану да тиімді.

Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктердің ұстанымды жаңа тәсілдерін пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

Компьютерлік бағдарламаның көмегімен лексиканы меңгертудегі сөйлеу жұмыстары: көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекешілігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі біл тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлеуге үйрету – оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады:

І кезең: диалогпен танысу;

ІІ кезең: диалогті жаттау;

ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әрекетін қойылым іс-әрекетімен ұштастыру.

Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:

1) Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.

2) Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшеленеді.

3) Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.

4) Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.

5) Компьтердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.

Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Сонымен қатар оқушылар интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігін артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмыстарды ұсынуға болады.  

Шетел тілінің лексикасын оқытуда компьютерлің технологияның көмегі шексіз. Бұл сұраққа байланысты көптеген ойлар айтылуда: мамандар бұл технологияның көптеген тиімді жақтарымен қоса тиімсіз жақтарын айтады. Бұл алдымен сапалы бағдарламаның жоқтығы мен тікелей компьютермен айызша диалог құра алмайтындығында. Бірақ оған қарамастан, әр түрлі пәндерді оқытуда бұл технология түрі кеңінен қолданылады. Практикалық жұмысқа сүйенсек, компьютерлік технологияның біршама пайдалы жақтары да бар. Оның ішінде жоғарғы таным белсенділігі мен қызығушылығын тудыратын жеке тұлғаға бағытталған оқыту мен студенттердің өзіндік жұмысын жатқызуға болады.

Шетел тілін оқытуда компьютерлік технологияның көмегімен мынадай іскерліктерді дамытуға болады:

1) Шетел мәтіндерін оқу кезінде оқу дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыру;

2) Тыңдап түсіну дағдыларын дамыту;

3) Монологті және диалогті сөйлеу әрекетін дамыту;

4) Түрлі шығарма, мазмұн айту, рефераттар арқылы жазу дағдыларын қалыптастыру;

5) Қазіргі заманғы шетел тілі лексикасы көмегімен сөздік қорларын кеңейту;

6) Интернет, электронды пошта арқылы оқушылардың шетел тіліне деген қызығушылығын қалыптастыру;

Шетел тілі сабақтарында дисклерге жазылған немесе тікелей Интернет желісінде қолдануға болатын оқу бағдарламаларын пайдалануға болады, яғни мына мақсаттарға жетуді көздейді:

а) лексикалық материалдарды түсіндіру;

ә) қазіргі заманғы шетел тіліндегі лексикалық бірліктерді оқыту арқылы сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін дамыту;

б) оқытылып жатқан шетел тілінің елімен таныстыру;

в) лексикалық бірліктерді меңгеру деңгейін тексеру.

Жаңа лексикалық тақырып өткенде көптеген компьютерлік бағдарламалар қолдануға болады, яғни “Triple play plus in English”, “English on holidays”, “English Gold” және т.б. бағдарламалар. Бұл компьютерлік бағдарламаны қолдану оқу материалын көруге мүмкіндік береді, оны бекітуге және білімді тексеруге болады. Компьютерлік бағдарламаның көмегімен жасалатын жұмыстың сатылары келесідей: демонстрация – жаңа сабақты бекіту – тексеру. “English on holidays”компьютерлік бағдарламасымен осы сатыларды байқап көрейік:

І сатыда – “Weather” тақырыбындағы лексика. Компьютердің көмегімен экранда ауа-райына байланысты суреттер көрсетіледі: қар – snow, жаңбыр – shower, найзағай – thunderstorm, бұлтты – humidity, салқын – cold, тұманды – cloudy, бұршақ – hail және т.б. Содан соң келесі кезекте фразалар:

What a beautiful day! – Күн қандай тамаша!

What awful weather! – Қандай жаман ауа-райы!

Is it usually as hot as this? – Мына жерде әрқашан осылай ыстық па?

What’s the forecast for tomorrow? – Ертеңге ауа-райы болжамы қандай?

It’s windy! – Қатты жел соғып тұр!

It’s raining! – Жаңбыр жауып тұр!

Оқушылар суреттерді қарап,мұқият тыңдайды.

ІІ сатыда дыбысталу жұмыстары мен лексиканы бекіту жұмыстары жүргізіледі. І сатыда суретін қарап, тыңдаған фразалардың біреуін мұғалім тышқан көмегімен басады және оқушылар хормен сол әрбір фразаны диктордан кейін қайталайды. Бұл жұмыстың уақыты шамамен 5-10 минут.

ІІІ сатыда меңгерген лексиканы тексеру жүргізіледі. Оқушылар компьютерде тапсырмаларды таңдайды. Сынақ соңында экранда қорытынды процент түрінде шығады. Меңгерген лексиканы тексеру мынадай тапсырмалардан тұруы мүмкін:

1) Сөздің дұрыс аудармасын көрсетіңіз:

Қар – tennis, shower, snow, umbrella, thunderstorm, boxing, basketball.

2) Жазыған сөздердің қайсысы мағынасы жағынан артық:

Winter, February, cool, December, November, January.

3) “Warm” сөзіне сәйкес келетін фразаны тап:

What awful weather! It’s windy! Is it usually as hot as this? It’s too dark. It’s raining.

4) “What is the forecast for tomorrow?” сұраулы сөйлеміне сәйкес келмейтін фразаны тап:

What awful weather! It’s windy! It’s raining. I can’t sleep. Is it usually as hot as this? What a beautiful day!

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру